Е?бекке баулу п?нінен Таби?и материалдарды са?тау та?ырыбы бойынша саба? ?зірлемесі. 1-сынып


Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Табиғи матерялдарды сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғи матерялдарды сол қалпында дұрыс сақтау, өсімдіктерді кептіру тәсілімен таныстыру;
Дамытушылық: Табиғи матерялдарды жинау кезінде табиғатқа зиян келтірмеу ережелерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың жұмысқа икемділігін арттыру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,пікірталас, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың жабдықтары; Табиғаттың суреттері, бұтақтар, жапырақтар
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ.Жаңа сабақ
ІҮ. Сергіту сәті
V.Оқулықпен жұмыс
ҮІ. Кім жылдам? ойны
ҮІІ. Практикалық жұмыс
VІІІ. Қорытынды
ІХ.Үйге тапсырма
ХХ.Бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды тыныштандырып, назарларын сабаққа аудару.
а) Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Үй тапсырмасы: «Табиғатқа саяхат» мәтінін сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Табиғи матерялдармен жұмыс істеу ұқыптылықты, зейінділікті талап етді. Жұмыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде матерялдарды таңдау, талдау жасау (бұтақтар,кепкен жапырақтар, шырша бүрлері ағаш бүрлері, ағаш қабықтары, т.б.) артық бөліктерін алып тастап белгілі бір бейнеге ұқсату жолдарын ойластырады. Екінші кезеңде табиғи матерялдарды қолданып негізгі алға қойған міндеттерін шешуде заттың жеке бөліктерін негізгі бөліктеріне біріктіру, бейнені нақты бере білуге талпынады. Үшінші кезеңде баланың жұмыс жасап отырған тақырыбына сәйкес мазмұн бере әсерерлеп, безендіру ой қиялын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, еңбек нәтижесінің сапалы болуын көңіл бөледі.
Табиғи матерялдармен жұмыс істеуде, сабақ кезінде және арнайы мақсатты серуендерге апарғанда, жұмыс істеуге қолданылатын матерялдардың сапасын анықтап (қатты, жұмсақ тегіс немесе тікенекті, мамық үлпілдек т.б.) өзі дайындайтын затқа лайықтап таңдап алады.
Балалардың табиғи матерялдардан дайындаған заттарын, аулан түрлі икэбаналар, сабаннан жасалған адам, жәндіктер, күшіктер, т.б. кейіпкерлерді бір біріне сыйлық етіп ұсынуға топбөлмелерін безендіруге қолайлы.
ІҮ .Сергітусәті.
Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық.
Ү.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқушылар тізбекпен оқып шығады.
ҮІ. «Кім жылдам?»
Балалар, қазір үш қатарға бөлінеміз.
1 –қатар: Суретшілер (өз ойларындағы кез келген әдемі табиғаттың суретін салып, қорғайды)
2 – қатар: Мүсіншілер(ермексаздан кез келген бір табиғаттың мүсінін жасап, қорғайды)
3 – қатар: Тапқырлар( берілген сурет бойынша әңгіме құарп, қорғайды)
ҮІІ. Практикалық жұмыс
Ермек саздан ағаштың мүсінін жасайды. Қандай ағаш екенін қайда өсетінін айтып қорғайды.
VІІІ. Қорытынды
Табиғаттың неше түрін білесіңдер?
Өлі табиғатқа нелер жатады?
Ауа, су, тау, тас қайсы табиғатқа жатады?
ІХ.Үйге тапсырма
«Табиғатқа саяхат» мәтінін оқып келу.
ХХ.Бағалау