Химиядан 8 — сынып?а арнал?ан Сутегі. Тоты?у-тоты?сыздану тарауы бойынша ба?ылау ж?мысы (критериалды ба?алау)

  «Сутек. Тотығу-тотықсыздану реакциялары» №4 бақылау жұмысы І нұсқа
Сутек жайлы айтылған мына тұжырымдар дұрыс:
күн жүйесі ғаламшарларының 92% -ын сутек атомы құрайды;
латын тілінен аударғанда қышқыл тудырушы деп аталады;
жер бетіндегі массасы үлесі 1% болғанымен, жердегі әр 100 атомның 10 атомы сутек болып табылады;
сутектің бір изотопы бар. барлығы – 4 ұпай
Сутек алудың реакция теңдеуін жаз:
зертханада;
өндірісте. барлығы – 4 ұпай
Элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңдар:
х -1 +1 х -2 +1 х -2 +1 х -2 +1 х х +1 х -1
FeCl3 KClO3 NaClO2 H2SO4 HCl NH3  KBr
барлығы - 10 ұпай
Ca + H2O →
Zn + HCl →
Мына тотығу-тотықсыздану реакцияларын аяқтап жаз (1), тотығу дәрежелерін көрсет (1), тотығу дәрежесі өзгеріп тұрған элементтерді анықтап белгілеп астын сыз (1), тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштын қанша электрон беріп не қосып алып тұрғандығын көрсет (1), реакция теңдеуін теңестір (1)! барлығы – 10 ұпай
Берілген процесте элемент қанша электрон қосып алады немесе беріп жібереді?
Cu0 → Cu+2
Fe+2 → Fe+3 барлығы – 2 ұпай
№ Критерийлер Дескрипторлар
1 Сутегі туралы теориялық білімі (4ұпай). - Сутегінің негізгі қасиеті мен табиғатта таралуы жайында білуі (2ұпай);
- Мәтінді оқып, түсініп талдай алуы (2 ұпай).
2 Сутектін алынуын білуі (4ұпай). Сутектің зертханада және өнідірісте алынуын білуі
(2 ұпай);
Сутекті зертханада және өнідірісте алудың реакция теңдеуін жазу, теңестіру (2ұпай).
3 Берілген қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін таба білуі (10ұпай). Тотығу дәрежесін есептеуде алгоритмді ұстануы;
Математикалық білімін көрсете алуы;
Екі элементтен тұратын қосылыс үшін 1 ұпай, үш элементтен тұратын қосылыс үшін 2 ұпайдан беріледі.
4 Тотығу-тотықсыдану реакция теңдеулерін теңестіруі (10 ұпай). Реакция теңдеуін аяқтап жазу (2 ұпай);
Тотығу дәрежелерін көрсету (2 ұпай);
Тотығу дәрежесін өзгерген элементтерді көрсетуі
(2 ұпай);
Қанша электрон беріп не қосып алып тұрғандығын көрсетуі (2 ұпай);
Реакция теңдеуін теңестіруі (2 ұпай).
5 Тотығу-тотықсыздану процестерінде электрон беріп жіберген кезде не қосып алғанда қалай жазылатынын білуі (2ұпай). Электрон беріп жіберген кезде қалай жазылатынын білуі (1ұпай).
Электрон қосып алған кезде қалай өрнектеліп жазылатынын білуі (1ұпай).
6 Барлығы 30 ұпай Бағалануы: 1-7 ұпай – «2», 8-15 ұпай – «3»,
16-23 ұпай – «4», 24-30 – «5».
«Сутек. Тотығу-тотықсыздану реакциялары» №4 бақылау жұмысы ІІ нұсқа
Сутек жайлы айтылған мына тұжырымдар дұрыс:
a) Циолковский сутектің тиімді зымыран отыны болатыны туралы айтқан;
b) сутек газын ашық шахталық әдіспен топырақтан алады;
латын тілінен аударғанда су тудырушы деп аталады;
сутектің екі изотопы бар. барлығы – 4 ұпай
Сутек алудың реакция теңдеуін жаз:
а) зертханада;
өндірісте. барлығы – 4 ұпай
Элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңдар:
х -1 +1 х -2 +1 х -2 +1 х -2 +1 х х +1 х -1
AlCl3 KMnO3 HClO2 Na2SO4 HCl PH3  KI
барлығы - 10 ұпай
Na + H2O →
Al + HCl →
Мына тотығу-тотықсыздану реакцияларын аяқтап жаз (1), тотығу дәрежелерін көрсет (1), тотығу дәрежесі өзгеріп тұрған элементтерді анықтап белгілеп астын сыз (1), тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштын қанша электрон беріп не қосып алып тұрғандығын көрсет (1), реакция теңдеуін теңестір (1)! барлығы – 10 ұпай
Берілген процесте элемент қанша электрон қосып алады немесе беріп жібереді?
S0 → S+4
Cl20 →2Cl-1 барлығы – 2 ұпай
№ Критерийлер Дескрипторлар
1 Сутегі туралы теориялық білімі (4ұпай). - Сутегінің негізгі қасиеті мен табиғатта таралуы жайында білуі (2ұпай);
- Мәтінді оқып, түсініп талдай алуы (2 ұпай).
2 Сутектін алынуын білуі (4ұпай). Сутектің зертханада және өнідірісте алынуын білуі (2 ұпай);
Сутекті зертханада және өнідірісте алудың реакция теңдеуін жазу, теңестіру (2ұпай).
3 Берілген қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін таба білуі (10ұпай). Тотығу дәрежесін есептеуде алгоритмді ұстануы;
Математикалық білімін көрсете алуы;
Екі элементтен тұратын қосылыс үшін 1 ұпай, үш элементтен тұратын қосылыс үшін 2 ұпайдан беріледі.
4 Тотығу-тотықсыдану реакция теңдеулерін теңестіруі (10 ұпай). Реакция теңдеуін аяқтап жазу (1ұпай);
Тотығу дәрежелерін көрсету (1ұпай);
Тотығу дәрежесін өзгерген элементтерді көрсетуі (1 ұпай);
Қанша электрон беріп не қосып алып тұрғандығын көрсетуі (1ұпай);
Реакция теңдеуін теңестіруі (1ұпай).