Проект «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балаларды? музыкалы? дамуында?ы дидактикалы? ойындар»


«Болашақ» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Касымова Сада КанатовнаЖоба: «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалардың музыкалық дамуындағы дидактикалық ойындар» «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалардың музыкалық дамуындағы дидактикалық ойындар» Мақсаты: Музыка сабақтарында балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу;дидактикалық ойындар арқылы балаларда музыкаға деген қызығушылығын арттыру;балалардың музыка сабақтарында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. «Қызықты ноталар» ойыныОйын басында ұсынылған жиынтық көмегімен және (немесе) оны тақтаға салу арқылы нота тұрағын қою керек. Ойын кеңістігін ұйымдастыру: ойынға қатысушылар санына қарай балаларды топтарға немесе жеке бөле отырып, жұмыс үстелінде өткізуге болады.Алдағы уақытта ойынды жиынтықтан құрастырылған «нағыз» оркестр ұйымдастыру көмегімен дамытуға болады. «Үй құрылысы» ойынын қатысушылар санына және алдағы уақыттағы дамуына қарай үстел үстінде де, еденде де ойнауға болады. Қоңырау саны жеткілікті болса ойынға келесі композицияны енгізуге болады. «Пианино» ойыныОйынның басында балалар «пианино» құрастырады, сосын кезекпен шығып, өзін онымен «сүйемелдейді» , ән айтады. Ойынның алдағы уақытта дамуын психо-эмоционалдық шиеленісті азайтуға бағытталған ұқсас тақпақтарды пайдаланып, ырғақтық-музыкалық қимылдарды келтіру арқылы түрлендіруге болады. Балалар қолдарын жандарына созып тұрады, бір жақтан екінші жаққа тербеледі (жағдаят: әркім өз қайығында).Балалар қолдарын созып, біріктіріп барлығы тұрады, музыка ырғағында тербелісті орындайды (жағдаятты ойнау: барлығы қайықта, ол аударылып кетпеуі үшін үйлесімді қимылдау керек.) «Ырғақты суреттер» ойыныОйын басында балаларға әнді тыңдатқан дұрыс. Жұмыс кеңістігін үстелде, тақтада немесе еденде ұйымдастыруға болады.Ойынның ары қарай дамуы, ырғақты суреттерді салу, В.Берестовтың тақпақ карточкаларында ұсынылған немесе басқа да өлең немесе балалар білетін немесе өздері құрастырған музыкалық шығарма көмегімен түрлендіруге болады. «Бұлақ» ойыныҚатысушылар санына қарай бір қатар бойына, не жиынтықтың шығыршық бойына тұрады.Ойынның ары қарай дамуы «Шалшық» ойыны көмегімен жалғастыруға болады. Балалар орындарында немесе зал бойында жиынтық шығыршықтарын аттай, аяқтарын биік көтеріп жүреді және ән айтады. Алақандарын беттеріне басып, бастарын ары - бері шайқайды. Қолдарын белдеріне қойып секіреді. Жиынтықтағы бейнелі шалшықты секіріп өтеді. Жобаның тиімділігі: 1) Бұл ойындар әр жас топтарына сәйкес жиын санға арналған және дидактикалық ойындар. Мектепке дейінгі жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастырдық. 2) Балалардың есте сақтау қабілеттерін ғана жетілдіріп қоймай сондай ақ, ойын ережелерін сақтай білуге үйреттім;3) Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдандым, ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескердім. 4) Эксперимент жұмысының нәтижесінде балалардың жеке басының даму көрсеткіштері қалыптасып, өзін-өзі ұйымдастыру, өз мінез-құлқын реттеу қабілеттері қалыптасты. Бұл іс-әрекеттің ересек адамның көмегі мен басшылығы арқылы ұйымдастырылды. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!