Саба? жоспары: Б?кіл?лемдік тартылыс к?ші. Б?кіл?лемдік тартылыс за?ы (9 сынып)


Пән мұғалімі: Макашова Жулдуз Жумабаевна
Күні: 21.10.2016ж.
Сыныбы: 9
Пәні: физика
Сабақ: №15
Тақырыбы Бүкіләлемдік тартылыс күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Мақсаты Бүкіләлемдік тартылыс күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы толық мағлұмат беру. Топта бағалауға баулу
Жалпы мақсат Тілін, сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже Бүкіләлемдік тартылыс күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы толық мағлұмат алады. Формулаларды пайдаланып есептер шығара алатын болады. Топта өзін-өзі бағалай алатын болады
7 модульдің қолданылуы "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық"
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Сәйкестендіру, Сұрақ-жауап, "Жигсо" әдісі, "Пилот-Штурман" әдісі, Блум таксаномиясы
Қолданылатын ресурстар Тақта, стикерлер, ноутбук, портреттер, маркерлер, флипчарт
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг Бағдаршам түстерін таңдай отырып, оқушыларды үш топқа бөлу (2 мин) Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білім
Қызығушылықтарын ояту Сәйкестендіру (5 мин) парақшасы арқылы үй тапсырмасын тексеру
Барлық топ оқушыларынан үй тапсырмасы сәйкестендіру парақшасы арқылы тексеріледі Оқушыларды мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды топпен орындау, білімдерін тексеру. Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады
Түсіну Жаңа тақырыпқа бастама ретінде талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 мин)
1. Тартылыс күші дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Гравитациялық тұрақты дегеніміз не?
3. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашу барысында И.Ньютон қандай болжам ұсынды?
Сабақта қолданылатын әдіс оқушылардың сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала өз ойын айтып, шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз - бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу. Топпен жұмыс жасау
Қолдану "Жигсо" әдісін (15 мин) пайдалану Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты қиындылар беру, өз бетінше дайындық жасату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді
Сергіту сәті "Балапандар биі" атты жаттығу жасау (2 мин) Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсенді тақтадағы бейнероликтердегідей жаттығулар жасайды
Талдау "Пилот-Штурман" әдісі бойынша (7 мин). Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы

1 - топ

2 - топ

3 - топ
Әр топтың оқушыларына тақырыпқа байланысты суреттер тарату. Берілген суретті түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.
Жинақтау "Блум таксаномиясы" бойынша (7 мин) Әр топқа блум таксаномиясы бойынша жасалған кестелер таратылады
Топ мүшелері топ басшысымен кеңесе, ақылдаса отырып, барлығы берілген тапсырманы орындайды
Бағалау Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату Өзін-өзі топпен бағалайды
Рефлексия Стикерлерді толтыру (2 мин)
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру
«Блум таксономиясы» (7 минут)
1 Білу Бүкіл әлемдік тартылыс заңы дегеніміз не? 2 Түсіну Бүкіл әлемдік тартылыс заңының формуласын жаз? 3 Қолдану Массалары 2 т денелердің бір-біріне тартылыс күшін есепте? Олардың арақашықтығы 1 км. 4 Талдау Жер бетіндегі мен жерден бірнене километр биіктіктегі еркін түсу үдеуін салыстыр? 5 Жинақтау Суретті түсіндір
21780555245
6 Бағалау Планеталардың қозғалысында бүкіләлемдік тартылыс заңының маңызы қаншама?