?стаздар мерекесіне арнал?ан сценарий


Медина Гаухар Мақсатқызы
Ақтөбе облыстық туберкулез санаториясы мектеп – интернатының
музыка пәні мұғалімі
«Қалдырған ізің мәңгілік»
(ұстаздар мерекесіне арналған концерттік бағдарлама)
Мақсаты:
оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту. Адамгершілікке, кішіпейлікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
І жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар!
ІІ жүргізуші:Добрый день уважаемая учителя!
ІІІ жүргізуші: Good morning dear teachers!
І жүргізуші: Міне жылдағы игі дәстүрмен қазанның алғашқы демалысында ұстаз деген ұлы кәсіптің барша иелерінің төл мерекесі де келді.
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші:
Осындай ұлы мереке қарсаңында ортамыздағы ардақты, аяулы ұстаз Бушмуханбетова Жарқынай Ғабдуалиқызы және Дузкеева Саида Баяшқызы құрметті демалысқа шығуда.
Аяулы ұстаздарымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.
Бірге: Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!
І жүргізуші:
Ізгіліктің нұрын шашар маңайға,
Адамсыз ғой үлгі болар талайға.
Көп нәрсені өзіңізден үлгі еткен,
Ұмытпайды шәкірттерің қалайда.
ІІ жүргізуші:
Мамандығы жүрек қалап таңдаған,
Ұстаздыққа бар ғұмырын арнаған.
Тәрбиелеп мың –мың бала шығарды,
Ауытқымай тура жолдан, арнадын.

Бүгінгі мерекемен құттықтау сөз мектеп – интернат директоры Сулейменова Гүлнар Данабекқызына беріледі.
Слайд жүреді. Өмірбаян оқылады. Папка тапсырылады.
Келесі құттықтау сөз кезегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажибаева Ақмарал Аминқызына беріледі.
ІІ жүргізуші:Біз сіздерге өздеріңіздің шәкірттеріңіздің дайындаған мерекелік концертін ұсынамыз
(Ортаға үш ұл, үш қыз шығады)
Бекзат:
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Диас:
Кто нас учит? Кто нас мучит? Кто нам знания дает? Это школьный наш учитель - Удивительный народ. С вами ясно и светло, На душе всегда тепло. 
Шұғыла:
Ұстаздарым, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып, төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым, баршаңды!
Санжар:
Нам учитель дорогой
Ваш характер нравитса
Кроме вас никто другой
Снами не управится
Нарғыз:
My mother land
I love my mother
She is like a large mountain
The country is so lovely
This scenery evereya good.
Нұрдана:
Қазақ тілі қазағымның айнасы
Күнім болып, бар әлемге жайнашы
Тілім барда, сыр шертемін жырлаймын
15240184150Ұлтымыздың туған тілін сыйлаймын.
«Ұстазға көрсетілетін құрмет»
1. Ұстаз кіргенде құрмет ретінде түрегелу.2. Ұстаз алдында отырғанда тәртіп сақтау.3. Сұрақтарға қолын көтеріп жауап беру.4. Ұстаз айтқан ақыл кеңесің тыңдау.5. Ұстазға жол беру.
6. Ұстаз алдында бей - берекетсіз күлмеу.Хор. «Ұстазым» орындайтын ер балалар.
(ұстаздарға гүл таратылады)
І жүргізуші:
Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын,
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
Сахна төріне бастауыш сынып оқушыларын көңілді бимен шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Ұстаз болу – адамның асылдығы»
Қазақ биі орындайтын қыздар тобы.
І жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,Жүресің құйып санама,Біз үшін сенсің-мұғалім,Ұстаз да,ғылым дана да. Ән «Мектебім» орындайтын Қасенов Жан
ІІ жүргізуші:
-Аружан қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше бізде ұстаздармен әзілдесіп көрейік.
І жүргізуші:
-Келісемін Иманғали. Олай болса Есенжолқызы Света апай, Жекекова Лейла апай, Әлібекова Әдемі апай және Замзамгул Тоқашқызын ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Мектептегі ең үздік ұстаз кім деп ойлайсыздар?
Біз үшін барлық ұстаз ең үздік!
Света апай сізге сұрағым «сіздің кабинетіңіз есіктен санағанда нешінші? »
Лейла апай жатақанада неше бөлме бар?
Замзамгул апай кабинетіңізде қанша комьпютер бар?
Әдемі апай жатаханада неше баспалдақ бар?
Бірге: Жауаптарыңызға рахмет. Тамаша жауап бердіңіздер.
Монолог «Ұстаз» оқитын Төребекқызы Аружан
ІІ жүргізуші:
Мұғалім,ғазиз мұғалім,Сарқылмас мәңгі бұлағымҰланың бүгін тойыңда,Арнайды саған бұл әнін.Ән «Ұстазым» орындайтын Қаратаева Бибінұр және Мейірбек
Сахне төріне қошеметпен Төребекқызы Аружанды қазақ биімен ортаға шақырымыз.
Сахна төріне « Кретив крю» тобын жастар биімен ортаға шақырамыз.
(Барлық қатысушы оқушылар ортаға шығып «Ұстазым» әнінің қайырмасын орындайды).
Соңы.