С?здік ж?мысы ар?ылы ?аза? тілі саба?ына о?ушыларды? тілін дамыту


Сөздік жұмысы арқылы қазақ тілі сабағына
оқушылардың тілін дамыту
Шығыс Қазақстан облысы
«№ 10 жалпы орта білім беретін мектеп»
КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
«... Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі  кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз» - деді өз Жолдауында  Елбасы.
Қазіргі  кезде  қазақ тілін үйретудегі басты кемшілік тіл үйренушіні мемлекеттік тілде сөйлете алмай отыруымызда болып отыр. Өзге ұлтқа қазақ тілін оқыту оңай жұмыс емес. Ал тілді үйрету отбасынан, бала-бақшадан, мектептен басталатыны барлығымызға мәлім.  
Орыс тілді мектептегі қазақ тілі сабағын жүргізудегі мәселенің бірі – тіл дамыту. Оқушылардың қазақ тілінің үйренуі – танымдық процесс, соның нәтижесінде олар ана тілінен басқа тілді меңгере алады. Тілді үйретуде қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту, оны кез келген ортада еркін тілдік  қатынасқа түсе алатын дәрежеге  жеткізу мүмкін емес. Оқу материалын оқушыларға түсіндіру, ол туралы мәліметтер беру- мұғалімнің міндеті. Сондықтан қазақ тілін меңгертуде сөздік жұмысының орны ерекше.
Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны  жаңа сөздер  үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін  сөзердің мағынасын анықтауда мыңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға мүмкіндік береді, сөздерді байланыстырып, сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.        Сөздік жұмысының  ерекшелігі: тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.         Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның творчествалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның байлығы.Сондықтан мектепте оқушыларға сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор. Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді. Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор.        Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып кеңітсе,  екіншіден,  үйренген сөздерін  қатесіз, сауатты жазуға  бейімдейді де, ал үшіншіден сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді. Сөздік жұмысы оқу сабағында мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:1.Балалардың  сөздігін байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру,
жаңа сөздер үйрету.2.Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен салыстыру арқылы жаңа контекске пайдалану.3.Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету.4.Байланыстырып сөйлеуге  көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланыстыра жүргізу.5.Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау.6.Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу.7.Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.         Сөздікті байытудың негізгі көзі – оқулықтағы мәтін, жаттығулар, тапсырмалар  және мұғалімнің  сөзі.сондықтан оқулықтардағы ұлы классик сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілірінен мақал–мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқып, сусындап отырғандары жөн.Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі қадағаланады, яғни балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек.        Мәтіндегі кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру 3 кезеңде жүргізіледі: I. Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде.II.  Мәтінді оқу барысында.III.  Мәтінді оқып шыққаннан кейін        Өлең оқу барысында сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болғаннан соң ғана жүргізіледі.         Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:1. Затты табиғи жағдайда бақылау немесе көрсету, экскурсия ұйымдастыру.2. Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздің мағынасын ашып көрсету.3. Синоним сөздер қолдану: «қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?» деген сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстыру.4. Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы да түсіндірген пайдалы. Мысалы: тетелестері сөзінің түбірі қайсы? т.б5. Сөздерге анықтама беру арқылы түсіндіруге болады. Мысалы: аэродром – ұшақ ұшып, қонатын алаң т.с.с1. Абстракциялы ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп, әңгіме айтылады. Мысалы: батырлық, адамгершілік т.с.с. сөздердің мағынасы осы әдіспен түсіндіріледі.2. Сөздердің мағынасын түсіндіруге техникалық құралдардың біраз пайдасы бар.         Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа көріністерді байқау сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушылардың ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Сөздік жұмыстарының ең маңызды бөліктерінің бірі -оқушылардың үйренген сөздерінің белсенділігін арттыру. Ол үшін сабақ сайын жүйелі түрде арнаулы тапсырмалар ойластырылып отыруы керек: -   үйренген сөздерін кірістіріп, сөз тіркестерін құрау;-    үйренген сөздерін қатыстырып, сөйлем құрау;-    осы сөздерді қатыстырып, мәтінге жақын әңгімелеу т.б.         Оқушы өзінің үйренген сөздерін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсе, оның ақыл ойын дамытуға әсер етеді. Демек, сөзді орынды қолданып, оның мағынасын жетік білетін бала өз бетімен сөйлем құрап, оның мағынасын түсініп, сөйлеу тілінде шебер қолданатыны сөзсіз. Грамматиканы, синтаксисті  жақсы меңгерген оқушы сөз тіркесін дұрыс біліп, сөйлем құрастыра алады. Мұғалім сөз тіркесін және сөйлемді құрату арқылы оқушыны тілдік фактілерді орынды қолдана білуге,әсіресе синонимдік қатарларды, сөзді талғап, таңдап қолдануға үйретеді. Сонда ғана баланың жазған мазмұндама, не шығармасы талапқа сай болады, жазба тілі дамиды. Ауызша тіл кітап оқу, әңгімелеу арқылы көрінсе, жазбаша тіл дамыту мазмұндама, шығарма т.с. жазу жұмыстары арқылы іске асады. Бұл жұмыстардың қайсысы болсын, сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға, үйретуге, оның творчестволық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Ауызша және жазбаша (мазмұндама, шығарма) жұмыстарын дидактикалық принципке сүйене отырып оқушылардың ойы мен тілін дамытуға мүмкіндік береді. Ана тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу әр адамның азаматтық парызы болып саналады.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – Алматы, 2005. 2. Бектуров Ш.Қ. Қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Морфология. Синтаксис. Алматы. Атамұра, 2006.