Математика саба?тарында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту.


Математика сабақтарында оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту.
Қазіргі кезде оқушының математикалық қабілетін дамытуға негізделген оқытуды дифференциалдаудың әдістері туралы көп айтылып жүр.
Психологтардың зерттеуі бойынша қолайлы әлеуметтік жағдайы бар ортада адамның арнайы қабілетін дамытудың негіздері қаланады. Сондай қолайлы ортаның бірі – мектеп болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларына жан-жақты әсер ету арқылы олардың табиғи таланттарына қозғау салынады. Ал 5-6 сыныптан бастап оқушы қабілетін анықтау үшін оларға қосымша тапсырмалар, қызықты есептер беру, оқу бағдарламасына сай материалдарды қабылдауы мен ойлау белсенділігін бақылау қажет.
Өз іс-тәжірибем бойынша 5 сынып оқушыларына диагностикалық зерттеу жүргіздім. Зерттеу 2 бөлімнен тұрады. І- оқу материалын қабылдау жылдамдығы . ІІ ойлау белсенділігі. Зерттеу қорытындысында, оқушыларды математикалық қабілетіне қарай 3 деңгейге бөлдім. Бөлер алдында оқушылардан анкеталық сұрақтарға жауап алдым.
А деңгейі – төмен қабілетті.
В деңгейі – орташа қабілетті
С деңгейі – математикаға қабілеті жақсы.
Сонымен С – 6
В – 10
А – 4
20 оқушы
Анкета қорытындысында барлық оқушы математиканың өмірде қажеттігін, көпшілігі пәнге қызығатынын айтады.
6 оқушы математиканы оқу оңай, 10 оқушы жаттап оқитынын, 4 оқушы оқудың қиындығын айтады.
Бұлайша 3 топқа бөлу шарты, оқушы дамуы барысында бір топтан екіншісіне ауыса алады.
Оқытуды ұйымдастыру үшін
Үй тапсырмасын үш деңгейін сәйкес іріктеп беремін, орындауын қадағалап, үнемі тексеремін.
А – деңгейге оқулықтағы міндетті есептерді
В – деңгейін кітаптағы сәл күрделі есептерді
С – деңгейге қосымша есептерден беремін.
Сабақта оқушыларды топқа бөліп, әр топта жетекші ролін жақсы оқитын оқушы атқарады, бағалау картасы арқылы білімдеріне есеп жүргіземіз. Оны өздеріне тексертіп бағалатам.
Теориялық сауаттылығы мен математика тілінің мәдениетін қалыптастыру үшін математикалық диктанттарға әр тақырыптан соң алуға тырысамын. Диктант ұзақтығы 3-5 минут болып, жауабы бірдей беріліп, оқушылар өзара тексеріп бағалайды.
Әрбір теориялық сұрақтар (теорема, анықтама, аксиома) карточкаға жазылып, күнделікті оқушыларға таратылып, жауап алынып, қайталанып отырады. Бұл әдіс білімнің жүйелігінің, тиянақтылығын қамтамасыз етеді.
Тірек сызбалар арқылы жеке тақырыпты, тарауды еске түсіріп айтып береді.
Жаңа материалды оқып үйренуді 4 бөлікке бөлемін.
а) оқимыз ә) үйренеміз б) меңгереміз в) бекітіп, тереңдетеміз
Мысалы: Натурал сандардың бөлінгіштігі тарауын өткенде оқулықтағы теориялық материалдарды өткізгеннен кейін, есептер шығарып жаттыққаннан кейін, теориялық сұрақтар жауаптарын айтып үйренгеннен кейін, тексеру сынағын алып, оқушы меңгерген тақырыптары қаншалықты екенін білемін. «Жай бөлшектер» тарауын өткенде білімді бекіту мақсатында топпен жұмыс ұйымдастырамын. Білімді тереңдету мақсатында топ ішінде пармен жұмыс ұйымдастырып , әртүрлі қиындықтағы есептерді 3 деңгей бойынша шығартамын.
«Бұрыштар. Дөңгелек диограмма» тақырыптарын өткенде планиметрияның алғашқы ұғымдарын терең меңгеріп, олардың қасиеттерін, қалай алу керектігіне кеңінен тоқталып, баса назар аударамын. Әрбір тақырыпты өтерде, есептер шығарарда қажетті тірек білімдерін қайталатып, білімдерін толықтырып отырамын.
«Формулалар» тақырыбын өткенде геометриялық денелердің формулаларын тақтаға оқушылар өздері жазса, сызбаларын да өздері сызып көрсетсе, фигуралардың моделін өзім жасап әкеліп, оқушылармен бірлесе отырып қасиеттерін тұжырымдап шығарамыз.
Сабақты ішінара ізденіс әдісімен өткізгенде оқушы анықтама, формулаларды дұрыс жазса, не есептің дұрыс шешімін тапса, ерекше қуанышқа кенеледі, өзінің шығармашылық қабілетін ұштайды.
Математика күрделі де қиын фундаментальды ғылымға жатады. Біздің бар мақсатымыз оқушының ойлау жүйесін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, сабақта оқу материалын түсіндіруге мүмкіндігінше аз уақыт жұмсап, уақыттың көбін оның мазмұнын беріп әрі саналы меңгеруге арнау болып табылады.
Математикалық білім әр оқушыға болашаққа қажет екені баршаға мәлім. Сондықтан оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін, сыныптан тыс уақытта математикалық рефераттар, сөзжұмбақтар құрастырып, қызықты математикамен айналысуына да көңіл бөлемін.