Д??гелек ?стел «Ата-ананы? бала?а деген ?арым-?атынасы»


«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №8 «Өркен» бөбекжайы»

Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы» 
/ ата-аналар /

Өткізген психолог: Купешева Г.С.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы» 
Мақсаты: Ата-ананың баласына деген сенімін ояту, мейірімділікке, сүйіспеншілікке баулу.Қатысқандар: ата-аналар
Түрі: дөңгелек үстел
Барысы:1. «Менің балам? » жаттығуы2. "Жылы сөздер" сайыс ойыны
3. Ситуациялық сұрақтар4. Ата-аналарға арналған "10 өсиет"5. Сергіту жаттығуы
6. Ой-толғаныс
Психологиялық дайындық:
Құрметті ата-аналар! Сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Барлығыңызға сергек көңіл-күй тілеймін. Бүгінгі «Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.
Ата-ананың бас қуанышы бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі-бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақырып ата-ана көңілін жақындастыра түсетін бала.
"Халқымыз-ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі де санайды.
1. "Менің балам" жаттығуыПсихолог: Балаңызды күтіп жүргендегі сезімдеріңізді еске түсіріңіздер. Қазіргі уақытта балаңыз қандай? Оған байланысты туған проблемалар жөнінде ойламауға тырысыңыз. Ол қандай болса да, сіздің балаңыз. Ол сіздің махаббатыңыз бен мейіріміңізге мұқтаж. Ал бұл сезімдер әрқашан керемет!!!
Тапсырма: Сіздер "Мен баламды туылғанға дейін қандай деп елестеттім және қазір ол қандай?" деген сұраққа сурет салуға не өз ойларыңызды ашып жазуға болады.
2. "Жылы сөздер " сайыс ойыны
Мақсаты: Ата-аналарды сергіту.
Нұсқау: Бұл ойынға жеңімпазды анықтау үшін төреші сайлайық. Ата-аналар 1 минут ішінде қолдарына қалам алып, қағаз бетіне бір күнде балаңызға қанша жылы сөздер айтасыз, соны тізіп жазып шығыңыз. Саналған минуттар ішінде кім көп сөз жазса, сол ата-ана жеңімпаз атанады.
3. Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі. Демек, балаға тәрбие беру, яғни отбасынан басталады.
Ситуациялық сұрақтар
Сізде үйде бала тәрбиесіне кім көбірек көңіл бөледі деп ойлайсыз?
"Отбасы бақыты" дегенді қалай түсінесіз?
Отбасыңызда болған балаңызға қатысты қызықты оқиғаны айтып берсеңіз?
Сіз асығыс боп қонаққа жиналдыңыз, балаңыз болса ертегі оқып беруді өтінді, сіз не істейсіз?
Үйде балаңызға қандай ертегілер оқып, айтып бересіз?
Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?
Қазіргі өмір талабына байланысты көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне көңілдерін аз бөлуде. Мәселен, сіз таңертеңнен кешке дейін жұмыста болып, үйге шаршап барғаныңызда балаңыздың қойған сұрақтарына жауап беруге де шамаңыз келмеуі мүмкін. Осы тұрғыда не айтасыз?
Баламның бойынан мені не ренжітеді, не қуантады?
Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз?
Үйде балаңызбен қандай ойындар ойнайсыздар?
4. Психолог балаларға қатысты "10 өсиетті" бастап оқиды, ал ата-аналар балаға қатысты ойларын жалғастырады.
1.Егер баланы үнемі сынайтын болса, онда ол - жек көру, жасқаншақтық, тұйық болуы мүмкін.
2.Егер бала дау-жанжалдың ортасында өссе, онда ол - қорқақ, агрессивті болып өсуі мүмкін.
3.Егер баланы кемсіте берсе, онда ол - өзін кінәлі сезінеді, өзіне сенімсіздік білдіреді, кекшіл, өзін төмен сезінеді.
4.Егер бала шыдамдылықта өссе, онда ол - шыдамды, сабырлы, төзімді, өзгелерді түсінуді үйренеді.
5.Егер баланы мақтаса, онда ол - өзін жоғары санайды, кеңпейіл боп өседі.
6.Егер бала адалдықта өссе, онда ол - адал, шыншыл, өтірік айтпайды, өзгелерді түсініп өседі.
7.Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол - қорқыныш сезімі болмайды, адамдарға сенуді үйренеді.
8.Егер баланы қолдаса, онда ол - өзін бағалауды үйренеді, алға қарай ұмтылады.
9.Егер балаға кемсітіп күлсе, онда ол - тұйық боп өседі, ашылмайды.
10.Егер бала түсіністік пен достық қарым - қатынаста өмір сүрсе, онда ол - тәрбиелі, бұл әлемде сүйіспеншілікті таба алады.
5. Сергіту жаттығуы.
Бүгінгі дөңгелек үстелде жақсы көңіл-куйде болдым десеңіз аяқты еденге соғайық.
Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық.
Осы балабақша туралы жақсы ой пікірдегі адамдар бәрі керемет деп айқайлаңыздар.
Бүгінгі кездесуге қуаныштылар ду қол шапалақтайық!
6. Ой-толғаныс
Қорытындылау
Әрқашанда балаларыңызды мейірімге, махаббат құшағына, қуанышты сәттерге бөлей жүріңіздер.
Рахмет!