Презентация Тірі а?заларды? жер ?абы?тарына ?сері


Сабақтың тақырыбы:Тірі ағзалардың Жер қабықтарына әсеріГеография пәні мұғалімі: Абишева Гульмира КаировнаСыныбы: 6“а” Сабақтың мақсаты: Тірі ағзалардың Жер қабықтарына әсерін білу, түсіну;Оқушылар тірі ағзалардың Жер қабықтарына әсерін талдауы;Сабақта қосымша мәліметтерді пайдалана отырып тірі ағзалардың Жер ғаламшарында және күнделікті өмірде алатын орнын бағалау. № Кезеңдері Мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже 1 Кіріспе 1.ұйымдастыру2.сыныпты сабаққа бейімдеу3.топқа бөлу4.психологиялық ахуал қалыптастыру Топ басшысын сайлау, топ атын ойластыру,топ басшысына Бағалау парағын беру. Бір-біріне жылы лебіз, жақсы тілектер айту 2 Негізгі бөлім2.1Өткенді пысықтау ДиалогСәйкестендіру 1.Биосфера2.Атмосфера3.Биоценоз4.Гидросфера 5. Тірі ағзалар.6.Литосфера7. Биогеография.8.Өсімдіктердің түрі ..., жануарлардың түрі ... асады  Сәйкестендіру кестені толтырады Өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтайды,талдайды           Сабақтың технологиялық картасы 2.2Қызығушылығын ояту «Өз орнына қой» Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.Сабақты меңгерудің мақсат- міндеттерін анықтау   Әр топқа мәтінді бөліп беру   Берілген сөздерді орнына қойып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау Мәтінді өз бетімен топ ішінде талдау, Түртіп алу арқылы сыныпта баяндау1-топ:Ағзалардың атмосфераға, гидросфераға әсері2-топ Ағзалардың литосфераға әсері. Топырақтың пайда болуы Жаңа сабақтан түсінік қалыптасады   2.3Мағынаны тану Алған білімдерін қолдана білу Әр топқа тақырыптық топтастыру жасауға тапсырма беру( постер) Оқушылар топтастыруды жасап ,қорғайды1-т: Ағзалардың атмосфераға, гидросфераға2-т: Ағзалардың литосфераға әсері. Топырақтың пайда болуы   Тақырыпты толық меңгереді, білімдерін бекітеді  2.4Ой толғаныс Ойланады,қорытады Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсерінің қажеттілігі 1-топ:Гидросфера мен Атмосфера2-топ:Литосфера мен Атмосфера Өз пікірлерін жазады, жариялайды  3 Қорытынды бөлім     Сабақ мақсатына жетті ме?, сабақтың түрі ұнады ма?Бағалау,рефлексия Сабаққа қорытынды жасайды,бағалайды,нұсқау береді  Өз ойларын айтады, оқушылар өздерін стикер арқылы бағалайды, рефлексия смайликке стикер жапсыру арқылы жасайды Өзіндік пікір қалыптасады,Өз білімдерін бағалауға жетіседі   Үйге тапсырма Сұрақтарға жауап беру  Сұрақтарға жауап беру,Сөзжұмбақ жасап келу Сабақтың оқу-жабдығы: Қосымша мәліметтер:Интернет желісі, қосымша әдебиеттер, суреттер, интербелсенді тақтаПостер, смайликтер, маркерлер Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.Білу, түсіну.Талдау, қолдануАнализ, бағалау.Кері байланысҮйге тапсырма.Бағалау. Сәйкестендіру Терминдер Мағыналары 1.Биосфера 1.Жер бетіндегі сулар 2.Биоценоз 2.Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабат 3.Гидросфера 3.Жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы 4. Тірі ағзалар 4.Биоценоздардың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым 5.Атмосфера 5.Жер бетінің біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және майда ағзалар бірлестігі 6.Литосфера 6. 500 мыңнан 1 миллионнан 7. Биогеография 7.Жер шарындағы ауа қабаты 8.Өсімдіктердің түрі ..., жануарлардың түрі ... асады 8.Жануарлар, өсімдіктер, майда ағзалар Фотосинтез – бұл жапырақтарда Күннің әсерінен болатын органикалық емес заттардан (көмірқышқыл газы мен судың) органикалық заттардың (крахмалдың) түзілуі. Фотосинтез қалай жүреді? Фотосинтез жасыл түсті пигмент-хлорофилл клеткаларда түзіледі. Бұл зат Күннің энергиясын жұтады және таратады. Бұл өсімдіктердің құрамында хлоропласт болады. №1 тәжірибе дәлелдейді, Күннің көзінсіз өсімдіктерде органикалық заттар түзілмейді №2 тәжірибе, жапырақтарда органикалық заттар Күннің көзінің көмегімен ғана түзіледі. Джозеф Пристлидің тәжірибесі Тышқан герметикалық қалпақтың астында тұншығады, бірақ өсімдік болған қалпақтың астында тірі қалады. Фотосинтездің маңызы Органикалық зат түзіледі.Атмосфера оттегімен байытылады. көмірқышқыл газын сіңіреді. Қарапайым минералды заттарданКүн көзінде жыл бойыФотосинтез жүреді.Күннің шуағы шашылады,Шуақ жапыраққа түседі,Оттегі ауаға таралады.Адамдар дем алады, тамақтанады, тіршілік етедіБірақ та олар түсінуге тырспайды...Таң ата сала, Жапырақ өз жұмысына кіріседі. Сұрақтарға жауап бер: Фотосинтез деген не?Өсімдіктердің қай бөлігінде органикалық зат түзіледі?Жапырақтарда крахмалдың пайда болуына не керек?Фотосинтездің жүруімен өсімдіктер қандай газдарды сіңіреді?Фотосинтездің жүруімен өсімдіктер не бөліп шығарады?Табиғат пен адам өмірінде фотосинтездің маңызы қандай? Қатені тап Фотосинтез- бұл жапырақтарда Күннің әсерінен болатын органикалық емес заттардан органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтездің жүруі үшін: күннің көзі, өсімдіктер, оттегі және су керек.Фотосинтездің жүруімен пайда болатын зат– крахмал. Фотосинтезге қауіпті заттар көмірқышқыл газы мен су. Сызбаны пайдаланып фотосинтездің жүру жолын түсіндір Астың дәмін келтірген тұз әулиеЕлдің сәнін келтірген қыз әулие,- деген екен атам қазақ. Тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар... денсаулыққа, шаруаға келтіретін пайдалары коп: жылы суға еріткен түз тұмау тигенде ауыз шайқаса, тамақтың ауырғанын басады. Тұмаудан мұрын біткенде тұзды сумен әр екі сағаттан кейін мұрынды шайқап отырса, тұмау жоғалады. Тамаққа суық тигіш болмасүшін, қақырығы бар адамдардың қақырығы жылдам түсу үшін тамақты тұзды сумен шайқап жүрудің көп пайдасы бар. Спиртке езілген тұз әр түрлі киімге тиген май таптарын кетіреді. Уксуске езілгені бақыр, жез, шыны секілді ыдыстардың жуғанға кетпейтін таттарын кетіреді.Лимон суына езілген тұз ескі тоттарды, киімдерге тиген қара сызатты кетіреді. Анық кетіру үшін көбірек жуып, көбірек кептіру керек. Тұзды су сіңген ағаш нәрсе тез шірімейді. Әктас қалай пайда болды?Бор-мұхит пен теңіздерде тіршілік ететін ұсақ ағзалардың қабыршақтары мен қаңқаларынан пайда болады. Олардың әктентүзілген қаңқаларынан теңіз, мұхиттарда, су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас-риф және шеңберлі жартас- атолл түзіледі. Әк алуға көбінесе рифтегі көп қармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланады. Бор бор дәуірінде түзілген, тау жер бетінде тұтас жота болып көтерілген. Ақтау жотасы осылай пайда болған. (Маңғыстау картасынан Ақтау жотасы көрсетіледі).Ұлутас неоген дәуірінде түзілген. Әсіресе ұлутасқа үстірт бай. Мәрмәр керісінше, әктастың жер қойнауына батып, тереңдегі магма ошағына жақындап, жоғары температура мен қысымның әсерінен, жымдасуынан пайда болған.Ақтаудағы ақ ұлутас үйлерҰлутас шоқыларАқтау.Теңіз жағасындағы ғимараттар. Маңғыстау жері карсты үңгірге бай. Карсты үңгірді жергілікті жерде «кеуек», «ойық» деп атайды. (Булы ойық, Өтебай ойығы) 1915 жылы З.Гейле деген зерттеуші Жыңғылды, Ұры кеуек үңгірлерін зерттеп жазған. Қазір 30-дан аса үңгірлер белгілі. Ірісі Үстіртте. Өлі қолтық, Қарашек, Тұзбайыр, Сағындық, Қарамая, Борлы-мүйіс, Жыланды, Үшауыз, т.б. Үңгір жер асты мешіттерінің салынуына (сәулет, тарих ескерткіштері- Шақпақ Ата, Шопан-Ата, Бекет-Ата, Қараман-Ата ықпал еткен. Материктік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінетінін білесіңдер (олардың айырмашылығын естеріңе түсіріңдер). Биосферадағы тірі ағзалардың қызметіЭнергетикалық қызметіБиосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа азғалар пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады. Газдық қызметіГаздардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмір қышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады. Жинақтау қызметіТірі азғалар коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі азғалар құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі ағзаларда жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады. Тотығу-тотықсыздану қызметіТірі азғалар топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі азғалар заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т.б.) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ азғалар пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т.б.) түзуге де қатысады. Биохимиялық қызметіТірі ағзалардың биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген ағзалардың) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет. Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы, негізінен, тірі ағзалардың қарекетімен байланысты Жер қабығының (сферасының) бірі. Биосфера ұғымы "географиялық қабық" ұғымына жақын. Заттар мен энергия алмасуының курделі биохимиялық циклондарымен өзара байланыстағы атмосфераның жер беті бөлігін, гидросфераны және литосфераның үстіңгі бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы атмосферада 30 км биіктікке дейін, төменгі шекарасы құрлықта жер бетінен 4— 5 км терендікте, Дүниежүзілік мұхитта ең терең ойыстың түбімен өтеді. В.И. Вернадский бойынша биосферада 7 әр түрлі, бірақ өзара байланыстағы зат түрлерін бөлуге болады, олар: тірі заттар, биогендік заттар, енжар заттар, биологиялық енжар заттар, радиоактивті заттар, шашыранды атомдар, ғарыштық заттар. Биосфераның негізгі функциясы — Күн энергиясын фотосинтездейтін ағзалардың пайдалануын және бүкіл тіршілік процестерінің динамикасын қамтамасыз ететін энергия мен заттардың биологиялық айналысы. Тірі азғалар (тірі заттар) мен олардың тіршілік ететін ортасы ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейде динамикалық жүйелер түзе отырып, бірімен-бірі өзара тығыз байланыста және өзара орекеттес болады. "Биосфера" терминін алғаш австриялық геолог Э. Зюсс енгізді (1875 ж.). Тест тапсырмалары: Жауап кодтары 1. Фотосинтез процесі қай жерде жүреді:а) хлоропласта в) митохондрияда с) хромопластад) лейкопласта е) мезосомады2. Фотосинтез кезінде өсімдіктер бөлетін оттегі қайдан пайда болады.а) судан в) көмірқышқыл газынан с) крахмалданд) ақуыздан е) майлардан3. Фотосинтез кезінде су фотолизі қай жерде жүреді:а) тек ғана жарықта в) тек қараңғыда с) жарық және қараңғы фазаларында д) ешжерде жүрмейді е) дұрыс жауап жоқ4. Күн сәулесі энергиясы арқылы органикалық қосылыстардың синтезі қалай аталады?А) гликолиз В) тотығу фосфорлану С) фотосинтезД) нәруыз биосинтезі Е) репликация Үйге тапсырманы дифференциалдап беру.1 топқа: Кальций және оның қосылыстары тақырыбын оқу2 топқа: Оқулықтағы №10, №11 жаттығу (128-бет)3 топқа: Ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеу:«Менің өлкемнің байлығы» тақырыбына реферат жазу.Бағалау бетшесі Бағалау.