Емтихан?а дайындалу кезінде ?алай к?мектесу керек


Емтиханға дайындалу кезінде қалай көмектесу керек. (қысқаша дәріс) Психологиялық тренинг Сәлемдесу мақсаты: Топта жағымды қарым-қатынас болдыру. Қатысушылар өздерін таныстырып, жанындағы көршісіне тілегін айтып жақсы жылы лебізін білдіреді. Мысалы: Сәлеметсіз бе, Шолпан? Сіз бүгін сондай әдемісіз, мен сіздің әрқашан көңіл-күйіңіз көтеріңкі, әдемі болып жүруіңізге тілектеспін. Менің тілегімді осы қоянмен бірге қабыл алыңыз. Бүгінгі отырыстан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін. Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұзтаздың жауапкершілігін арттыру, ҰБТ –ге дайындаудағы ата-ананың, баланың, ұстаздың өзіндік дайындығын қалыптастырудағы үйлесімді жұмысты жолға қою. Міндеттері:Оқушылардың ҰБТ-ге дайындығын арттыру, терең білімді қалыптастыру;Балалардың ой-өрісін дамытудағы ата-ананың қызметін қалыптастыру;Ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті нығайту, әр адамның өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу. - Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы-бала. Бала дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді. “Бала нені білсе жастан, ұядан өле-өлгенше соны таныр қиядан” деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Ата-аналарға тәжірибелік ұсыныстар “Емтихан” латын сөзінен “сынау” деп аударылады. Дәл сол сынаудан 11 сынып оқушылары әр түрлі өтеді. Сынаудан жеңіл және тиімді өту үшін ата-аналар ролі ерекше және де маңызды болады. Өйткені, балаларға ата-ананың психологиялық қолдауы қажет. Бұл өте жауапты жағдайда әркім өмірдегі ең маңызды мәселені ұсынады- қиын жағдайда жігерлілік қабілетін қалыптастыру.    Ата-аналарға ұсынылатын кеңестер: Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:•Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз;•Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;•Балаңызды ҰБТ-ға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік  тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;•Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;•Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай!!! мадақтап, олардың өз-өзінің сенімін жоғарлатыңыз;•Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күнтізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;•Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.с.с. бас миының жұмысын белсендіреді;•ҰБТ-ның алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;•ҰБТ-дан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз; Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ-мен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға  дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет! Тек қана ата-аналармен  бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен көмек бере алады, бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге жете алады. Сондықтан сынып жетекшілердің міндеті, ата-аналарға “балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндетісіз” деп әр ата-ананы мектеп өміріне жақындатқан жөн.Өз ойымды қорыта келе, құрметті ұстаздар оқушыларға білім, тәрбие беруде ата-аналармен бірлік тауып,үйлесімді жұмыс жүргізілсе, тәлім-тәрбие,оқу-білім нәтижелі болады... Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу. (тренинг)Қатысушылар шеңбер құрып, тұрады. (доп беру арқылы жауап береді)1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы?2.Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?4.Балаңыздың сүйікті түсі?5.Балаңыз спорттың қай түрін ұнатады?6.Балаңыздың қандай өнерлерін білесіз?