Конспекты урока по Айналамен танысу для предшколы ”Бай?о?ыр – ?арыш айла?ы”


Сабақ:№14
Күні: 21.04.17
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Айналамен танысу
Тақырыбы: Байқоңыр – ғарыш айлағы
Мақсаты: 1. Байқоңыр жайлы түсіндіру. 2. «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату арқылы Күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы мағлұмат беру.3. Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу.
Сөздік жұмыс: айлақ, күн жүйесі, ғаламшар, т.б.
Көрнекіліктер: Суреттер, түрлі – түсті бояулар, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы:
1.Ынталандыру – қозғаушы кезеңі: Шаттық шеңбері
Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз!
«Ғарыш әткеншегі» ойының ойнату.
Шарты: Ортада бір бала Күн болып тұрады. Қалған балалар күн жүйесіндегі ғаламшарлар, мысалы, Жер, Сатурн, Уран, Меркурий, т.б. болады. Көңілді музыка әуенімен балалар «Күнді» айнала жүреді.
2.Іздену-ұйымдастырушы кезеңі:
Педагогтің түсіндіруі:
- Байқоңыр – ғарыш алаңы (айлағы). Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин «Васток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш апараттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 ж.ж.) болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
3. Сөздік жұмысын жүргізу:
Айлақ – ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.
Ғарыш – аспан әлемі, космос.
Ғаламшар – Күнді айналатын, Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.
Күн – әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Оның жүйесінде Жер, Марс, Меркурий сияқты ғаламшарлар бар.
4.Пікірталас өткізуге арналған сұрақ:
- Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?
Дәптерге зымыранның суретін салғызу.
5. Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық..
6.Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне зымыранның суретін салғызу.
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі: Сабақта алған білімдерін сұрақ – жауап әдісі арқылы пысықтау. Мадақтау.