Дефектология п?ні бойынша Дизартрия туралы презентации


Дизартрия Дизартрияның шығу себебі :Баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әртүрлі келеңсіз жәйттердің тигізетін зиянының нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан болады. Бұл көбінесе толғақ қызуының келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзаққа созылған инфекцияның, оттегінің жетіспеушілігінің интоксикацияның, жүктілік кезіндегі токсикоздық және басқа да бірқатар жәйттердің нәтижесінде құрсақтағы зақымданудан болады. Мұндай жағдайлардың көбінде бала туылған кезде асфекция пайда болады және шала туылады. Зақымдану аймағына қарай бөлінеді :сопақша ми дизартриясы. ми қыртысы дизартриясы. ми қыртысы асты дизартриясы . Дизартрия жағдайындағы тіл кемістіктерін түзетуде логопедиялық әдіс-тәсілдердің тиімдісі мен ыңғайлысын таңдау, түзете-дамыту педагогикалық әрекетті ұйымдастыратын логопед маманының білгірлігі мен біліктілігіне тікелей байланысты.Дизартрияны түзету үшін логопед арнаулы дағдылардың кең түрін игеруі керек және оны баламен түзету жұмыстарын жүргізуде тиімді іске асыруға машықтану керек. Зондпен мыжу әдісі дизартрияны түзету кезіндегі кешенді әдістемелік- педагогикалық жұмыс әдісінің тиімділігінің бірі болып табылады.Оның мазмұны – артикуляциялық аппараттардың (тіл,жақ,ұрт,жұмсақ таңдай) зақымданған бөліктеріне мақсатты әсер ету.Мыжу бұлшық ет жағдайларын өзгерістерге әкелуі мүмкін: тамақ алысын белсендендіреді, оның иілгіштігін және қысқарту қабілетін жақсартады, қалыпты тілдік әрекет үшін қажетті сезім түйсігін нығайтуға себеп болады. Дизартрияны түзету жұмыстарында мыжу зондын қолдануды маңыздылығы. Дизартрия патогенезі орталық және перифериялық нерв жүйесінің органикалық зақымдануын түрлі ішкі (экзогендік) жағымсыз жағдайлардың салдарынан (ұрықтық кезеңдегі зақымдану, ұрық асфиксиясы, нәрестелердің гемолетикалық ауруы, туылу кезіндегі соққылар, мидағы қан айналымның бұзылуы, Нерв жүйесінің дамуының өзгерістерге ұшырауы – Мебиус синдромы, нервтік және нервтік- бууындық тұқымқуалаушылық аурулар) болатынын анықтап көрсетеді. Дизартрияның клиникалық- физиологиялық аспектілері :Cөйлеу аппаратының бұлшық еттері, перифериялық қимылдық нервтер (тіл, ерін, бет ұшы, таңдай, астыңғы жақ, жұтқыншақ, өңеш, диафрагма, көкірек клеткасы);Бас миының бағандарында орналасқан осы перифериялық қимылдық нервтердің ядролары;Бас миының қабықтық бөліктеріндегі және баағандарында орналасқан қарапайым жылау арқылы берілетін сөйлеу реакциялары, күлу, шыңғыру, эмоцияны көрсету сияқты эмоциялық шартсыз рефлекстерді жүзеге асыратын ядролар ДИСЛАЛИЯ МЕН ДИЗАРТРИЯНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ{FABFCF23-3B69-468F-B69F-88F6DE6A72F2}Талдаудың аспектісіДислалияДизартрияБұзылыстың себептеріАртикуляциялық мүшелердің құрылысы мен қозғалысының аномалиясы; сөйлеу ортасының дұрыс болмауы, соматикалық әлсіздік.ОЖЖ-нің зақымдануымен байланысты.Неврологиялық симптоматикаФизикалық жағдайыҚозғалыс сферасы ақаусыз, сіңірлі рефлекстері тірі, біркелкі.Жалпы, жіңішке және артикуляциялық моторикасы зардап шегеді.Артикуляциялық аппараттың қозғалысы: көлемі, қозғалмалығы, қозғалыстың сапасы, ауыспалығы.Бір қозғалыстан екінші қозғалысқа ауысуы жақсы. Қозғалыс көлемі көбінесе артикуляциялық мүшелердің құрылуымен байланысты, жеке алғанда тіл асты байланыстың ұзындығынан. Артикуляциялық қозғалысы толық дамымаған, бірақ бұзылмаған.Қозғалыстары шектелген және қиындатылған, көлемі жеткіліксіз, бір қимылдан екінші қимылға ауысуы нашар. Байқалады: көгеру және тілдің треморы, саливация, маңдайын түю, қасын көтеру, қолын жұдырықтатып жинау және т.бДауыс қызметінің жағдайы:дауыс күші, жоғарылығы, тембрі.Даусы әлсіз, басыңқы, үзілмелі.Дем шығару қызметінің жағдайыСөйлеу тілінің диафрагмальды дем шығаруы қалыптыДем шығаруы үзілмелі. Сөйлеу тілінің диафрагмальды дем шығаруы қалыптаспаған.Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жағдайы: дыбысты айтуы, екпіні, ырғағы, мәнерлігі. Дыбысты бұрмалап айту, алмастыру, бір немесе бірнеше дыбыстарды қалдырып кету байқалады. Дауыссыз дыбыстарды айту кезінде қиыналады. Сөйлеу тілінің екпінінде, ырғағында мәнерлілігінде кемшіліктер аса байқалмайды. Дыбыстардың бірнеше жұптарын анық айтпайды. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту кезінде қиналады. Сөйлеу тілінің екпіні, ырғағы, интонациясы бұзылған.Осының салдарынан сөйлеудің мәнерлігінде кемшілік байқалады.Ауызша сөйлеу тілінің жағдайы: Сөздік қоры, грамматикалық құрылысы, фразалық сөзі.Ауызша сөйлеу тілінде дыбысты айту мен фонематикалық есту қабілетінің бұзылысынан басқа кемшілік байқалмайды.Ауызша сөйлеу тілінің барлық компоненттері зардап шегеді. Сөздік қорының кедейлігі, аграмматизм, фразалық сөйлеу тілінің жеткілікті құрылмауы байқалады.Жазба және оқу дағдыларының жағдайыЖазу мен оқу әрекеттерінде сәйкес әріптерді алмастыру байқалады.Дизартриямен қоса моторлы, акустикалық, оптикалық және т.б сияқты жазба тілінде бұзылыстар байқалады.Психикалық дамуыЕсте сақтау, сезу, қабылдау, ойлау процесстері қалыпты жағдайда. Баланың тәртібі адекватты. Жұмысқа қабілеттілігі мен зейінінде аздаған кемшіліктер байқалуы мүмкін. Балалар белсенді, қозғалмалы, ешқандай қиындықсыз қызметтің бір түрінен екінші түріне ауыса алады.Есте сақтау қабілеті төмен, қысқа мерзімді. Зейіні тұрақсыз, жұмысқа қабілеттілігі төмен. Ашушаң, көңіл-күйі құбылмалы. Ақыл-ойы төмен, психикалық дамуында жиі тежелу байқалады, олигофренияның жеңіл түрі де болуы мүмкін. Балалардың қозғалысы баяу немесе тежелген, бір қызмет түрінен екінші қызмет түріне қиындықпен ауысады. Дизартрия кезіндегі балалар клиникалық –психологиялық мінездемесіне қарай шартты түрде психофизикалық дамудың деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлінеді: Психофизикалық дамудың қалыпты жағдайындағы балаларда кездесетін дизартрия;Балалар церебральды салдануы кезіндегі дизартрия;Олигофрен балалардағы дизартрия;Гидроцефалия кезіндегі дизартрия;Психикалық дамуы тежелген балалардағы дизартрия;Минимальды ми дисфункциясына ұшыраған балалардағы дизартрия;  Дизартрик балаларға тән ортақ қасиеттер: кеңістік-уақыт ұғымдарының баяу қалыптасуы. оптикалық- кеңістік гнохисінің нашарлығы. фонетикалық анализдің баяулығы. конструктивтік праксистің төмендігі .   
style.rotation Дизартрия кезінде балалармен үй жағдайында суреттерді бояу, заттарды контур сызықтардың бойымен бастырып бояп шығу қойылған нүктелердің бойымен қарапайым суреттерді салу, берілген нүктелерді түрлі бағытта бастыру,штрих сызықтар жүргізу түрінднгі жаттығуларды орындаудың тиімділігі жоғары. Дизартрия кезінде балалармен үй жағдайында суреттерді бояу, заттарды контур сызықтардың бойымен бастырып бояп шығу қойылған нүктелердің бойымен қарапайым суреттерді салу, берілген нүктелерді түрлі бағытта бастыру,штрих сызықтар жүргізу түрінднгі жаттығуларды орындаудың тиімділігі жоғары. Назарларыңызға рахмет!