«ТЖ к?рсетілген ал?аш?ы к?мек к?рсету» та?ырыбы бойынша д??гелек ?стел ба?дарламас


«ТЖ көрсетілген алғашқы көмек көрсету»
АҚ ИТЖ жобалау нормалары өз мақсатымен мынаны жүргізеді:
халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және әдеттегі құралдарды қолдану жағдайында ықтимал залал мен қирауды төмендету;
соғыс уақытында шаруашылық нысандары жұмысының тұрақтылығын көтеру;
♦ зақымдану ошағында, зілзала аумағында және ірі өндірістік авария мен апатты жою кезінде ҚНжЕ жүргізу үшін қажетті жағдай.
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, тұрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда - жаралану, көшеде - сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар.4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Алғашқы көмек көрсету түрлері
Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.
Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).
Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.
Химиялық күйіктер. Химиялық күйіктерде теріде күлдіреу сирек пайда болады. Күйіктің тереңделуіне және жайылуына мүмкіндіктуғызатын киімге сіңген қышқыл және сілті.
Алғашқы жәрдем. Тез арада химикат сіңіп кеткен киімді құрту керек. Теріні ағынды сумен молырақ жуады. Ауыртпайтын дәрілер беріп, азап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.
Иіс – газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады.
Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.Үсітіп алу - дененің қандайда бір бөлігінде суықтың ұзақ әсер етуінен басталады. Суықтың әсері барлық организмнің жалпы суынуына әкеледі. Үсігенде зақымданған тері бөлігі суық болып тұрады, бозарған–көкшіл түсті болады, сезімталдық болмайды.
Жалпы үсігенде зардап шегуші әлсіз, қатынассыз, терісінің беттері бозарған, суық, пульс сирек, дене температурасы 36,5С-ден төмен болады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні жылы бөлмеге кіргізіп, аяқ киімін және қолғабын шешу керек. Үсіген аяқ-қолының бастарын құрғақ матамен уқалап, сосын жылы су құйылған (32-34,5 С) легенге салады. Температураны 10 мин. ішінде 40,5 С жеткізеді. Аяқ–қолының бастарында қан айналып, сезгіштігін қалпына келтіру үшін құрғатып сүртіп, 33% спирт ерітіндісімен уқалап, асептикалық бау немесе таза таңғышпен тану қажет (таза өтектелген шұлық немесе қолғап кигізуге болады).
Жалпы денесі суынғанда зардап шегушіні міндетті түрде жылы орандырып, айналасына грелка жастап, ыстық шай ішкізу керек.
Ыстық өту - сырқатты жағдай, жалпы организмнің қызып кетуінен және сыртқы жылу факторларының әсерінен пайда болады. Жылу соққысы жоғары температуралы және дымқыл бөлмеде болған кезде, қапырық, нашар желдетілетін ғимаратта қарқынды дене жұмысымен шұғылданған кезде болуы мүмкін.
Зардап шегушіде жалпы әлсіреу сезімі, қалжырағандық, бас ауруы, бас айналуы, құлақ шулау, ұйқышылдық, шөлдеу, жүрек айнушылық байқалады. Тексеру кезінде терінің беттері қызарғаны байқалады. Тыныс алу қиындайды және тамыр жиі соғады, қызуы көтеріледі. Ауыр жағдайда азап шегуші есінен айырылады, кейде сіңір тартылады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні тез арада салқын жерге шығару, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету, киімін шешу, суық су беру, басына суық компресс басу керек. Тым ауыр жағдайларда суық сумен суланған ақ жаймаға орандырып, салқын су құю, басына және шап аумақтарына мұз қою көрсетілген; мұсатырлы спиртке малынған мақтаны иіскетуге болады. Тыныс алу және жүрек кызметінің қатты бұзылуында қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау: оны тыныс алу мен жүрек өз бетімен қалпына келгенше немесе дәрігер келгенше жасау керек.
Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Суға кету - тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады.
Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).
Улану. Тағамнан улану көздерінің көптен бір тараған түрі біршама микроптар бар, өте күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус таяқшасы. Улану консервіленген тағам өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк токсиналарынан болады. Бұл бактериялар әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер).
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны бірнеше рет қайталайды. Асқазан тазартылғаннан кейін ыстық шай береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.
Химиялық заттармен улану. Қышқылмен (80% сірке су ерітіндісі, тұзды, карболды, қымыздық қышқылы) және ащы сілтімен (ойып түсетін өткір сода, нашатырлы спирт) жиі улану болады. Қышқыл немесе сілті организмге түскеннен кейін ауызда, жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында қатты ауру пайда болады. Шырышты қабық күйгенде қатты ісік пайда болады, сілекей молырақ бөлінеді, жанға батарлық ауру зардап шегушіні жұтыну мүмкіншілігінен айырады. Тыныс алу кезінде сілекей ауамен бірге тыныс алу жолдарына құйылып, тыныс алуды қиындатып, тұншықтырады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің ауызынан дереу сілекей және шырыштыны алып тастау. Ас қасыққа шағын мәрліні, салфетка немесе орамалды орап, ауыз қуыстарын сүрту. Егер де тұншығу белгісі пайда болса, қолдан дем алдыру қажет. Зардап шегушілерде жиі лоқсу, кейде қан аралас болады. Мұндай жағдайларда өз бетімен асқазанды тазалауға болмайды, себебі ол лоқсуды күшейтіп, қышқыл мен сілтіні тыныс алу жолдарына әкеліп түсіруі мүмкін. Зардап шегушіге ішуге 2-3 стақан мұз салынған су беруге болады. Улы сұйықтықты «бейтараптандыруға» тырысуға болмайды.Басқа химиялық заттармен уланғанда (хлорланған көмірсутегі, анилинді бояуыш және т.б.) дәрігер келгенше зардап шегушіні лоқсытып және тазаландыру қажет, егерде ол есін білсе, асқазанын сумен тазалау керек. Зардап шегуші ессіз қалыпта болса, жастықсыз ішімен жатқызып, басын жанына бұру керек. Тілін жұтқанда, сонымен қатар, ессіз қалыпта сіңірлері тартылып қалғанда, жақтары қарысып, дұрыс тыныс алуға кедергі жасағанда, абайлап басын шалқайтып және төменгі жақты алдыға және жоғары итеріп шығару керек.
Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.
Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.
Естен тану. Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.
Қозу сатысы ештеңеге қызықпаушылық күйге ауысады, маңындағы адамдармен араласпайды, ауыруға реакциясы төмен немесе толық болмайды, парықсыз жағдайға алмасады. Зардап шегуші бозарады, жабысқақ суық тер шығады, дене температурасы төмендейді, тыныс алу және тамырдың соғуы жиілейді, шөл пайда болады, кейде лоқсиды.
Жоғарыда жазылған белгілер байқалған жағдайда тез арада көмек көретуге кірісу қажет:
- жарақаттану факторының әсер етуін тоқтату;
- зардап шегушіні естен танған кейіпте жатқызу;
- қан кетуді тоқтату;
Аяқ-қолдарына қажет болғанда уақытша иммобилизациялау жүргізу;
- тыныс алу жолдарын босату;
- тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалған жағдайда қолдан дем алдыру керек;- ауыруды сездірмейтін дәрілер беру немесе егу қажет (анальгин, пенталгин, седаогин);- жылумен қамтамасыз ету;
- зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауға алуды қамтамасыз ету;
- жылдам госпитальға жатқызу мүмкіндігін туғызу;
Естен танудың бір түрі қызбалықтан (эмоциялық) естен тану болып табылады. Ол кенеттен болатын психиялық зақымдану нәтижесінде дамиды. Зардап шегуші толық парықсыздықты (естен айырылып қалушылық) немесе кенеттен қозушылық білдіруі мүмкін.
Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады.
Анафилактикалық естен тану адамның уға, тағамға, дәріге тез аллергиялық реакция беру салдарынан болады. Мұндай реакция нәтижесінде қан тамырлары бұзылады, тыныс алу жолдары, беті, мойынында ісіну пайда болады, күретамыр қан қысымы тез төмендеп кетеді, тыныс алу қиындай түседі, өмір сүруге маңызды ағзаларды оттегімен қамтамасыз ету төмендейді, тері беттері қызарады және дақтар пайда болады, зардап шегуші мазасызданады, тамыры жиі соғады.
Алғашқы жәрдем. Тыныс алуға ыңғайлы қалыпты қамтамасыз ету, адреналин енгізу, жедел маман көмегін шақырудан тұрады.
Басылып қалу синдромы жаппай апаттан – шахталардың опырыла құлауы, жер сілкінісі т.б. нәтижесінде байқалуы мүмкін. Аяқ-қолдың ауыр зат астында ұзақ басылып қалу салдарынан жиі пайда болады.
Қол немесе аяқ ұстағанда суық, бозғылт, көк реңді, функция болмайды, аяқ-қол бастарында тамыр сирек соғады немесе соқпайды. Егер де аяқ-қол басылудан босатылмаса, онда зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай болуы мүмкін. Басылып қалған кезде өте қатты ауырған жер бірнеше сағаттан кейін әлсірейді. Аяқ-қолды босатқанда (жгут көмегінсіз) жағдай шұғыл нашарлайды, есінен тандырады, еріксіз дефекация болады және несеп жібереді.
Алғашқы жәрдем. Аяқ-қолды босату алдында бастырылған жерден жоғары жгутпен таңу. Бастырылудан босатылғаннан кейін, жгутты шешпей, аяқ-қолды бармақтар негізінен жгутқа дейін таңады және содан кейін ғана ақырындап шешеді.
Ауыртпайтын құралдар енгізеді. Сүйек зақымданғанда таңғыш қалақпен таңу керек, жарақатта - стерильденген таңғыш қолданады.
Буын шығу жарақаты – сүйектердің соңғы буынымен өзара араласып тұрған буын формасының зақымдануы. Сонымен қатар кенеттен ауыруы байқалады, формасы өзгереді және буын функциялары зақымданады.
Алғашқы жәрдем. Иық немесе шынтақ буындары шығып кетсе, қолдың бас жағын жазып қойып, таңғышпен кеудеге немесе қолын орамалға іліп қояды.Созылу және буын аралығының созылуы – дене мүмкіндіктерінен асатын қозғалыстан буындардың зақымдануы. Буын арасының созылуы кезіндегі белгілерге буындардың ауруы, оның функцияларының бұзылуы, ісіну, қан құйылуы жатады.
Алғашқы жәрдем. Зақымдалған буынды қатты басып таңып, үстінен суық басу керек.
Зақымдалған қол-аяқты ампутациялау толық және жартылай болады. Толық ампутацияда аяқ-қол бастарындағы мүше сегменті қалдықпен ешқандай байланыста болмайды.
Толық емес ампутацияда буындардың, жүйкенің, сүйектердің, сіңірлердің бірен-саран жұмсақ тіндері мен тері беттерінде зақымдану болады. Ампутацияланған аяқ-қол бастарын ойдағыдай толық бұрынғы қалпына келтіру үшін зардап шегушіге дұрыс мағыналы жәрдем жасау, ампутацияланған сегментті тасымалдау және сақтау жағдайын орындау қажет.
Алғашқы жәрдем. Қалдығынан қан кетуді таңғышпен басып таңып немесе үрілген манжетпен тоқтатады. Аяқ-қолдың зақымданған жерін биіктетіп ұстау керек. Зардап шегушіні жатқызып, оған ауыртпайтын құралдар береді, қою шай беріп, жарақаттың бетін таза немесе стерильденген салфеткамен жауып қою керек.
Кесіліп қалған мүше бөлігінің басын таза немесе стерильденген матамен орап, полиэтиленді пакетке сыйдырып, қар, мұз, суық су толтырылған сыйымдылыққа салады. Тасымалдауда ампутацияланған пакеттегі аяқ-қол бастарын жоғары көтеріп қою керек, қағазға зақымданған уақыты көрсетіледі.
Жартылай ампутацияда барлық қол-аяқты мұқият иммболизациялайды және жұлынып қалған бөлікті суытады. Зардап шегушіні шұғыл емдеу мекемесіне жеткізу керек.
Қабу. Тістеу. Шағу. Аңдардың тістеуі, қабуы. Адамдарды көбіне асыранды иттер жиі қабады, мысықтар мен жабайы аңдар сирек қабады. Құтырған жануарлардың қабуы үлкен қауіп келтіреді. Егер де зардап шегушіні асыранды сау ит қапса және жарақат үлкен болмаса, онда оны жуып, стерильденген таңғышпен орайды. Қансыраған үлкен жарақатқа стерильді салфеткамен тампон қояды. Егер де құтырма аурумен күдікті бөтен иттер немесе басқа аңдар тістесе, госпиталдау көрсетілген.
Жыланның шағуы. Әсер ету механизмі бойынша барлық жыландардың у түрі 3 топқа бөлінеді.
1. Жүйке жүйесіне әсер ететін, бұлшық еттердің сал болып қалуына әкеп соғатын, тыныс алуға және жүрек қызметіне әсер ететін у (кобра уы, тропикалық теңіз жағалауындағы су жыландары).
2. Қанды ұйытатын, тіндердің құруын және орындарының ісінуін туғызатын улар (порза уы, эфа, щитомордник, кәдімгі улы жылан).
3. Жүйке жүйесіне әсер ететін, қанды ұйытатын, орындарының ісінуін және тіндердің құруын туғызатын улар (ысылдағыш улы жылан, австралиялық аспидтар).Кобра немесе бірінші топтағы басқа жыландар шаққанда ауыру пайда болады, шаққан орны қатып қалады, барлық зақымданған жерлерге тез жайылады, содан кейін басқада дене бөліктеріне жетеді. Бас айналып, талу жағдайы, тіл және бет аумақтарының сіресіп қалуы болады, сөйлеу және жұтыну мүшелерінің бұзылуы пайда болады. Төменнен басталған сал ауруы жоғары көтеріліп тез дамиды (шайқалған жүріс, кейін аяқтан тұра алмау және жүре алмау, соңында толық сал болып қалу), соңында көкірекке жайылады. Тыныс алу алғашқыда қысқа уақытқа жиілейді, содан кейін тым сирек бола бастайды, жүректің соғу ырғағы бұзылады. Ең ауыр жағдай, яғни у қан тамырлары мен лимфа тамырларына түскенде, онда толық сал болып қалады және шаққаннан кейін 10-20 мин. ішінде адам өледі.
Улы сұр жыландардың немесе щитомордниктер түрлері шаққанда орнында жыланның улы тістері қалып, терең түйрелген жарақат анық көрінеді, алғашқы минутта қызару тез жайылады, содан кейін ісінеді және қан құйылады. Бірте-бірте дененің шағылған бөлігі ісіне бастайды, тері қып-қызыл–көк түске боялып, қанталайды. Тері күлдірейді, ал шаққан орнында ойық жарақат қалады. Ішкі ағзаларға қан құйылуы, кейде мұрыннан, ішек-қарын және бүйректен қан кетуі болады. Қозу шұғыл әлсіреумен, бозару, бас айналу, тамыр соғуының жиілеуі, жүрек айнушылық және құсумен алмасады. Есеңгіреуі мүмкін.
Алғашқы жәрдем. Тез арада қарқынмен жарақаттағы уды ауызбен сорып алу керек. Уды зардап шегушінің өзі және басқа да тұлғалар сорып алуына болады. 10-15 мин. сорып, түкіріп тастап отыру қажет. Жаракаттың шеттері мұндай да қозғалмай қалғаны өте маңызды. Басынан бастап тыныштықты және жату орнын қамтамасыз ету керек. Шаққан жерді күйдіруге, кез-келген препаратты егуге, кесуге болмайды. Жарақаттанған жердің шетін жгутпен таңуға болмайды. Тек кобра шаққанда ғана интоксикация жайылуын ақырындату үшін, шаққан жерден жоғарырақ жгутпен таңуға болады. Көп мөлшерде сұйық ішу көрсетілген.
Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның шағуы. Көбіне ара немесе сона шаққанда адамға қауіп төндіреді, әсіресе осы жәндіктерге деген сезгіштік қасиеті жоғары жағдайда болғанда. Сонымен қатар, сол жердің тіні ісініп қана қоймай, дененің едәуір ыстығы көтеріледі, кенеттен бастың ауыруы, сіңір тартылуы пайда болады. Алғашқы жәрдем ретінде шаққан жерге суық компресс басады, 1 стақан қою тәтті шәй беріледі, 1г ацетилсалицил қышқылын, 0,03г димедрол беріп, жедел дәрігер шақырып немесе зардап шегушіні госпитальдау
 
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ.
Жалпы жүйеліктегі алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде зардап шегушіні қарау маңызды бөлімге жатады. Оның әрқашан бірінші басын тексеру керек, содан кейін қолмен ұстап қарайды. Ол бас сүйегінің жұмсарғанын немесе жарылғанын, қанталаудың болуын айқындауға мүмкіндік береді. Бет жүзін тексергенде оның түсіне көңіл аудару керек. Бозғылт, терлеген, беті суық, көзі жұмылған және аузы ашық болса, естен тану жағдайында екенін дәлелдейді. Беті ысып, қызарып тұрса қызбалықты білдіреді. Мұрыннан қан кету бас сүйегінің, мұрын сүйектері немесе мұрынның қан тамырлары зақымдану салдарынан болуы мүмкін. Егер де мұрын сынған болса, оны байқау оңай. Көзді қарап тексеру басқа денелерді, жараны анықтау, көз қарашықтарының ұлғаю жағдайын, олардың жарыққа реакциясын анықтау үшін жасалады. Көзбен қатар бас сүйегінің жарақат қауіптілігін дәлелдейтін, құлақтың жарғағы қаралады, есту және құлақтан шығатын сұйықтық тексеріледі. Ауыз қуыстарын тексергенде ауыздың зақымдануына, ерін түсіне, тістердің бүтіндігіне және жақ сүйектеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бозарған ерін жүректің кемшіліктерін, ал көгерген ерін оттегі жетіспеушілігін көрсетеді. Ауыздан шыққан сұйықтық қан түсті болса, ішкі ағзалардың, тыныс алу және ас қорыту жолдарының бұзылуын білдіреді. Мойынды жағаны шешкеннен кейін қарайды, сонымен бірге мойын омыртқа бөлігінің бүтіндігін, оның функцияларын тексереді, мойнынан зорлықпен өлтіру ізін іздейді.
Зардап шегушінің арқасын тексеру үшін ішіне немесе қырынан жатқызу керек, егер де мұндай мүмкіншілік болса, арқасына қол сұғып ұстап қарайды. Бұл жұмыс процесінде сүйектердің, жұмсақ тіндердің зақымдалған орындары, аурудың шоғырланған жерлері анықталады. Арқаны тексеру кезінде омыртқаның күйіне ерекше көңіл бөлу керек. Кеуденің алдыңғы бөлігін қарағанда бұғананың бүтіндігін олардың ортаңғы бөлігін басу арқылы тексереді, содан кейін зардап шегушінің терең дем алуын сұрайды; егер де қабырға және кеуде клеткалары зақымдалмаса, онда тыныс алу түзу, ауырмайтын, бір қалыпты болады. Кеуденің үстіңгі жағын тексеріп болғаннан кейін ішті және жамбас сүйегіне тексеріс жүргізіледі. Қол-аяқты көзбен шолып тексеруде зақымданған жері болса қолмен тексеру біруақытта жүргізіледі.Сонымен қатар қол-аяқтың қозғалыс функциясын, олардың бүтіндігін, сезімталдығын, деформацияның бар жоғын, жара болған жерді, қансырауын тексереді. Тексеру зардап шегушінің жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді, едәуір зақымданған аумақтарды айқындайды, алғашқы жәрдем көрсету жолдарын белгілейді.
Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде маңызды элементтер адамның тірі болуы мен өлуінің негізгі белгілерін құтқарушылардың білуі болып табылады.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ.
Зардап шегушілерге ойдағыдай алғашқы медициналық жәрдем көрсету жағдайын жасау үшін құтқарушыда міндетті түрде қажетті құралдар, дәрі-дәрмектер, таңу материалы, арнайы құралдар болу қажет.
АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ АПТЕЧКАСЫ
Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге қажет құралдар және дәрі-дәрмектер жиынтығы алғашқы жәрдем аптечкасы деп аталады. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек апараттары және басқада құралдар жиынтығын нақты жағдайларға есептелген және тәжірибеден өткізілгенінен таңдап алу қажет.
Алғашқы жәрдем аптечкасында міндетті түрде ауруды басатын, ыстық түсіретін, қабынуға қарсы, тынышталдыратын, антисептикалық құралдар, сонымен қатар таңғыш шүберектер, бинттер, мақта, бактерецидті лейкопластырь, қан тоқтататын жгут болу керек.
Аптечкада қайшы, пинцет, ине, шприц, күре тамыр қысымын өлшейтін құрал, термометр болса артық болмайды.
Зақымданғанда, жарақаттанғанда, терісі сыдырылған жараларда, кесіп алғанда қан тоқтату үшін жгут (шалбар бауы, тығыз белдік), жеке таңатын пакет, стерилденген жара танғыш, салфеткалар, (таза шүберек, гүлді болмау керек), бактерецидті пластрь, 5 % йод ерітіндісі, 1% бриллиантты жасыл дәрі, марганецті қышқыл калий, сутегі тотығы, медициналық спирт, БФ-6 желімі керек.
Сынықтарда таңғыш қалақ, корсет, қолдан жасалған құралдар (қатты картоп, фанера, тақтай, таяқ, оралған журнал және т.б.) қажет.
Алғашқы жәрдем аптечкасын міндетті түрде үнемі жаңа дәрілермен толтырып отыру қажет. Оларды қолданар алдында сақтау мерзімін, герметикалық орауышын, қолдану нұсқаулығының болуын тексеру керек.

«Отбасым менің жанұям»
Мақсаты: Отбасындағы әлеуметтік рөлдерді орындау қабілетін, отбасы құндылықтарын қалыптастыру.
Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Отбасы құрылымы

Американдық отбасы
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасының тәрбиелік қызметі[өңдеу]
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі[өңдеу]
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоциональдық қызметі
Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметі
Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.
Сексуалды-эротикалық қызметі
Сексуалды-эротикалық қызметі – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.
Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіруі).[1]Отбасы құндылықтары
Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі , отбасылық құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар
Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі отбасылық құндылықтар
Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.
Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтар
Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады. 

«Егер жүрегің ауырса»
Жүрегіңіз ауырса
Жүрегіңіз соғып немесе ауа жетпеген жағдайда мынадаай дәру қолдануға болады. Бір петрушка, бес бас сарымсақты ет тартқыштан 2-3 рет өткізіп, 100 грамм сары майға қосып, 5 минут отқа қойып араластыру қажет. Сосын қара нанға жағып таңертеңгі және кешкі тамақтан 15 минут бұрын жеу керек.
Сондай-ақ мына диетаны 4-5 апта ұстаса жақсы болады. Күнде күн 200 грамм қуырылған немесе бұқтырылған балық жеу керек (консервіленген балық жеуге болмайды). Күніне 500 грамм алманы үккіштен өткізіп жеу керек. Аптасына екі рет суға пісірілген ет және 2 күн суға пісірілген картоп жеу керек. Сонымен қатар ертеңгісін 1 сағат, кешкісін 1 сағат серуендеу керек. Таза ауада серуендегенде мұрынмен дем алып ауыздан шығару керек.
Жүрек ауырғанда саусақтарды массаждау
Егер кенеттен жүрегіңіз ауырса кішкентай ғана сарымсақтың бір бөлігін шайнамай жұтып жіберіңіз. Ал жүрегіңіз жұмыс уақытында, көлік ішінде, далада ауыра қалса, қорықпай, отырған орныңызда бас бармақтан бастап барлық саусақтарыңыздың басын қатты уқалап шығыңыз. Содан кейін қолыңыздың саусақтарын басбармақтарынан басқасын жұмып, басбармақты ауырғанша 20-30 тістеңіз. Сол уақытта жүректегі ауру кетеді. Дәл осы әдісті бірнеше рет қайталаңыз.
Өмірдің кез келген жағдайында болатын ауруларды тоқтатуға кеңес
Бал – денсаулықтың жақсаруына көмек береді. Таңеретең әркез 1 қасық бал ішіп жүрген жақсы. Бұл қандағы басты микроэлементтердің, витаминдердің тиімділігін организмдегі зат алмасуларын жақсартады.
Аяқ іссе, шаршаса 2 стақан қайнаған ыстық суға үккіштен өткізілген 1 ас қасық хреннің тамрын бір сағат тұндырып, содан соң тұнбаны аяғыңызға жағыңыз. Өт қабынғандағы тастыы кетіру үшін 1 ас қасық мята жапырағы мен 1 ас қасық чистотелды тең етіп алып, 1 стақан өте ыстық суға салып 1 сағат тұндырады. Тұнбаны таңертең және кешке бір ас қасықтан тамақ алдында ішу керек.

«Деңсаулығым болсын десең» қыз балаларға арналған лекция
мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Қозғалыс адам өмірі үшін аса қажет. Дене жаттығулары - организмдегі жасқа байланысты өзгерістердің алдын алатын және ұзақ өмір сүруге көмектесетін маңызды амалдардың бірі. Ежелгі гректер: «Егер сұлу болам десең - жүгір, денсаулығым мықты болсын десең - жүгір» дейтін.
XIX ғасырдың орта шенінде Жерде өндірілетін және қолданылатын бүкіл қуаттың 96 пайызы адамның және үй жануарларының бұлшық ет күші болатын. Бүгінгі күні қуаттың 1 пайызы ғана бұлшық ет күшінен өндіріледі. Өмірдің барлық саласын дерлік автоматтандыру адамды қозғалыс белсенділігінен айырып, одан зор жүйке-психологиялық күшті талап етіп отыр. Біздің ғасырымызда ақыл-ой еңбегі дене еңбегін мүлде ысырып тастады деуге болады. Алайда ой еңбегі де адамнан физикалық дайындықты талап етеді.
Гиподинамия, яғни дене белсенділігінің шектелуі қозғалыссыз өмір салтынан туындайды. Бұның себептері белгілі: балаларда мектеп бағдарламасы кеңейтіліп, ойын мен спорттық жаттығуларға бөлінетін уақыт азайса, ересектерде – өндірістің автоматтандырылуы, көлікпен жүру, компьютер мен теледидар алдында тапжылмастан бірнеше сағат отыру және т.б.
Барынша аз қозғалып, жайлы өмір сүрсем дейтін адамдар өздерін артық қимылдан қорғай отырып, денсаулығымызды сақтаймыз деп ойлайды. Шындығына келгенде, бәрі керісінше. Тыныш өмір селқостық пен әлсіздікке, жалқаулыққа алып келеді, ал қозғалыссыз өмір кәрілікті жақындата түседі.
Енжарлық нәтижесінде адам организмі – орталық жүйке жүйесі, қан айналымы, тірек-қозғалыс аппараты, ішкі секреция бездері - өзгерістерге ұшырайды. Белсенді қызмет етіп тұрған жасушалар майлы және дәнекер тіндермен алмастырылады. Бұл жүрек бұлшық етінің әлсіреуіне алып келеді, жоғары қан қысымына және атеросклерозға бейімділік пайда болады. Енжар, қимылсыз өмір салтын ұстанатын адамдардың қанындағы эритроциттер мөлшері кемиді, сүйектері сынғыш келеді, бұлшық ет тіні семеді, май тіні көбейеді, оттегін тиімді қорыту қабілеті жоғалады, иммундық жүйе жаншылады. Дене белсенділігін төмендету, әсіресе, балалар мен 40 жастан асқан адамдар үшін қауіпті.Балаларда гиподинамия организмнің қалыптасуын кешеуілдетеді, олардың жұқпалы ауруларға қарсы тұру күші кемиді, дене сымбаты, көру және есту қабілеті бұзылады. Жастарда жемісті қызметке қабілетсіздік дамиды. Ал қырықтан асқан кісілер ерте қартайып, бел қуаты кемиді, есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Дене жаттығуларының артықшылықтары:
Сымбатты түзейді;2.  Жүрек пен өкпе жұмысын жақсартады;3.  Дене күші артады;4.  Дене төзімділігі артады;5.  Буындардың иілгіштігі, буындардың, байламдардың ең жоғары амплитудада қозғалысты қамтамасыз ету қабілеті артады;6.  Бұлшық ет тонусы артады, бұл дегеніңіз дене жаттығуын жасайтын адам денесін тік, дұрыс ұстайды деген сөз;7.  Иммундық жүйе нығайып, қан айналымы жақсарады, қандағы холестерин мөлшері азаяды;8.  Іш қату, жамбас қуысындағы көтеуге алып келетін қан айналымының бұзылыстары жойылады;9.  Жағымды көңіл-күй пайда болады;
«Жұқпалы ауруларының алдын алу шаралары»
мақсаты: жұқпалы аурулар туралы жалпы мәлімет беріп, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.
Тәрбиелік мақсаты: тазалық гигиеналық талаптарды жетік білуге және оны сақтауға үйре
ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ қызметкерлері үшін  «Сау жұмыс орындары» БДҰ жобасы аясында «Жұқпалы аурулардың алдын алудың шаралары» тақырыбына семинар өтті. Ақпаратты Қалалық жұқпалы аурулардың дәрігер-инфекционисі – Ким Стелла Дмитриевна ұсынды.
Ағзаға түскен жұқпалы бактерияларды, барлық ауруларды бірегей атауға немесе бірегей медицина саласының- инфекциологиясына жатқызуға болады. Медицина ғылымының бұл саласында ерте заманда «әлемдік аурулар» деп айтылғандай жұқпалы аруларға зерттеу және оларды оқып білу жүргізіледі. Жұқпалы арулар дегеніміз не? Негізінен бұл, ағзаға тірі қоздырғыш, бөгде агенттің түсуі арқылы болатын ағзаның патологиялық сырқатты жағдайы. Пациенттің патологиялық сырқатты жағдайы-бұл  ағзаның «бөгде денеге» қорғаныс рекциясы. Жұқтыру үрдісі ағзаның барлық: ағзалық, тканьдік, жасушалық, молекулалық деңгейін жаулап алуы мүмкін. Жұқпалы жағдайдан құтылудың екі түрі бар: өліммен аяқталатын және толығымен сауығу, яғни ағзаның жұқтыру қоздырғышынан арылуы. Ағзаның толығымен сауығуы- ағзадағы қоздырғыштан толығымен арылғанда, оны жеңгенде ғана болатынын ескеру керек.
 Жұқпалы аурулар — бұлағзаға патогенді (ауыртатын) микроағзалардың түсуінен пайда болатын аурулар тобы. Патогенді микроб жұқпалы ауруды тудыру үшін оның уландырғыштық қасиеті (лат. virus — зәр; у) болуы керек, ағзаның күресіне төтеп бере алуы және улағыш әрекетін көрсете алуы керек. Кейбір патогенді агенттер ағзада өмір сүру үрдісінде экзотоксин (столбняк, дифтерия) тудырады, басқалары өз денелерінің бұзылуында (холера, іш сүзек)- (эндотоксиндерді) босатады.
 Жұқпалы аурулардың бір ерекшелігі, бұл инкубациялық кезеңнің бар болуы, яғни жұқтыру уақыты мен бірінші себептерінің пайда болуы кезеңі. Бұл кезеңнің ұзақтығы жұқтыру тәсілі мен қоздырғыш түріне байланысты және де бірнеше сағатқа немесе бірнеше жылға созылуы (соңғысы жиі кездеспейді) мүмкін. Адам ағзасына микроорганизмдердің кіру орнын инфекцияның кіру қақпалары дейді. Аурудың әр түрінің кіру қақпасы бар: холер вибрионы ауыз қуысы арқылы ғана енеді, ал тері арқылы ене алмайды.
 Алдын алу
 Жұқпалы аурулардың көлемін азайту және онымен көптеген адамдардың ауырмауы үшін инфекциологияда эпидемияға қарсы алдын алу шаралары қабылданады. Үлкен ұжымдар үшін келесі ортақ іс-шаралар жатады: максималды түрде ауруды жұқтырған адамдармен қарым- қатынаста болуды шектеу, жұқпалы ауруды жұқтырған адамдарды толығымен изоляциялау, ауру адаммен қарым-қатынаста болғандарды мұқият түрде тексеру және зертханалық зерттеулер жүргізу, уақтылы инфекция тасымалдаушыны анықтау, халыққа жоспарлы иммунизация мен вакцинация егу. Ал жеке тұлғаларға келесі түрдегі аурудың алдын алу жүргізіледі: иммуномодуляторларды профилактикалық  және кей жағдайда антибиотиктерді қабылдау, қатаң түрде жеке гигиенаның барлық ережелерін сақтау, қыс мерзімінде-дәрумендер мен минералдар жиынтығын қабылдау, үнемі иммунитетті нығайту және ағзаны үздіксіз шынықтыру. Жұқпалы ауру кезінде нақты диагнозды қою үшін зерттеудің зертханалық тәсілдері қажет. Бұны әсіресе сырқат адмдар және жұқтырған адамдар үшін өткізеді.

«Студенттердін дұрыс тамақтануы» тақырыбына негізделген акция
 мақсаты: Оқушыларды тамақтану мәдениетімен таныстырып, меңгерту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру. Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт — дәстүрлерін жаңғырту арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Салауатты өмір салытын қалыптастыру.
Қазіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі-дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал, Гиппократтың өзі былай деген: «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық-түлік заттары болуы керек, ал азық-түлік заттары емдік заттар болуы керек».
Зат алмасуының бұзылуының (семіру, қант диабеті және т.б) салдарынан пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Осыған байланысты, қазіргі таңда, дұрыс тамақтану энергетикалық шығындарға және организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келу үшін тамақтану мәдениетін жоғарылату мәселесі өзекті бола бастады [1, 15-18 б.].
Әрбір адамның азық-түлік заттарын дұрыс пайдалануы, артық жеуі және жалықтыруы денсаулықты көп нығайтуға көмектеседі. Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты [2, 42-46 б.].
Ғылыми-техникалық прогреске байланысты, ой еңбегімен айналысатын, энергияны аз қажет ететін адамдардың (10.25 МДж көп емес (2450 ккал) ер адамдар үшін және 8,4 МДж (2000 ккал) әйел адамдар үшін) саны қатты көбеюде. Аз энергия кезінде көбінесе азық-түліктің аз минорлы құрамды бөліктері (витаминдер, микроэлементтер) қолданылады. Мұндай жағдайларда, теңбе-тең энергиямен қамтамасыз етілуге қарамастан, гиповитаминді және гипомикроэлементтік күйлердің белгілері пайда болуы мүмкін. Тазартылған тағамдар – азық-түлік заттарын жеткіліксіз тұтынудың тағы бір себебі, ең алдымен, ой еңбегінің адамдарында. Эволюция барысында адам қоршаған ортаға бейімделуді үйренді, ол үшін шынайырақ азық тазартылмаған азық-түліктер болып табылады, себебі дәл осылардың көмегімен витаминдер мен минералды заттардың қолайлы келіп түсуі жетіледі. Қарқынды эмоциялық-жүйке жүктемесі кезінде дұрыс тамақтану принциптері, қарапайым ой еңбегі кезіндегімен салыстырғанда басқаша екенін байқаған дұрыс. Мұнда организмді қолайлы белок, аскорбин қышқылының, ретинолдың, В тобының витаминдерінің көлемімен қамтамасыз ету маңызды. Егер жұмыс ауысымды болса, онда тамақтану режимі де ауысады.
Өсіп келе жатқан организмнің тамақтануында, ең алдымен, бала денесінің қалыптасып келе жатқан құрылымдарын құру үшін құнды белоктар оптимумы қажет. Белок жетіспеген кезде балалардың өсуіне кедергі пайда болады. Балалардың витаминдермен қамтамасыз етілуі қаншалықты маңызды екені белгілі. Жасы өскен сайын баланың энергия мен тамақ заттарының қажеттілігі де өседі. Жасөспірімдік жас бала өмірінің қиын кезеңіне жатады, онда оның бойы тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл кезеңде баланың тамақтануы жоғары болады [3, 26-30 б.].
Энергия мен азық-түлік заттарының қажеттілігі белсенді физикалық белсенділікке байланысты дифференциалданады. Қарқынды дене еңбегі қосымша энергия көлемінің келуін талап етеді. Сонымен, ер адамдардың ауыр еңбек кезіндегі тәуліктік энергия шығыны 40 % артық ұлғаяды, сондай-ақ, ақ (30 %), май (63,5 %) және басқа да қоспалардың қажеттілігі көбейеді. Әйел адамдардың тамақ қажеттілігі ер адамдарға қарағанда аз, бұл олардың организмдеріндегі алмасу процестерінің төмен қарқындылығымен байланысты. Тіршілік әрекетінің төтенше жағдайлары (Шеткі Солтүстік, биік тау және т.б) адамдардың энергия мен азық-түлік заттарының қажеттілігін өзгертеді, бұл олардың тамақтануына үлкен өзгерістер енгізеді [3, 40-45 б.].
Адам организмі термодинамика заңдарына бағынады. Соларға сәйкес, дұрыс тамақтану принципі қалыптасты: оның энергиялық құндылығы организмнің энергия шығындарына сәйкес келуі керек. Өкінішке орай, тәжірибеде бұл принцип жиі бұзылады. Энергия сыйымды азық-түліктерді (нан, картоп, мал майы, қант және т.б) шығындық тұтынумен байланысты тәуліктік рациондардың энергетикалық құндылығы энергиялық шығындары жиі артады. Жас өскен сайын, дененің шығындық массасы жиналады және семіру басталады, ол көптеген созылмалы дегенеративтік аурулардың пайда болуына себеп болады.
Азық-түлік заттарының химиялық құрамының организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келуі – дұрыс тамақтанудың екінші принципі. Күн сайын, белгілі бір көлемде және ара қатынаста организмге 70-ке жуық қоспа түсуі керек, олардың басым бөлігі организмде синтезделмейді және өмірлік қажетті болып табылады. Организмді осы азық-түлік заттарымен қолайлы жабдықтау түрлі тамақтану кезінде ғана мүмкін. Тамақтанудың тым әр түрлі болуы дұрыс тамақтанудың үшінші принципін анықтайды.
Ақырында, тамақтанудың қолайлы режимін сақтауды дұрыс тамақтанудың төртінші принципі анықтайды. Тамақтану режимі дегеніміз тамақ ішудің жиілігі, еселілігі және алмасуы. Тамақтану режимі азық-түлік заттарына және энергияны қажет ету сияқты жасқа, өндіріс ерекшеліктеріне байланысты түрін өзгертеді. Дұрыс тамақтанудың көрсетілген негізгі принциптерін сақтау оны құнды етеді.
Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:
1) ұстамды жеу керек;
2) тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;
3) тамақтану режимін сақтау қажет.
Тамақтану режимінде төрт негізгі принципті ажыратқан дұрыс:
Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.
Тәулік барысында тамақтанудың бөлшектілігі. Сау адамға үш немесе төрт фазалық тамақтану ұсынылады, атап айтсақ: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және ұйқы алдында бір стакан айран.
Әрбір тамақтанған кезде дұрыс тамақтануды барынша сақтау қажет. Бұл, тамақты әрбір қабылдаған кезде азық-түліктер жинағы организмге белоктарды, майларды, көмірсуларды, сонымен қатар витаминдер мен минералды заттарды қолайлы ара қатынаста жеткізу тұрғысынан ойланып істелінуі керек.
Бір күнде тамақ ішу бойынша физиологиялық негізделіп бөлінуі. Төрт мезгіл тамақтану едәуір жағымды: жұмысқа дейін тоқ тамақ (күндіз дұрыс тамақтанудың жалпы калориялылығының 25-30 %), жұмыс арасындағы үзілісте жеңіл екінші таңғы ас (жалпы калориялылықтың 10-15 % ), құнарлы түскі ас (калориялылықтың 35-40 %), салыстырмалы жеңіл кешкі ас (жалпы калориялылықтың 15-20 %) [1, 100-104 б.].
Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас үшін тәуліктік уақыт еңбек және демалыс режиміне байланысты жеткілікті кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Алайда, тамақ ішу арасындағы аралық 4-5 сағат болуы маңызды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, кешкі ас пен ұйқының алдындағы аралықта 2-3 сағат өтуі керек.
Тамақтану режимімен қатар, кейбір психологиялық ережелерді сақтау артық болмайды.
Үстелге шаршаған күйде отырмаңыз. Қалай аш болсаңыз да, ең болмағанда 10 минут демала тұрыңыз.
Ашулы, шошынған күйде, қайғылы сезімдерге берілгенде тамақ ішпеңіз.
Өзіңізге қатты ұнамайтын адаммен бірге үстел басына бірге отырмаңыз.
Егер сізге қандай да бір тағам ұнамаған болса, пайдалы болса да оны татып көруге болмайды. Сізге ол бәрібір пайдасын тигізбейді.
Қарныңыз ашқанша үстелге отырмаңыз.
Азық-түлік заттарының 80 % термиялық өңдеуден кейін тұтынылады, бұл олардың жұмсаруына және сіңімділігінің жоғарылауына әсер етеді. Сонымен қатар, температуралық өңдеу зиянды микроорганизмдердің өлуіне және токсиндердің, әсіресе ең алдымен жануарларда бұзылуына әкеледі. Жылумен өңдеу өнімдердің микробтарға төзімділігін жоғарылатады және сонымен  оларды сақтау мерзімдерін ұзартады. Жылумен өңдеу кезінде улы заттардың қатары бұзылады, мысалы, тамақ қорыту ферменттерінің ингибиторлары. Сонымен қатар, жылумен өңдеу көптеген өнімдердің дәмін түрлендіруге мүмкіндік беретіндігі маңызды [4, 405-408 б.].
Позитивті әсер етумен қатар, өңдеу азық-түлік заттарына жағымсыз да әсер етеді. Жылумен өңдеу кезінде витаминдер және кейбір ас қоспалары (белок, майлар, минералды заттар) бұзылады да зиянды заттар (майларды полимерлендіру өнімдері, меланоидиндер және т.б) пайда болуы мүмкін, бұны дұрыс тамақтануды ұйымдастыру кезінде ескеру қажет. Азық-түлік заттарын жоғалту деңгейі өңдеу түріне тәуелді. Алғашқы өңдеу жеуге болмайтын бөліктері мен ластанулардан шикізатты босатуды, азық-түліктерден құндылығы төмен бөліктердің бөлінуін, сонымен қатар, қатырылған азық-түліктердің дефростациясын алдын ала қарастырады. Азық-түлік шикізатын жеуге келмейтін бөліктерден босату, тағамдық заттардың жоғалуына әкелетін болса да, өнімдердің биологиялық құндылығын жоғарылатады.
Өнімдер мен шикізаттың биологиялық құндылығына жылумен кулинарлық өңдеу ерекше әсер етеді. Өнімдерді жылумен өңдеудің бірнеше амалдарын ажыратады: суға және буға пісіру, булау (қысқа мерзімді (5—7 мин) өнімді суда немесе буда қыздыру), стерильдендіру және қуыру. Қыздыру кезінде ерігіш белоктар жоғалады және күлге немесе гельге айналады. Сонымен, жұмыртқаның ағы жұмыртқаның ішінде 80° С температураға жеткен кезде гельдерді жасай отырып, біріктіріледі (коагуляция). Оралу нәтижесінде ақ гелі буын тіндердің ішінде ондағы судың маңызды бөлігін шығарумен тығыздалады.
Азық-түлік заттарының көп түрлілігі және олардың әр түрлі комбинациялары кулинарлық өңдеу ерекшеліктерін ескерумен сау және ауру адамның тамақтануының, олардың теңгерілуін, емделу бағытын ескерумен ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Студенттердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыру
Оқушы жастар белгілі бір жас категориясына жататын, арнайы еңбек ерекшеліктерімен және өмір жағдайларымен біріктірілген халықтың кәсіптік-өндірістік тобы ретінде қарастырылуы керек. Осы факторларды ескере отырып, студенттерді ерекше топқа бөлу мақсатқа лайық.
Студенттер тамағының сапалы құрамын бағалау кезінде бірқатар негізгі құрамды бөліктер бойынша тамақтанудың теңгерілмегендігі – жануарлар белоктарының, өсімдік майларының, кальцийдің, аскорбин қышқылының және тиаминнің аз болуы жиі байқалады. Студенттерде тамақтану режимінің келесі бұзылуы анықталды: 25-47 % таңғы асын ішпейді, 17-30 % күніне екі рет қана тамақтанады, 10 % жуығы түскі асын ішпейді немесе уақытында ішпейді, 22 % кешкі асын ішпейді. Ыстық тағамдарды, соның ішінде бірінші асты ішу сирек белгіленген [5, 28-30 б.].
Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезінде жақсы әзірленген және тәтті тағаммен жабдықтау. Халық даналығында айтылғандай: «Жануарлар қанығады, адам жейді, ал ақылды адам тамақтана біледі».
Физиологиялық ұсынымдарға сәйкес, энергетикалық құндылық студент ер балаларда 10.8 МДж (2585 ккал), студент қыз балаларда 10.2 МДж ккал) шеңберінде бағаланған. Белоктарға рационның 12 % жуық тәуліктік энергетикалық құндылығы келеді, сонымен қатар, жануарлар майының үлесі олардың рационындағы жалпы көлемнің 60 % құрауы керек. Осы талаптың орындалуы ауыстырылмайтын амин қышқылдарының жеткілікті болуымен ғана емес, сонымен қатар рационда олардың қолайлы теңгерілуін кепілдендіреді. Майлар студенттердің жалпы рационының жалпы энергетикалық құндылығының 30 % құруы керек. Сонымен қатар, өсімдік майларының үлесіне жалпы көлемінен 30 % келеді. Студенттердің негізгі минералды заттарды тәуліктік талап ету организмге кальцийдің 800 мг, фосфордың – 1600 мг, магнийдің – 500 мг, калийдің – 2500-5000 мг, темірдің – 10 мг көлемінде түсуімен қамтамасыз етуі керек. Студенттердің теңгерілген тамақтану принциптерін тәжірибелік іске асыру мақсатында тамақтану рационының энергетикалық құндылығы мен сапалы құрамының және энергия мен азық-түлік заттарын қажет ету рациондарының арасында едәуір толық сәйкестікке ұмтылу керек.

«Біз ХГТКТК нашақорлықа,токсикоманияға, алкогольға қарсы»
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.Токсикомания
Токсикомания– булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.
Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Марихуана
Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Героин
Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.
Кокаин
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Экстази
Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Нашақорлық
Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.
Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания,Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.......
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.
Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.
Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:
аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет. [1]«Қатерлі ісіктің алдын алу»
Қатерлі ісік – бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерлі ісік жиі обырмен шатастырылады. Oл жасушалардың ретсіз бөлінуімен сипатталады, және де басқа ағзаларға, жиі тіндерге метастаз берумен сипатталады. Бұл ауру генетикалық бұзылу салдарының пролиферация және дифференцирацияның бұзылуы болып табылады. Қатерлі ісікті емдеуге бағытталған ем шаралар және дәрі-дәрмектер осы күнге дейін толығымен шешілмеген. Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутация кесірінен пайда болады, жасушалардың шекарасы анықталмаған жағдайда апоптоз механизімі бұзылуына алып келеді. Егер де ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса, ісік ары қарай өсіп сонында метастаз береді. Метастаздар барлық ағзалар мен тіндерде пайда болуы мүмкін. Өте жиі метастаз сүйекте, мида, бауырда және өкпеде пайда болады. Және де жасушалардың бақылаусыз бөлінуі қатерсіз ісікке алып келуі мүмкін. Қатерлі ісік қатерсіз ісіктен ерекшелігі метастаз қалыптастырмауы болады, басқа ағзаларға енбейді жәнеағзаға қатерсіз. Бірақ та қатерсіз ісік жиі қатерлі ісікке ауысады. Қатерлі ісіктің қорытынды диагнозын гистологиялық тінді зерттеуден кейін патоморфолог қояды. Диагноздан кейін операциялық ем, химиотерапия, сәулелі терапия тағайындалады. Медицинағылымы дамуына байланысты әр ісікке спецификалық ем тағайындалады. Емсіз қатерлі ісік леталді ағымға дейін прогрессиялайды. Ісіктің көбісі емге берілмейді, бірақ та оның емі ісік түріне, таралуына, және кезеңіне байланысты. Қатерлі ісік әртүрлі жаста кездеседі, бірақ жиі қарт жастағы адамдар осы ауруға шалдығады. Бұл дамыған елдердегі өлімнің негізгі себебі. Көптеген ісіктердін пайда болуы қоршаған орта факторы әсеріне байланысты, сонын ішінде алкоголь, шылым түтіні, ионды сәулелердің әсері,ултракүлгін сәулелердің әсері және кейбір вирустар. Қатерлі ісіктің көптеген түрлері белгілі, олар орналасқан ағзаға байланысты классификацияланады. Біріншілікті ісік жасушасы обыр трансформациясына ұшырайды, сонымен қоса клиникалық белгілерінауқаста айқын көрінеді. Медициналық зерттеу тұрғысынан қатерлі ісіктерді зерттейтін және емдейтін ғалымдарды онкологтар дейді.Саналы адам қалыптаспай тұрып қатерлі ісік ауруы бұрыннан белгілі болған. 1932 жылы антрополог Луис Лики Kенияда қазіргі адамның жағын тапқан, болжам бойынша ол бір қатерлі ісік түрімен зақымдалған. Сонымен қоса бұрынғы адамдарқалдықтарынан патологиялық өзгерістін барын байқаған, сүйек, мұрынжұтқыншақ, сүт безі және меланома ісіктeріне ұқсас. Қатерлі ісік жиі адамдардың тәжірибесі болған, оны ерте уақыттан бастап жазба түрінде сипаттаған. Ерте кездегі ғалымдардың жазбалары бойынша ісіктерді емдеу 1600 жыл б.з.д. Eжелгі Египетте папирустармен жазылған. Бұл жазбада сүт безінің көптеген формалары жызылған, ем ретінде обыр күйдіру жазылған. Сонымен қоса Египетте беткей ісік емін маймен күйдіру қолданылған, ол майдың құрамында мышьяк болған. Рамаяндар осыған ұқсас жазба қалдырған: емді хирургиялық жолмен мышьяк майын қолдану арқылы жасалынған. Обырдың атауын Гиппократ енгізген «карцинома» терминінен шыққан, бұл қатерлі ісікті білдіретін перифокальді қабыну дегенді білдіреді. Гиппократ ісікті карцинома деген, себебі қарағанда шаянның екі айырына ұқсас келеді. Және ол "онкос" терминің енгізді. Гиппократ сүт безі ,тік ішек және мұрынжұтқыншақ обырларына сипаттама берген. Емнің дәрежесіне қарай ісікті хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін жараны құрамында өсімдік майлары және мышьяктары бар маймен өндеу керек. Болжам бойынша олар қалған жасуша ісіктерін жою қасиеттеріне ие болған. Ішкі ісіктерге Гиппократем жүргізбеген, себебі операция науқасты ісікке қарағанда тез өлтіреді. Рим дәрігері Авл Корнелий Цельс б.з.д. І ғасырда ісікті емдеудің алғашқы сатысында оны хирургиялық жолмен алып тастауды, ал соңғы сатысында ешқандай ем көрсетпеуді ұсынған. Ол грек сөзін "кαϐкίvоς" латын тіліне аударған (cancer- краб). Гален «oncos» сөзін ісікті сипаттауға қолданған, қазіргі онкология сөзін де негіздеген осы ғалым болған. Қатерлі ісік жайлы ХІХ ғасырдың ортасына дейін теориялар мен негіздерге айналдырғанмен оның денеде даму механизімі жөнінде ешқандай ақпарат болған жоқ. Бұл процесс түсінігін неміс дәрігері Рудольф Вирховтың үлесі қосылды, ол қатерлі ісік сияқты дәл сау тіндер жасушаларынан құрастырылатының және ісіктіңмиграциясы бойынша таралатының түсіндірді.

«Тұмаудың алдын алу және иммунизация жасау»
Мақсаты: Оқушыларға тұмау ауруы жөніңде ақпарат беру, және оның алдын алу жолдарымен таныстыру.Көрнекіліктері: плакаттар, маркерлер, Ревит - поливитамин, т. б
Қазақстанда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың көтерілуі алдыңғы эпидемиялық маусымдарды талдау бойынша қаңтардың аяғына және ақпанның басына келеді, кейіннен мамыр айында бірлі-жарым жағдайларға дейін азаяды, деп атап өтті, баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
– Еліміз бойынша тұмау вирусының айналымына мониторинг жасау және вирустың жаңа штаммдарын анықтау түрінде тұмауды және тұмау тәрізді ауруларды (ЖРВИ) эпидемиологиялық қадағалаудың тиімді жүйесі қамтамасыз етілген. Жедел эпидемияға қарсы шараларды қабылдау мақсатында жыл сайын 1 желтоқсаннан бастап халықтың респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттану жағдайына және Қазақстандағы, сонымен бірге, шетелдегі тұмау вирусының айналымына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Ағымдағы эпидмаусымда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп сипатталады. Бақылау деңгейлерінен арту анықталған жоқ. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанудың 9 %-ға өскені байқалды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанудың 13%-ға төмендегені байқалады. Ауырған адамдардың негізгі үлесі 14 жасқа дейінгі балаларға келеді және ол жалпы сырқаттанудың 70%-ын құрайды. Тұмаудан болған бір өлім жағдайы тіркелді. Республиканың аумағына инфекциялық аурулардың әкелінуі мен олардың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде келетін адамдарға қашықтық термометриясын қолдана отырып мониторинг жүргізіледі. 2015 жылдың басынан бастап қазірге дейін шекара арқылы өткізу пункттерінде 2 млн. 560 мыңнан астам адам тексерілді, инфекциялық және инфекциялық емес ауруға күдікті, дене қызуы көтерілген 30 науқас анықталды. Маусымның басында болжанғандай, республика аумағында А(H1N1), A(H3N2) және В тұмау вирустары үстемдік етуде. Алдыңғы жылдардағы сияқты, ел аумағында парагрипп, респираторлық-синцитиалды инфекция, риновирустық және аденовирустық инфекция сияқты тұмауға жатпайтын инфекциялар да айналымда жүр. Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Барлығы республика бойынша тұмауға қарсы 1 млн. 700 мыңнан астам адам егілді (халықтың жалпы санының 10,0%-ы), оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 1 089 139 адам егілді (созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммун жетіспеушілігі, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері және жүкті әйелдер), жұмыс берушілер есебінен 500 мың адам, ақылы клиникаларда 135 мың адам егілді, – деп Жандарбек Мұхтарұлы мән-жайға кеңінен тоқталып өтті.
Сондай-ақ, вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – ол ерекше емес профилактика. Ерекше емес профилактика ағзаның өзінің қорғаныш күштерін нығайтуға бағытталған және оны вакцинациялаумен бір уақытта жүргізуге болады. Ерекше емес профилактика ретінде иммундық түзетуші препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және басқалары), поливитаминдер қолданылады. Алдын алу әдістерінің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет.
«Тж болғанда алғашқы дәрігерлік көмекті көрсету»
Мақсаты: 1) Алғашқы жәрдем берудің жолдарымен танысу
Алғашқы жәрдем түрлерін айту
Алғашқы жәрдем көрсету
2) Шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу
3) Ақыл-ой қабілеттерін дамыту
Алғашқы жәрдем. Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Ауырған не жарақаттанған адамдар кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Мәселен, егер адамның стенокардия (жүрек демікпесі) ауруы ұстаса, онда ол кенет тоқтай қалып, тілінің астына валидол не нитроглицерин таблеткасын салады, егер уланса ас қазанын шаяды (1 литрдей суды ішіп, көмекейіне саусағын жүгіртіп, бірнеше қайтара құсады); жарақат түскен жерін жуып, оған дәрі жағады т. б. (Улану, Тағамнан улану, Жарақат мақалаларын қараңыз).
Адам көлденең кездейсоқ жағдайға ұшырағанда, жарақаттанғанда, қан кеткенде, кенеттен есінен айырылғанда оған жедел жәрдем көрсетуге тура келеді. Мұндағы ең басты мақсат — жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу: күн өткен адамды (Күн өту мақаласын қара) көлеңкеге апару, ал газдан иіс тигенде — таза ауаға шығару, суға батқанды құтқару (Суга бату мақаласын қараңыз); токқа түскенді одан ажырату (Заңымдану мақаласын қараңыз); өртке шалдыққан адамның киіміндегі отты өшіру т. б. Екінші міндет — қарапайым медициналық дәрідәрмектер мен құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету. Үшінші міндет — дереу жедел жәрдем көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру. Жарақаттанған не ауырған адамды, осы мақсатқа арналмаған транспортпен тасыраңда, оның қорабына қалың етіп шөп, сабан төсеп, зембілді соған жайғастырған жөн. Жәрдем көрсетілетін адамды екі кісі қолын айқастыра ұстап көтеруге де, қолма-қол жасалған зембілге жайғастырыл жеткізуге де болады. Алғашқы дәрігерлік жәрдемнің және одан кейінгі емдеу шараларының ойдағыдай болуының, тіпті әл үстіндегі адамның өмірін сақтауда ең алғашқы көмектің дер кезінде, әрі мұқият атқарылуының айрықліа маңызы бар. Алғашқы жәрдем амалдарын қолданғанда, аурудың немесе жарақаттың жалпы сипаты ескеріледі. Жарақаттанған жағдайда аққан қанды тоқталу шаралары жасалады. Ол үшін қан шыққан жердің жоғарғы жағынан тамырлы, жарақаттың ауыр-жеңілдігіне қарай қысып таңады да, жарақаттың үстіне таза бинт, мақта, дәке немесе шүберек қойып бастайды. Содан кейін ол адамды міндетті түрде таяу маңдағы дәрігерлік мекемелерге жеткізеді. Онда жарақаттанған жер дәріленеді, тігіл еді, сіреспе не құтыру ауруына қарсы егіледі. Буыны шыққанда, сүйегі сынғанда, сіңірі үзілгенде не созылғанда адамды қозғалтпай жатқызу керек. Ол үшін мертіккен жерге жұқа тақтай, ағаш қабығын, картон т. б. затты қойып, оны бинтпен, орамалмен, белбеумен, шүберекпел орап тастайды. Егер сүйегі аман болып, сіңірі созылған, үзілген, буыны шыққан жағдайда тек айқастыра таңыл тастаса да болады. Осылайша жәрдем көрсетілген адамды тез арада жарақат емдейтін пунктке не басқа да дәрігерлік мекемеге жеткізеді. Онда жарақат рентгенмен тексеріліп, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Денені химиялық заттар күйдіргенде және үсікке шалдыққан жағдайда, зақымданған жерді таңар алдында, теріні сутегінің асқын тотығымен, қайнаған таза сумен жуалы, ал күйікті спиртке (араққа) малынған дәкемен таңады. Көзге шөп-шалам түскенде, әсіресе көз жарақаттанғанда кір қолмен, бет орамалмен сүртіл, инфекцияжұқтырып алмау керек, бүл жағдайдағы алғашқы жәрдем туралы Көру мақаласынан оқуға болады). Ауру адам кенеттен есінен танғанда, оны бір қырынан не шалқасынан жатқызып, басын бір жағына бұрып қояды (бұлай етпеген жағдайда, ол лоқси қалса, құсығы тыныс жолдарына кетіп, тұншығып өліп кетуі мүмкін), омырауын ағытыл, таза ауа келуін қамтамасыз етеді (терезені ашады т. б.). Аяқ астынан іш бүріп қатты ауырғанда, аурулы жатқызып, ішіне мұз не салқын су басады; мұндайда асқазанды шаюға, іш жүргізетін дәрі-дәрмектер беруге болмайды (Соқырішек мақаласын қараңыз). Үйде, машинада, туристік жорықта жүргенде медициналық жәрдем көрсету үшін аптечка қамдап қойған жөн Үй аптечкасы мақаласын қараңыз), онда семья мүшелерінің, жорыққа қатысқандардың т. б. ескі сырқатына қарай алынған дәрі-дәрмектер де болуы тиіс.
Алғашқы жәрдемнің ең басты шарасы — өміріне қауіп төнген адамды өлімнен арашалау (яғни дәрігерге дейінгі реанимация). Әдетте, адам өлген сәтте, оның әр түрлі органдары мен организміндегі тканьдер тіршілігін сол бойда емес, бірте-бірте тоқтатады, сондықтан оның қызметін, соның ішінде негізгі тіршілік қызметін де — қан айналымы мен тыныс алуын — кейбір жағдайда қалпына келтіруге болады. Тірілту қысқа уақыттың ішінде — клиникалық өлім сәтінде, яғни тыныс алуы мен қан айналысы тоқтаған мезетте, әдетте, 4—5 минут аралығында жүзеге асырылады. Бұдан кейін биологиялық өлім басталады да, адамды тірілту, ақылесін қалпына келтіру өте қиынға түседі (үсік шалғай не суық суға батқандардані басқасы).
Клиникалық өлім мертігуден, уланудан, қатты тоңудан не қатты қызудан, су ға батып тұншығудан, көмейдің ісінуінен, тыныс жолдарына әлдененің тұрып қалуынан, ток соғу салдарынан, тыныс тарылғаннан, кенеттен ұстаған сырқаттан (миокард инфаркті,ми қан айналысының бұзылуы т. б.), басқа да себептерден болуы мүмкін. Демнің бітіп, жүрек қызметінің тоқтағанын дененің «әдеттен тыс» қалпынан — басының түр-әлпетінің, қол-аяғының ұйқыдағы адамға үқсамалтын жансыз қалпынан аңғаруға болады. Мұндайда кеуделе тыныс қозғалысы білінбейді, беті мен мойын терісі бозарып, көгереді, көзінің қарашығы үлкейіп, тамыр соғуы сезілмейді; жүрек соғуы (кеудесіне құлақ тосқанда) естілмейді. Мұндай жағдай адамның көлденең кеселге тап болғанын, немесе кенеттен есінен танғанын көрсетеді. Сондықтан ауру диагнозын анықтауды күтпей-ақ, жедел жәрдем көрсете бастаған дұрыс. Тыныс алуын қалпына келтіру үшін әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, көйлекті т. б.) босагады да, тыныс жолдарына ауа еркін келетіндей жағдай жасайды. Сырқаттың аузы-мұрнындағы тыныс алуына бөгет болатын заттарды: сілекей-қақырықты, тамақ қалдығын, қан ұйындысын, тіс протезін т. б. алады. Соңғы кезге дейін қолдан тыныс алдыру (Сильвестр әдісі т. б.) әдісі кеңінен қолданылып келді. Мұндайда қол, иық, кеуде бұлшық еттерін ары-бері қозғалтады. Алайда мұндай әдісте дем ішке тартылғанда небары 300 ем3 ауа енеді, ал адамды тірілту үшін ең кемі 800 ем3 ауа қажет (дені сау адам бірқалыпты тыныс алғанда 600—700 ем3 ауа жұтады). Сондықтан медициналық аспаптар мен құралдар болмаған жағдайда қолдан дем алдыру (өкпеге ауа жіберу) үшін ең дұрысы аузына, не мұрнына тікелей ауызбен ауа жіберу әдісін қолданған жөн. Ауызбен ауа жіберу жансызданған адамды тірілтуге толық жеткілікті, өйткені үрленген ауа құрамында 16% оттегі (ал атмосфера ауасында 21%) болады. Зардап шегуші адамның басын неғұрлым шалқайтып ұстап, иегін жоғары котеріп үрлеген жөн, сонда үрленген ауа асқазанға емес, өкпеге барады; ол үшін нықтық астына биіктетіңкіреп жастық не бүктеген киім қояды. Жәрдем көрсетуші адам бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен иегінен тартып аузын ашады (ашылған ауызға дәке не бинт ұстаған жөн), сонан соң демді ішке тартып алып, сырқаттың аузына аузын жапсырыл, дәке арқылы бар күшімен үрлейді, содан кейін басын көтеріп, оның «дем шығаруын» күтеді. Әдетте оның «дем шығаруы» өте баяу өтеді (ауаны мұрнынан жіберген жағдайда сырқаттың аузын алақанымен жабады, не саусағьщен төменгі ерінді жоғарғысына жансыра қысады. Ауа жіберуді минутына 12—15 рет қайталайды. Алғашында ішке ауа жібергенде, ол өкпеге оңай үрленеді, бірақ кейіннен сырқаттың өкпесіне ауа еніп, ол керілген сайын ауаның енуі қиындай түседі. Қолдан тыныс алдыруды ойдағыдай жүргізген жағдайда — ауа үрленген кезде жәрдем көрсетілген адамның кеудесі кеңи бастағандығын байқауға болады.
Жүрек мүлде тоқтал қалғанда және оның жиырылып-cозылу қызметі бұзылғанда жүрек сыртына массаж жасалады. Алайда жүрек ырғағы әдеттегідей естілмесе де, уақытты өткізбей, дереу жүрек тұсына массаж жасау қажет. Өкпені қолдан желдету қанның оттегімен қанығуына мүмкіндік береді, сондықтан да жүрекке массаж жасаудың ең басты міндеті — организмде қанның жүруін қамтамасыз етіп, адамның ең маңызды тіршілік органдарына оттегін жеткізу, соның нәтижесінде дербес жүрек қызметі мен тыныс жолдарын қалпына келтіру.
Жүрек тұсына массаж былай жасалады. Жәрдем етуші адам сырқаттың жүрек тұсындағы төс сүйекті алақанымен күрт басады, сонда тоқтаған жүрек төс сүйек пен омыртқа аралығына қысылып, оның көлемі кішірейеді де, қолқа мен өкпе артериясындағы қан сығылып шығады. Алақанды босатқанда төс сүйек жазылып, жүрек өз көлемін қалпына келтіреді, тамырдан келген қан оған қайтадан құйылады. Жүректің жиырылып-созылуы осылайша қамтамасыз етіледі де, мұның өзі оның кәдімгі насос секілді жұмыс істеуіне және қанның айналуына мүмкіндік береді Жәрдем көрсетілуші адам қатты орынға (еденге, жерге, жауырын, тұсына дейін орындық қойылған кереуетке т. б.) жатқызылады. Төс сүйекті қос қолдан салмақ сала (егер адам еденде жатса тізерлеп отырады; ал биік төсекте жатса — аяғының астына биіктеу нәрсе қояды) нығыздап басады.
Төс сүйекті секунд сайын басып-босату және 4—5 секунд сайын 1 рет ауызға-ауызды тақап ауа үрлеу (яғни төс сүйекті 5 рет сыққан сайын 1 рет немесе 10—12 сығудан кейін 2 рет) тиімді нәтиже береді, соның нәтижесінде сырқаттың көз шарасы кішірейт, күре тамыры соғуы байқалып, терінің көгергені тарай бастайды. Адамды тірілту шараларын ол өз бетінше тыныс алып, жүрегі соға бастағанға дейін жасайды, мұның өзі қан айналысын жақсарта түседі (күре тамырлық соғуы біліне бастайды).
«Халықаралық шылымнан бастарту»
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртектотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.
Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.

«Тұмаудын алдын алу»
Мақсаты: Оқушыларға тұмау ауруы жөніңде ақпарат беру, және оның алдын алу жолдарымен таныстыру.Көрнекіліктері: плакаттар, маркерлер, Ревит - поливитамин, т. б
Тұмау және тыныс алу жолдарының жедел вирустық инфекциялары - бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болған. Сонымен қатар адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып отыр. Адамзатқа пандемияның бірнеше түрі белгілі, ең қатерлісі «Испанка» пандемиясы. Қазіргі таңда тұмау эпидемиясы кезінде адам өлімі жоқ, бірақ көптеген адамдардың тұмауға деген салғырттықтарының нәтижесінде инфекцияның күшеюіне жол берілуде. Яғни, бұл өз кезегінде тұмаудың тұрақты вирустарын туғызады. Сөйтіп ауа арқылы басқа адамдарға жұғады, жүрек- қан тамырлары жүйесі, бүйрек және басқа да мүшелер ауруларының асқынуына әкеледі. Тұмау өте құбылмалы және оның құрылымы өзгеріп отырады, осылай тұмау және вирустық инфекциялар жаңа толқынды болады. Ең алдымен «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтынд жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек. Сақтықта қорлық жоқ дегендей, әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайды. Аурудың басталуы жедел,интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Әдеттегiдей аурудың басы өткiр, кенет интоксикация синдромынан басталады. Қалтырауы бар науқастарда (өте жылдам бiрнеше сағат ағымында) дене температурасы 39-40С көтеріледі, қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Тұмаудың ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиалді белгілердің болуы тән. Катаральды синдром интоксикация синдромымен бірге, немесе біраз кешігінкіреп пайда болады (12-24 сағаттан кейін). Оған тән белгілер: —тамағының жыбырлауы, жұтынғанда ауырсынуы, мұрынның шырышты қабатының қызаруы және ісінуі, мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағуы, дауысының қарлығуы, «құрғақ»,  қысқа түрдегі жөтел, аранның шырышты қабатының ісініп, қызаруы. —Аурудың алғашқы күнінен көз алмасының ауырсынуы, жас ағуы, жарыққа сезімталдығының жоғарылауы, конъюктивит анықталады.Гриппен ауыратын науқастардың сыртқы келбеті: беті ісінген, аздап қызарған, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан тахикардия мен гипотония байқалады. Атипті түрлері: —Акатаральды түрінде интоксикация синдромының белгілері басым болып, катаральды синдром болмайды. — Афебрильды түрінде температурадан басқа белгілердің барлығы болады, бірақ әлсіз түрде. —«Найзағай» тәріздес түрлерінде ауыр ағымды және летальды аяқталу болады. —Геморрагиялық түрі петехиалды бөртпелері мен әртүрлі қан кетулермен өтеді, ауыр ағымды.
 Тұмауды алдын алудың жолдары:
1. Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинасы.
2. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен исрек жүріп,қонаққа барудан бас тартыңыз).
3. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.
4. Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.
5. Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында Сдәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ, қара қарақат.
6. төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз.
7. Толық тамақтаныңыз
8. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз.
9. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан оқшалауды ұмытпаңыз.
Алдын алу шаралары
Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі. Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.
Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер  беріледі. 

«АҚТҚ-ғасыр дерті»
Мақсаты                 Оқушыларға АҚТҚ  дегеніміз не? АҚТҚ қандай     жолдармен жұғады,қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай асқынады, адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып көрсету.  ЖҚТБ - дегеніміз ЖұқтырылғанҚорғанышТапшылығыныңБелгісідегенмағынаныбілдіреді. Бүгінгітаңдаадамныңқорғаныштапшылығықоздырғышынан (АҚТҚ) туындайтын аса қауіптідерт. АҚТҚ, еңалдыменорганизмніңәртүрліауруғақарсытұруынқамтамасызететінимундықжүйесінзақымдайды. Имундықжүйеклеткаларыныңөлуібіртіндепадамдысырқаттануфакторларыныңалдындаөорғанышсызетеді. ЖҚТБ- менауыратын науқастардыңөліміәдеттеөкпенің, нервжүйесінің, қатерліісіктердіңзақымдалуынантуындайды. ИнфекцияныңкөзіЖҚТБ- менауыратыннауқаснемесеАҚТҚ - ныжұқтырушыадам. Вирусқанда, спермадақынапсұйықтықтарында, омыраусүтіндекөпболады.  Адамныңтүкірігінде, терісінде, көзжасында, нәжісжолдарындажәнебасқадафизиологиялықсұйықтықтарындааздапқанакездеседі. АҚТҚадаморганизімінетүскенкезіндеауружұғады.  АҚТҚбұданбұрынАҚТҚ - ныжұқтырғанадампайдаланғанзарасыздырылмағаншприцтерде, инелерде, соныңішіндетаңбасалуғаарналғанинелердетұрыпқалғанқанқалдықтарыменбірге, сауадамныңорганизімінетүсуімүмкін. Бұлауруқанменластанғанкесетінзаттарды, мысалы: ұстараныңжүзін, ұстараны, пышақты, қайшыныпадаланғанкездеорганизмгеенуімүмкін. Қанныңбөлшектеріаспаптарданемесеолардыңішкіжағындакөзгекөрінбейқалыпқоюымүмкін. АҚТҚ қанқұюүшінпайдаланатынжұқтырылғанқанменкейбірқанөнімдеріарқылыберілуімүмкін.  Алайдабіздіңеліміздедонорлыққандымұқияттексеруменөңдеудіңарқасындажолменжұқтыруқаупіжоқтыңқасы. Егеринъекциялықесірткінітұтұнушылардыңәрбіреуіжекешприцпенболсынбірсауыттаналыптолтырғанболса, оларғаАҚТҚ - ныжұқтыруөаупітөнеді. Егерқанесірткінідайындаупроцессіндепайдаланылса, АҚТҚ - ны жұқтыруқаупіөтежоғарыболады.  АҚТҚбөлінуінің басқажолыжыныстыққатынас. Егержыныстықұатынастаболғанадамдардыңбіреуіаурудыжұқтырғанболса, вирусжыныстыққатынаскезінде, берілуімүмкін. Бұлжүктілікнемесебалатуупроцесіндежәнебаланы емізген кезде болуы мүмкін. Өкінішкеорай, көбі 2003 жылдыңбасындабіздіңеліміздеАҚТҚменөмірсүрушібіздіңеліміздеАҚТҚменөмірсүруші 3000-астамыресмитүрдетіркелді. ТіркелгенАҚТҚ - нытасымалдаушылардыңшамаменалғанда 80% ынесірткініинъекциялықжолменпайдаланушыадамдарқұрайды. Қалған 20%дың көбісіАҚТҚ - ныгемосексуалдықнемесегетеросексуалдықбайланыстардыңнәтижесіндежұқтырды. Бұндайжағдайдаадамдарнегізіндезертханалық тексерулерденөтіптұруларыкерек. ЖҚТБотарлықтарында, сол сияқтыемханалардағыжасырынтексерукабинеттеріндедеректіқұпиянемесежасырынтүрдетексеруденөтугеболады. Алайдазертханалықтексерукезіндевирустыңөзіемес, оларда антиденелеранықталады. АҚТҚ - ғаантиденелервирусорганизмгеенгенненкейінүш жәнеоданастамайбойыанықталмауымүмкін. СондықтанАҚТҚ - нытасымалдаушыболыптабылатынадамдаАҚТҚ- ғақантапсыруанализініңнәтижесітерісболуымүмкін. СоғанбайланыстыегерсізқатерлімінезқұлықөткергенболсаңызнемесекүнделіктенсеңізАҚТҚ - ғақайтатексерілгеніңізжөн. ДенсаулығыңызғакөңілбөліңізжәнеАҚТҚ- ғатексеріліңіз. АҚТҚ- ныжұқтырумүмкінболмайтындайөзінөзіұстаукерек. Соныңішіндеинъекциялықесірткіденбастартқанбіреуменбіргеортақшприцті, инені, ұстараныңжүзін, ұстараны пайдаланбаған, кездейсоқжыныстыққатынасқатүспегенжөн. Мұндайинъекцияларкөпжәнеәрбірауруөзінетәнбелгілерменілеседі. Алайдаегерсізтұрақтытүрдежыныстыққатынасқатүсіпотырсаңыз, мынабірбелгілерденсақтанғаныңызжөн. Жыныстықшүменіңтерісі мен шырышты қабықшаларының, тікішекшаңынанқызаруы, олардағыойықжаралар, күлбірегенжерлер, ауызқуысының, жұтқыншақтың, еріннің, тілдіңшырыштықабықшаларындағыойықжаралар. Зәршығаружолдарыментікішектенағатыншығарылымдароңайемес. АҚТҚ- ны жұқтыруменЖҚТБ -ныңдамуыарасындабірнешежылдарөтуімүмкін. ЖҚТБ - ны жеңдікдепайтуғаәлідеболсаертеболғанымен, медицинабұлжолдакөптегенжетістіктергежетті. ДәрігерлерАҚТҚ -ныңортанизмдедамуынтоқтатудыжәнесоғанбайланыстыАҚТҚ -ны жұқтырғандардыңнемесеЖҚТБ менауыратындардыңөмірінұзартудыбіледі. Жақынарадамедицинаныңосыбағыттағытабыстарыодандаасыптүседідегенүмітбар. Әрине, АҚТҚинфекциясыменЖҚТБтуралыбілімалыңыздаоныөзденсаулығыңызүшінпайдаланыңыз. Өздеріңіздің достарыңызға, туысқандарыңызға ЖҚТБтуралыкөбірекбілугекөмектесіңіз. Өзқұрбықұрдастарыңызғада ЖҚТБтуралыкөбірекбілугекөмектесіңіз.