Презентация. Бесінші сынып о?ушыларыны? ата-аналарына психологиялы? к?мек


«Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» Орта буын білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау , және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, орнатылған ережелер мен тәртіпке бағыну.Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау.Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды. Бесінші сынып оқушысы қандай болу керек?Бесінші сынып оқушысы білу керек:Сыныптастармен араласа білу, өзінің ойын айта білу, басқа балалардың ойын тындай білу, жақсы қарым- қатынасты бағалай білу;Өз уақытын жоспарлап, үнемі пайдалана білу, өз ісін өз бетінше орындай алу, қажет болса үлкендерден көмек сұрай білу;Оқуға, білім алуға талпыну;Жолдас бола білу, тұрақты жолдас таба алу, ұл және қыз балалармен араласа білу, қиын жағдайдан өз бетінше шыға алу; Үй шаруасында міндеттерінің болу, оларды ескертусіз орындау, ата-анасына көмек көрсету;Дүкеншімен, дәрігермен сөйлесе білу т.б;Өз әрекетін алдын- ала болжай алу, қауіпсіз және дұрыс шешім қабылдай білу. Кездесетін жағдаяттарӘртүрлі мұғалімдердің сабақ беруі;Сабақ кестесінің өзгеруі;Жаңа кабинеттердің көптігі;Сыныпта жаңа оқушылар; Жаңа сынып жетекші;Жоғары сынып оқушыларымен қиындықтар;Сыныпта жұмыстың көбейюі;Бақылаудың нашарлығы немесе жоқ;Әр мұғалімнің сөйлеу мәнеріне үйрену;Сөздік қорының азаюы; Ата- аналарға сұрақтар: 4 сыныпта балаңыз неше пән оқыды? Ал 5-ші сыныпта ше?4 сыныпта балаңыздың апталық жүктемесі қанша болды?Ал 5-ші сыныпта ше?4 сыныпта балаңызды неше мұғалім оқытты? Ал 5- ші сыныпта ше?4 сыныпта балаңыз шамамен үй жұмысына қанша уақыт жұмсады? Ал 5 сыныпта ше? Салыстырмалы кесте{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№4 сынып5 сынып19-11 пән12-14 пән220-11 сағат30-32 сағат31-3 мұғалім10-12 сағат41-2 сағат2-3 сағат Бейімделудің сәтті белгілері:Оқу жүйесімен қанағаттануы;Бала оқу бағдарламасын оңай меңгеруі;Тапсырманы өз бетімен орындау, тек өзі орындай алмаған жағдайда ғана көмекке жүгінуі;Сыныптастарымен және мұғалімдермен қарым-қатынасқа қанағаттануы. Бейімсіздік белгілері:Баланың сыр келбетінің шаршаңқы болуы;Баланың өз әсерлерімен бөліспеуі;Мектеп тақырыбына байланысты әңгімеден қашып, зейінін басқа әңгімеге бұрмалау;Үй тапсырмасын орындауға деген қызығушылықтың жоқтығы;Мектеп, мұғалімдерге, сыныптастарына деген жаман мінездеме беруі;Мектепке байланысты оқиғаларға шағымдану;Ұйқының бұзылуы;Таңғы ұйкыдан тұра алмау;Денсаулығына байланысты көптеген шағымдар айтуы. Қалай көмек көрсетуге болады?Баланың сәтсіздігіне қарамастан оны қабылдау.Егер сізді баланың мінезі алаңдатса, онда міндетті түрде сынып жетекшімен немесе психологпен кездесіңіз;Егер де отбасыңызда қандай да бір өзгеріс болып жатса (ажырасу, ата-аналардың біреуінің ұзақ іс сапарға кетуі, тағы бір баланың пайда болуы т.б.) міндетті түрде сынып жетекшісіне хабарлаңыз;Мектеп жұмысына қызығушылық білдіріңіз, қиын жағдайларды талқылаңыз, қиындықтан шығу жолдарын бірге іздеңіз.Балаңызға жаңа мұғалімдердің есімдерін жаттауға көмек көрсетіңіз. Мазасызданудың алдын- алу жолдары:Балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз.Балаңызға сенімділік білдіріңіз.Балаңызды жиі мақтаңыз.Балаңызға үлгі болыңыз.Балаңызға қатаң талап қоймаңыз.Балаңызға ескертуді көп айтпаңыз.Балаңыздың беделін түсірмеңіз.Баламен сөйлесе отырып, басқа адамдардың беделін түсірмеңіз. Мысалы: сенің мұғалімің не біледі дейсін, сен одан да мені тыңда.Балаңызға ұнайтын ісімен айналысуға көмектесіңіз. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етіңіз, не үшін екенін білетіндей етіп оны жиі мақтаңыз Баланың қиындықтары ол- сіздің қиындықтарыңыз. Қиындықтарды бірге жеңу оңай әрі жылдам! Ақын айтқандай балаларыңызға шүбәсіз махаббат сыйлаңыз.Біз сені себепсіз сүйемізНемере болғаның үшін,Ұлымыз болғаның үшін,Сәби болғаның үшін,Өсіп келе жатқаның үшін,Әкеңе, анаңа тартқаның үшін.Бұл Махаббат өміріңнің соңына дейінСенің құпия сүйенішің (діңгегің) болады.«Махаббатқа толы балалықпен бір ғұмыр кешуге болады.», дейді әйгілі ұстаз Г. Песталоцци.