?аза? тілі. 8 — сынып. Мектепішілік олимпиада тапсырмалары


 8-сыныпқа арналған олимпиада        (Орыс тілінде оқытатын мектептер)
І тур Мазмұндама
                                                          Не тәтті? 
Жиренше шешен бір күні жолда бір баланы көріпті де, былай деп сұрапты:
–      Дүниеде ең тәтті не, балам?
Сонда бала былай жауап беріпті:
–      Бал тәтті, - деген екен.
–      Ал жұмсақта не жұмсақ?
Мамық жұмсақ. 
 -    Қаттыда не қатты?
–      Тас қатты.
Бұл баланың жауабын екінші бала тыңдап тұрыпты. Ол Жиренше шешенге былай депті: «Осы сұрақтарға мен де жауап берейінші, рұқсат етіңіз».
–      Ал, айта ғой, не тәтті? - депті Жиренше шешен.
–      Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.
–      Не жұмсақ?
Ананың қолы.
Ал енді не қатты?
 Әкенің жүрегі, - депті бала.
Жиренше шешен екінші балаға риза болып, балаға батасын беріпті. (30 ұпай)
 8-сынып Тест
1 «Оңай» деген сөздің антонимін табыңыз. а)ауыр  ә)қысқа  б)қиын  в)ұзын
2 Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз а)айттым   ә)киімім  б)білім в)жүзім
3 Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз. а)биік ой  ә)биік ағаш  б)биік тұлға  в)биік арман
4 Қай сөз тіркесі дұрыс? а)кең алма  ә)кең бөлме  б)кең тіс    в)кең шаш
5 Асты сызылған сөзге қандай сұрақ қоюға болады? Мен ертең үйде боламын.
а)қалай?   ә)қандай?    б)қашан   в)қанша?6 Жедел өткен шақтағы етістігі бар сөйлемді табыңыз.
а)Бүгін кешке мен теледидар көремін.ә)Сен осы жерде тұрасың ба?
б)Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр.в) Мен үйге автобуспен келдім.
7 Мақалды аяқтаңыз: Күлме досыңа ...
а)ойлап сөйле   ә)өз тіліңді құрметте б)қызыл тіл  в)келер басыңа
8 Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз. а)Оқушылар мұғалімді тыңдап отыр ә)Кешке дейін ініммен үйде болғым келеді
б)Халық батырына риза болады в)Менің анам -тамаша адам.
9 Қай сөздің жазылуында қате бар? а)мұрын   ә)кереует  б)бөлме  в)құлақ10 Жіктік жалғау 2 жақ, көпше тұрған сөзді табыңыз.
а)барамыз  ә)барасыңдар    б)барасыз   в)барады (20 ұпай)
2 - тур
 Мәтінді оқыңыз. Мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
            Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз.Қазақ балаларына арнап алғаш рет мектеп ашып, өзі ұстаз болған.
            Балаларды оқу-білімге шақырып, өлең, ертегі, әңгімелер шығарды. Өзінің бүкіл өмірін ұстаздық іске арнаған ол «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
Берілген тақырыпқа әңгімелеп беріңіз.
Асты сызылған сөйлемдегі сөздерге жазбаша түрде морфологиялық талдау жасаңыз.
Өзіңізге ұнайтын өлеңді мәнерлеп жатқа айтыңыз.
– сыныпқа берілген арнаулы тақырыптар
Менің сүйікті жануарым Менің сүйікті тағамым  Менің арманым Білімнің өмірдегі маңызы туралы. Менің сүйікті кітабым (50 ұпай)