Баяндама О?ушыларды? танымдык ?рекетін ?алыптастыру


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ.
Бисекешева Айгүл Сапарғалиқызы
№24 лингвистикалық мектеп – гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі
Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Балалардың жалпы психологиялық дамуы мектептеге оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Баланың оқу әрекеті – күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл – ойы еңбеге белсенді әрекет болуға тиісті.Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. психикалық үрдістермен байланысты іске асырылып отырады.
Қазіргі қоғам жеке адамның прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді.Халқымыздың ұлы ақыны Абайдың қара сөзіндегі даналық ойларына тоқталсақ ол «Адам баласы өмірге келгеннен кейін ішсем, жесем, көрсем,білсем,үйренсем екен деп армандайды» деген. Осыдан ақ адам баласының өмірге келген күннен – ақ айналасын танып білуге құмартатыны белгілі. Осы мақсатта, алдымен баланың танымын дамытып, тәрбиелей білуіміз шарт. Сол үшін әрбір ұстаз алдындағы балауса шәкірттерінің дүниетанымын бақылап, оған дұрыс бағыт-бағдар беріп, айналадағы өмір болмысына сай жан-жақты тәлім-тәрбие беру қажет.Сондықтан өз ойым – жас бүлдіршіндердің мектепке алғаш келген күннен бастап, біліммен қатар танымдық қасиеттерін де дамыту керек деп ойлаймын. Себебі өзін қоршаған дүниені жете таныған бала сабақты да терең меңгереді. Ал, баланың танымдық әрекеттерін (түйсіну, қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау) арттырмайынша, сапалы, жан-жақты білімге қол жеткізу мүмкін емес.
Адам санасы үш түрлі құрамнан тұрады. Ол ақыл – ой,сезім, ерік.Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты басым болса, оның өмірдегі ізденісі мен ұмтылысы да соны бейнелейді.
Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады.
Оқу жұмысының мақсат – міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дурыс пайдалануға, өз әрекетін пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға, (бақылауға) бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін – өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор. Осындай күрделі әрекеттерге байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу әрекеті арқылы іске асады.
Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау –белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен – өзі қалыптаспайды.
Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан тұрады.
Баланың ой операциясын дамытып талдау, жинақтау, топтау және классификациялауға арналған мынадай жаттығулар жургізуге болады. Балаға бірнеше заттың бейнесі көрсетіледі. Бала сол суреттерге қарап талдап, топтар жүйелеп, логикалық ой қорытындысын шығара білу керек. Мысалы:
Бірнеше бас киімнің ішінде бір етіктің суретін көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрасақ балалар артық затты айтады.
Бірнеше аңдардың ішінен бір құстың суретін көрсету.
Дыбыстарды топтау. Мына дыбыстардың ішінен дауысты дыбыстарды теріп жаз немесе жуан дауысты дыбысты ата немесе орыс тілінене енген дыбыстарды теріп жаз.
Жануарларды топтау. (Үй жануарлары, дала жануарлары)
Құстарды топтау (Үй құстары, дала құстары )
Балаларға бірнеше геометриялық фигуралардан бір зат құрастыру (құс, жануар, балық т.б) Құраған фигураны боя десең, әр бала өзінің ойлау деңгейіне қарай бояйды
«Ес – ақыл қоймасы», «Есте сақтау – ақыл – ой кені »(Бірнеше геометриялық фигураларды көрсетіп соның ішінде есінде қалғанын салғызу) оқушыларды есте сақтау қабілетін дамыту үшін оларға көрген затын, көрген құбылысын еске түсіру арқылы бейнелеуін қадағалау керек.
Балаларға (үйге қайтарда не көрдің қағаз бетіне түсір немесе ойша) әңгіме құра, суретін сал.) Бұл айналаны бақылау, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту (3-4 класс) үшін(бір жағынын әңгіме, шығарма жазуға үйрету)
Баланың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын жойып алмау үшін кез – келен тапсырманы берер кезде;
Оның бала ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескеру
Берілген тапсырманын тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлу
Қандай да болсын берілген тапсырма бала қызығушылығын оятатындай деңгейде болу.
Егер бала бір нәрсеге қызықса, онда оның табиғатына тән білсем, білгенімді айтсам деген талпынысы күшейе түседі,сөйлеуге деген қажеттілік туады.
Оқушының танымы өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психологиялық үрдіс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Танымдық әрекеттің негізіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының құштарлығы.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.   Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 2. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 2013
Тіркеу:
Бисекешева Айгүл Сапарғалиқызы
№ 24лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Ақтөбе қаласы
Мақала тақырыбы: "Оқушылардың танымдық әрекеттерін дамыту ."