Аны?тал?ан интегралды к?лемге берілген геометриялы? есептер шы?аруда ?олдану


Сабақ тақырыбы:Анықталған интегралды көлемге берілген геометриялық есептерді шешуде қолдану
Сабақтың мақсаты:
білімділік:Айналу денелерімен таныстыру; айналу денесінің көлемін табуды; конустың, қиық конустың, сфера мен сфералық сегменттің көлемін табудың формулаларын қолдануды меңгерту
дамытушылық: Анықталған интегралды көлемге берілген геометриялық есептерді шешуде қолдана білу дағдысын дамыту
тәрбиелік:Оқушылардың бойында шығармашылықпен жұмыстануға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: бекіту сабағы:
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауапСабақтың көрнекілігі: компьютер, экран, www.Bilimland ресурстарынан видеофильм мен анимацияланған презентацияларын қолдану
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылар назарын сабаққа аудару
ә) сабақ мақсатымен таныстыру
II.Қызығушылығын ояту:
1.Анықталған интеграл және Ньютон-Лейбниц формуласын қолданып фигуралардың аудандарын есептеу тәсілдерін ата.
Үй жұмысы №96 жұптары
"Денелердің көлемдерін есептеу". Анықталған интеграл.
Еске түсіру ауызша анимацияланған презентация арқылы жауап алу




Үй тапсырмасы: №115, №116
III.Мағынаны тану: "Денелердің көлемдерін есептеу". Видеофильм№1 "Айналу денесі дегеніміз не?"
Айналу денелері:Айналу денесі дегеніміз жазық фигураның айналу осі деп аталатын түзудің бойынан айналдырғанда пайда болатын қатты дене.
V =πавf2хdx

Видеофильм№2 "Айналу денесінің көлемі"
Тіктөртбұрыштардың көмегімен көлемді жуықтап есептеу, Айналу денесінің көлемі

IV.Ой қозғау: "Барлық білім кітапта" оқулықтан мысал. у= cosπ, х€ [0; π2] функциясының графигін Ох осінің маңында айналдырғаннан шығатын дене көлемін табайық.
№128, № 129, №130 тақтары
V. Сабақты қорытындылау.
1.Дене көлемін қандай принцип бойынша есептейді?
2.Айналу денесі деп қандай денені айтады?
3. Айналу денесі көлемін қандай формуламен есептейді?
VІ. Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: №128, № 129, №130 жұптары.
VIII. Рефлекция
Білемін Білдім Білгім келеді