Презентация по географии на тему Батыс Еуропа елдері


Бүгінгі сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:1. Географиялық викторина (сұрақтарға жауап беру) 2. Үй тапсырмасын сұрау. «Постер құрастыру» 3. Жаңа тақырыпты жұмбақтап шешу 4. «Картаны жина» ойыны 5. Электрондық оқулықтың тапсырмалары 6. Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны 7. Білім алушылар өздерін бағалайды. Географиялық викторина Әр топтан 2 студенттен кезекпен ойынға шақырылады. Ойынға шақырылған команданың мүшесі карточка таңдап, ішіндегі сұрағын дауыстап оқып сол бойда жауап береді, жауап бере алмаса қарсы команданың мүшесі жауап береді. 1 – топ – ЕО2 – топ – АСЕАН3 - топ - НАФТА4-топ - ОПЕК
Постер құрастыру және оны қорғауӘр топ берілген интеграцияға толық ақпарлама беру қажет. Постердің таза, берілген тақырыпқа сай орындалуына және оны қорғау сапасына баға қойылады. Постер құрастыруға 3 мин, қорғауға әр топқа 2 минуттан уақыт беріледі. 1 топ – ЕО; 2 топ – НАФТА; 3 топ – АСЕАН; 4 топ – ОПЕК

Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Олар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар. Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті,сарымсақ сорпасын тамсана жейді.Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады. Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді. Сірә, бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар. Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған.Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы,сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттердің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады. Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше(килт),аяғына темір таспалы дөрекі башымақ киеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Үштік Одақ құрған және 1914 жылы Шлиффен жоспарын құрып, «Сыра бүлігін» ұйымдастырған, 1918 жылы Компьен орманында тізе бүгіп, 1939 жылы 1 қыркүйекте Екінші дүниежүзілік соғысын ашып, 1941 жылы «Барборосса» жоспары арқылы КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасаған ел. Батыс Еуропа елдері
style.rotationppt_wppt_y Еуропа – (гр. Europa, семит тілінің «эреб» батыс деген мағынаны білдіреді. Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азия мен бірге Еуразия құрлығын құрайтын әлем бөлшегі. Ол құрлықта Орал тауы Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздеріне ұласады. Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы арқылы Мәрмар теңізіне, Дарданель бұғазы арқылы Адриат теңізі, Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитына шығады. «Картаны жина ойыны»Дүниежүзілік туризм орталықтары елдерінің картасын төрт топтан төрт білім алушы шығып тез арада құрастырып,топпен бірге ақылдасып, мәлемет айтуы керек. Электрондық оқулықтың тапсырмалары
style.rotationppt_wppt_y Сабақты қорытындылау.Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), Бүгіні сабақтағы керек емес, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).Ал бүгіні тақырыптың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) Бағалау. Білім алушыларға бағалау парағы беріледі, сабаққа қатысу деңгейі бойынша студенттер өздерін бағалайды.
style.rotationppt_wppt_y Үйге тапсырма. - Әр топқа жеке тақырыпша беріледі Орт.Еуропа, 2. Шығыс Еуропа, 3. Солт.Еуропа, 4. Оңт. Еуропа аймақтарындағы елдеріне презентация,сөзжұмбақ құрастыру.- «Батыс Еуропа елдері» контур картаға түсіру.