?БТ — ?а психологиялы? к?мек тренинг — саба?


Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім
академиясының базалық мекемесі
№51 гимназия
«ҰБТ-ға психологиялық көмек»
тренинг-сабақ
Ақтөбе қаласы
2015 жыл
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен БАҚЫТ табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда
Үлкен АРМАН керек екен АДАМҒА...
(Әбу Насыр Әл-Фараби)

Бағдарлама
Стрестің алдын-алу әдістері
«Қар лақтыру» тренингі
«Тыйым салынған сөз» тренингі
«Сыңарын табу» тренингі
Сіз қандай түсті ұнатасыз? тренингі
ҰБТ-ке байланысты кеңес беру
«Би терапиясы»
Рефлексия
Түлектерге кеңес
Күн тәртібі
Тәулікті үшке бөл:
ҰБТ-ға күніне 10 сағат дайындал
8 сағаттан кем ұйықтама
6 сағат – спортпен айналыс, таза ауада демал, биле.
Тамақтану
Күніне 3-4 рет калориялы және дәрумендерге бай тағамдармен тамақтан.
Грек жаңғағы, сүт тағамдары, жеміс-жидек, балық, ет, шоколад пайдаланған жөн.
Жұмыс қабілетті сақтаудың шарттары
Дене және ой еңбегімен кезек айналыс;
Бастағы мидың клеткаларын қанмен қамтамасыз ететін домалап түсу, баспен тіке тұру.
Көзіңді сақта, әрбір 20-30 минут сайын үзіліс жаса;Теледидарда, компьютерде ұзақ оқытуды азайту.
ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет?
Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарындаштарыңды т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста.
Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материалды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай
жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы тиіс. Сәттілік тілейміз!