«Тілі толы? жетілмеген даму м?мкіндігі шектеулі балаларды? жазуында?ы а?ауын т?зету».


№6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты.
Мұғалім-сурдопедагог Қойшыбаева Индира.
Тақырыбы: «Тілі толық жетілмеген даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жазуындағы ақауын түзету».
Түзету оқуының ең басты бағыттары:
1.Дыбыстарды дұрыс айтылуын қалыптастыру (арнайы логопедиялық әдістерді қолдана отырып дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, дыбыстардың артикуляциясын анықтау)
2.Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру (дыбыстарды ажырата білуге, есте сақтауға үйрету, артикуляциялық дағдыларды және фонематикалық қабылдауын дамыту)
3.Сауат ашудан оқуына дайындық (оқу мен жазу)
4.Байланыстыра сөйлеуін дамыту.
Жазудың патологиялары аграфия, дисграфия деген термин сөздермен аталады.
Қазіргі уақытта балалардың оқу мен жазуындағы кемістіктер сөйлеу фонетико-фонематикалық және лексико-грамматикасының барлық сыңарларының жалпы толық дамымауы салдарынан жиі болатындығы анықталды. Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінде 3- деңгейінде балаларда пайда болдв, ал жалпы сөйлеу кемістігінің ауыр түрлерінде (1-2 деңгейі ) оқуы мен жазуды меңгеру мүлде мүмкін емес. Бұндай балаларды жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі сөйлеу тілін қалптастырумен айналысу керек.
Оқу мен жазу дағдыларын қалпына келтіруге фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуымен қатар,көру,түйсігі және кеңістікті бағдарлауы, қимылы, жазуға үйрету кезінде , ең алдымен , қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қимылдары дамуының маңызы зор.
Оқу мен жазу дыбыстық талдау , жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні баршаға мәлім. Сондықтан , ең бірінші талап-балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге , дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ол үшін әртүрлі ойын түрлері пайдаланылады. Мысалы: «Еденге не түсті ?» , «Қай аспапта ойнады ?», «Кім атыңды атады ?» , «Қай жануарлардан үн шығады?».
Келесі тапсырма – суреттермен жұмыс.
Суреттегі затты атап, оған дыбыстық талдау жасау.
1.Сөздегі бірінші дыбысты ата.
2.Сөздегі соңғы дыбысты ата.
3.Сөздегі дауысты дыбысты ата.
4.Сөздегі дауыссыз дыбысты ата.
5.Дыбыстарды ретімен атап шық.
Дыбыстық жинақтау дағдыларын қалыптастыру. Жеке кеспе әріптерден сөз шығару.
Л,Қ,А,Р,Ш,А.
Жазу процесін түзету үшін саусақтың бұлшық ет қимылдарын дамыту қажет. Ол үшін сурет, еңбек, жазу сабақтарында міндетті түрде арнайы жаттығулар өткізілуі қажет.
Менің логопедиялық жұмысымның бір түрі қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Жаттығуларды орындау барысында балалардың жазу дағдыларын дұрыс қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды. Логопедиялық жұмыс барысында осы әдістерін көп пайдаланамын:
Қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілодіруге арналған жаттығулар. (саусақтарға арналған жаттығулар – «алақан», «алақанды қыздыру», «саусақтар амандасады».)
Оқу мен жазуды үйрету аса жауапты да күрделі жұмыс, өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, санымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек сауат ашудың міндетті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға , дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза анық жазуға машықтандыру міндетті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады. Осы бағытта мынадай жұмыстар жүргізіледі.
1.Трафарет, контурлар жұмыс жасау, берілген нүктелерді қосу арқылы геометриялық фигураларды сызу, фигуралардың ішін штрихтау.
2.Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтардын тұратын оюлар салу.
3.Әріп белгілеріне ұқсас заттарды салу.
4. Әріп элементтерін сызу.
Сонымен қатар , әртүрлі дидактикалық арнайы ойындарды қолданған жөн.
Мысалы: «Кім пирамиданы тез жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Кім» жылдам» (шашылған ұсақ заттарды жинау). Бұл ойын барасында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар, ойлау, сөйлеу қабілеттерін де дамытады.
Тілі толық дамымаған балалардың көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту қажет, өйткені ,көру түйсігі негізінде балалар ұқсас әріп белгілерін ажырата білуге, оқуға, жазуға үйренеді. Аталған жұмыс түрі мынадай бағытта жүргізіледі:
1.Заттың ұқсастықтарын,ерекшеліктерін табуға дағдыландыру.
2.Бірден көріп , дұрыс қабылдауға үйрету.
3.Бүтін бөлшектерді бөліп, бөлшектерден бүтін зат құрауға үйрету.
4.Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру.
5. Көру қабілетін күшейту.
«Бисермен ойын».
Ойын алдында моншақтарды араластырады. Балалар түс, көлемі бойынша ажырату керек , бөлек қораптарға салады. Ойын барысында балалардың көру түйсігі қалыптасады, саусақтарының қимылы бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуы дұрысталады.
Бала алдымен жазуды үйренуі керек, содан соң оқуды. Жазуға қарағанда оқу процесі қиын соғады. Жазуды үйрену алдында бала сөздегі дыбысты ажырата білу керек, әр дыбыс қандай әріппен таңбаланатынын , жеке әріптерден сөз шығару, сосын сөзді жазып шығу.
Саусақтарымен әріптің үстінен жүрген кезде, бала көзбен саусақтардың жүру бағытын қайталайды. Әріптер жазба түрінде беріледі.
Сонымен қатар , жазу процесіне ықпал ететін саусақтарға жасалатын массаж болып табылады. Массажды қарындаш арқылы жасауға болады.
Логопедияның жұмысының негізгі бағытының бірі сөздік қорларын байыту және оларды іс жүзінде пайдалана білуге жетілдіру.
Балалар жаңа сөздердің әртіүрлі жасалу жолдарымен танысады. Әртүрлі жұрнақтармен бірнеше жаңа сөз жасайды : ән-әнші...
Жазу процесін түзету үшін грамматикалық дағдыларын жетілдіру қажет. Бұл кезеңнің ең негізгі мақсаты – жалғаулықтарды түсіндіру және қолдану, жалғаспалы көп бейнелі суреттер бойынша сөйлемдерді құрастыру, сөйлесдерді кеңейту және қысқарты болып табылады.
-апам келді.
-апам қайдан келді?
-апам ауылдан келді.
-апам ауылдан қашан келді?
-апам ауылдан кеше келді.
Жазуындағы , оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы бар оқу жылы бойы жүргізіледі. Олардың қажетті шарттарының нәтижелігі ауызекі сөйлеу тілі мен жазуын жетілдіру болып табылады. Оқу мен жазуындағы кемістіктерді түзету әрдайым тоқтаусыз жұмыс істеуді қажет етеді. Соның нәтижесінде оқуда жалпы үлгірімі төмендеп кетуі де мүмкін. Сондықтан оларды алдын-ала сақтандыру жеңілірек және тиімді болады.
Жоғарыда айтылып өткен әдіс-тәсілдерді , элементтерді сабақтарымызда пайдалан отырып, мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады:
1.фонематикалық есту қабілеті жетіледі.
2.есте сақтау, ойлау қабілеті дамиды.
3.қолдың ұсақ моторикасы дамиды.
4.оқу мен жазу дағдылары дұрыс қалыптасады.