Бауыржан Момыш?лы ?ш?ан ?я 2 сынып


Пәннің аты
Әдебиеттік оқу Уақыты: 20.01.2017 Мұғалім Байботанова А.Е
Сабақтың атауы Б.Момышұлы. Ұшқан ұяМақсаты Білімділік. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер.
Күтілетін нәтиже +Психологиялық ахуал 1. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру.2. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.3. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.Б. Момышұлы туралы әңгімелеу. Орталық театр алдындағы ескерткіш туралы айту. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану 1. Мұғалімнің түсіндірмесі.Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.Оқулықпен жұмыс.Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.- Мәнерлеп оқып беру.- Мазмұнын түсіндіру.- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.- Сөздікпен жұмыс: ата тегі –баппен –араз –Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.1. Шығарма кімнің атынан баяндалған?2. Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінеді?3. Әңгімені дұрыс, мәнерлеп оқу.Ата текті білуді Бауыржанға әкесі үйретіпті. Сен де ата - аналарыңнан сұрап, ата - тегіңді біліп ал. Ата - текті білу – ел тану екеніне мән бер.Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Сергіту сәті Қазақтай қайсар елім барКең байтақ мынау даламда.Қарттарым - асыл қазынамӨсиет айтқан ғаламға. Ой толғаныс Оқып, талдау.Ұшқан ұя- Мәтін не туралы?- Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөзді құрастыр:Ел тану деген -......- Сызбаны толтыр.Жеті ата ----------------------------- Сенің жеті атаңАтаӘкеБалаНемереШөбереШөпшекНеменеҮйге тапсырма 127-128 бет Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс 153007779407 Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады