О?ушы жетістігін ба?алауда критериалды ба?алауды? ма?ызы


Сабақ тақырыбы: Оқушы жетістігін бағалауда критериалды бағалаудың маңызы.
Мақсат: Мұғалімдерге критериалды бағалаудың маңыздылығын ұғындыру,крите- риалды бағалауды тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Оқу нәтижесі: Коучинг барысында мұғалімдер бағалау түрлерін, критериалды бағалауды , дескрипторды үйренеді; жаңа әдісті тәжірибелерінде пайдалануға қадам жасайды..
Түйінді идеялар: Критерийлер мен дескрипторларды құрастыра отырып,оқушы жетістігін критериалды бағалау арқылы бағалау дағдылары қалыптасады.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интербелсенді тақта, бейнежазба,
флипчарт, стикер, маркер, бағалау парақтары, А4 парақтары
Оқыту әдістері: «Оқыту және оқуды бағалау»,диалог
Дереккөздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Тапсырмалар: Таныстырылым мен бейнежазбаны көрсетіп жағдаяттық диалог құрастыру, тиімді сұрақ қою арқылы критериалды бағалауды меңгерту.
Сабақ барысындағы коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) "Тығырықтан шығу" ойыны. Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Жаттықтырушы бір-бірінің қолдарынан ұстап тұруын сұрайды.
Шарт: Қандай жағдай болмасын бір-бірінің қолдарын босатпауы қажет. Әбден жазылғанда тығырықтан да шығады. Бір мезгілде барлығы қолдарын бірге көтеріп, арада пайда болған аралықтардан өтіп, әбден бір жерге арасынан адам өте алмайтындай болып шатасып жиналады, тығырыққа тіреледі. Кейін осы шатасудан қолдарын жібермей жазылулары қажет.
Сұрақ: Шатасу кезінде кім не сезінді?
(2 мин) Топқа бөлінуді ұйымдастыру:
Түрлі-түсті маркерлер арқылы топқа бөледі.
Маркерлерді таңдау бойынша
3 топқа бөлініп, орындарына жайғасады.
II. «Ой қозғау»
(15 мин)
1.Бейнежазба : «Тағы да екілік».
2.Дәстүрлі бағалауда оқушының алған бағасының себебін қалай түсіндірер едіңіз?
1-топқа :
1.Мүлдем сабаққа қатыспайтын оқымайтын баланы бағалау.
2. «5» ке оқитын баланы бағалау.
2-топқа:
1. Аса дарынды баланы бағалау.
2. «4» пен «5» тің арасындағы оқушыны бағалау.
3-топқа:
1.Мұғалімнің өзін-өзі бағалау.
2.Қазіргі білім беру жүйесінде қандай бағалау тиімді?
Бейнежазбаны тамашалайды.
Бағаның ата-ана үшін де,оқу- шы үшін де маңыздылығын түсінеді.
«Ақылдың 6 қалпағы арқылы берілген сұрақтарға жауап береді
Тақырыпты ашу мақсатында
1-тапсырма
(10 мин) Топ мүшелеріне арнайы тапсырма беріледі.
1-топқа "Киіз үй"
2-топқа "Піл"
3-топқа "Көбелек"
суреттерін флипчартқа салу тапсырылады.
Салған суреттерін сағат тілі бағыты бойынша бағалату.
Топ мүшелері тапсырманы біріге орындайды.
Уақыт шегіне келгенде барлық топ тапсырманы аяқтайды.
Әр топ сағат тілі бағыты бойынша қалған топтың жұ- мыстарын бағалайды.
.
ІІІ. Теориялық материалмен таныстыру
(10 мин) 1.Power Point презентациясын ұсынады.
«Оқыту үшін және оқуды бағалау», Критериалды бағалау.
Таныстырылымды мұқият тыңдайды. Бағалау туралы нақты түсінік алады,оны қолдану жолдарын үйренеді.

IV. Сергіту сәті
(2 мин)
Әуен ырғағымен дене мүшелері арқылы «Сандар жазу» ойыны Дене мүшелері арқылы 1-7 ге дейінгі жазады.
V.Критерий арқылы бағалау
(3 мин) Топтарға бағалау критерийлері және дескрипторлары жазылған парақшаны ұсыну. Сағат тілі бағыты бойынша әр топ қалған топтардың жұмыс- тарын қайта бағалайды
VІI. Рефлексия
2 жұлдыз,1 тілек
(5 мин) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін рефлексия ұйымдастырады. Сабақтан алған 2 жақсы әсерлері мен 1 ұсынысын стикерге жазып,тақтаға іледі.
Критериалды бағалау
Бағалау критерийі Топтық жұмыс
№ Дескрипторы Ұпайы
Киіз үйдің суретін салады. 1 1. ұқсастығы
2. көлемі
3. биіктігі
4.түстерді пайдалануы
5. бөліктердің бейнеленуі 1
1
1
1
1
Пілдің суретін салады. 2 1. ұқсастығы
2.тұмсығы
3. көзі, мұрны, құлағы
4.аяқтарының түгелдігі
5.мүшелерінің толықтығы 1
1
1
1
1
Көбелек суретін салады 3 1. басы
2. кеудесі
3.денесі
4. қанатының симметриялығы
5. мұрты , көздері, біз тұмсығы, 3 жұп аяғы
1
1
1
1
1
«Жаңаша оқыту- заман талабы»