Мектепке дейінгі балаларды? тілін к?ркем с?йлеуге дамыту


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА КӨРКЕМ СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ Балалардың көркем сөйлеулерін дамытудағы мақсаттары: - Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету; - Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру; - Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.  міндеттері: - Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. - Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру; - Баланың сөздік қорын молайту; - Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру; - Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.  Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс - әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс - әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.  Сөздің дыбыстық жағын меңгерту - Бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау; - Артикуляциялық аппаратты дайындау кезеңі - Сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету.  1.Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату. 2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды. 3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады. 4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату. 5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу. 6. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.  Оқу жылының басында өз тобымда тілдері з, р, с, ш, ғ,т дыбыстарын айта алмайтын балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын - жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйреттім.  Мысалы: «З» дыбысын бекіту мақсатында А. Райымқұлованың «ауыл маңында» өлеңін және тіл ұстарту жаттығуын қолдандым. Ауыл маңы саз, саз –саз, Жайылады қаз, қаз – қаз. Тоймай қалса қаз, қаз – қаз, Шашқан дәнің аз, аз - аз. Ыз – ыз – ыз Анар – сүйкімді қыз.  Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал - мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақты мақал - мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Сондықтан, мен «Менің Қазақстаным» «Отбасы» «Менің ауылым» тақырыптарын өткенде: • Туған жер – алтын бесік • Өз үйім - өлең төсегім • Отан – оттан да ыстық Батырлық, ерлік туралы: • Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді • Ер - елдің көркі, өсімдік жердің көркі Білім туралы: • Қына тасқа, білім басқа бітеді • Көп сөйлеген білімді емес, көп білген білімді – деген мақал - мәтелдерді пайдаланамын.   Бала тілінің дамуына жұмбақтар үлкен роль атқарады. Әр оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес жұмбақ айтудан бастаймын. Кешкісін маздап жанады, таң атса сөніп қалады (Жұлдыз) Қырманнан көрдім, ырыздығы елдің (Дән) Басында аппақ шәлі, етегі елдің сәні (Тау)  Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді. Көк кесе, көп кесе, Көп кесені әкелді кеше. Жаға жай, Жағажайда – Қамажай. Тұз – мұздай, Мұз – тұздай.  Оқу жылының басында өз тобымда тілдері з, р, с, ш, ғ,т дыбыстарын айта алмайтын балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын - жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйреттім.  Дыбыстарды меңгерту барысында ассоциация әдісін қолданамын. Мысалы: «Қ» дыбысын бекіту мақсатында Қ – қарға, қолғап, қасқыр, қой, қарындаш.  Назарларыңызға Рахмет