Сынып жетекшілерге арнал?ан баяндама


Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру жолдарыАдамгершілікке тәрбиелеу құралы
— еңбек пен ата - ана үлгісі.
(Ыбырай Алтынсарин)Балаға берілетін адамгершілік тәрбие дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады? Ол не үшін қажет? – осындай сұрақтар жалпы білім беретін мектептің алдына қойылатын мәселелі сұрақ болып отыр. Мектеп бітіруші әрбір оқушыға мектептік кезеңде сәйкес және жеткілікті түрде адамгершілік білім берілуі керек, яғни бала адамгершілік білімінің бастауларымен үздіксіз әрі жүйелі түрде сусындауы қажет. Онсыз адамның қоғамда өмір сүруі, адамдар арасында өзін лайықты ұстай алуы қиынға түсері сөзсіз.Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.Адамгершілік – адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі – қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным - сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез - құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да көрнекті педагогтар адамгершілік білімін «білім берудің алтын қазығы» деп бекер айтпаған.Адамгершілік - Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды - мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы..Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс - қылықтарынан, мінез - құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым - қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай - ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл – сананың, сезімдердің, мінез - құлық пен өзара қарым - қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық - экономикалық құндылықтары жатады.Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез - құлқы қалыптасады, ар - ұят, өзін - өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.Рухани - адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін - өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез - құлқы мен іс әрекетін анықтайды.Сананың қалыптасуы – ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.«Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал - мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс - әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.Адамгершілік – адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым - қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез - құлқы, іс - әрекеті, қарым - қатынасы, көзқарасымен сипатталады.Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік – ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәстүрлерді, әдет - ғұрыпты жан - жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата - ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата - ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ.Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.Ата - бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар - ұяты бар адамның бет - бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар - ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
«Лайбұлақ орта мектеп-бақша» КММ

Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру жолдары
Н.Ж.Мусалиева
2016-2017 оқу жылы