Бауыржан Момыш?лы. ?ш?ан ?я, 2-сынып. ?дебиеттік о?у


 Сабақтың  тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан МомышұлыСабақтың мақсаты:1. Білімділік. Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту;2. Дамытушылық. Тілін, сөздік қорын дамыту. 3 . Тәрбиелік. Мәтіннің тәрбиелік мәніне назар аударту. Сабақтың  типі: Аралас сабақСабақтың түрі: Жаңа білімді меңгертуСабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, модульдік оқыту технологиясы, СТО әдісі, сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ - жауап, бақылау, іздендіру әдісі, проблемалық жағдаят.Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер, нақыл сөздер.1. Жеті атасын білмеген – жетесіз.Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, қазақ тіліСабақтың барысыI. Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындықII. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:а) әңгімені оқыту ә) мазмұнын айтқызу б) үй тапсырмасын қорытындылау.Ата - әжеме хат.(мәтін)1. Хатты жазып отырған кім?2. Ол хат кімдерге арналған? 3 . Хатты не үшін жазады?Өткен тақырыпты халық даналығы арқылы жаңа  сабақпен  байланыстыру.Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.Оқушылар, берілген мақалды қалай түсінесің? Мәнін ашыңдар.III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:1) Нақыл сөздерді оқу.Жеті атасын білмеген – жетесіз.IV. Мақсат қоюБүгінгі сабақтың мақсаты – мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға дағдылану, мазмұнын меңгерту.V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1. Мұғалімнің түсіндірмесі.Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.2. Оқып, талдау.Ұшқан ұя- Мәтін не туралы?- Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөзді құрастыр:Ел тану деген -......- Сызбаны толтыр.Жеті ата ----------------------------- Сенің жеті атаңАтаӘкеБалаНемереШөбереШөпшекНемене2. Сергіту сәті. Қазақтай қайсар елім барКең байтақ мынау даламда.Қарттарым - асыл қазынамӨсиет айтқан ғаламға.VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:1. Оқушыларға оқыту:Іштей, дауыстап, тізбектей.«Ең бастысы» ойыныМақсаты: Жылдам оқу дағдысы мен есте сақтау қабілетін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.Шарты: Мәтінді жылдам әрі мұқият оқу. Осы мәтінді оқу материалын сипаттайтын бір сөзбен, содан соң сөйлеммен сипаттау, артынан оның «құпиясын», яғни онсыз мәтін мағынасыз болатындай бір ерекшелігін табу.3. Дәптермен жұмыс.Сөздік жұмысы.Ата тегіміз -Баппен -Араз -4. Зертте.1. Әңгіменің тақырыбы не?2. Оқиға қайда өрбиді?3. Мәтіннен табиғат құбылысын суреттеуді тауып оқыңдар.«Еркін жауап» кезеңі.Кестені толтыр.Жазушының пікіріӘкем маған ата тегіміздің аты - жөнін үйретуші еді.Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Содан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.Менің пікірім ----------------------------Тұжырым кестесі.Р/с Кейіпкерлер ---------------- Іс - әрекеті ----------- Адамгершілік қасиеті1. Әкесі2. Қонақтар3. Бала Бауыржан1. Қорыту.«Тест - интервью»Р/с Сұрақтар ------------------------------------ Оқушы жауабы1 Ақсақалдар деген кім? ------------------------------- Қариялар, аталар.2 Қымыз қай малдан алынады? ----------------------------- Жылқы малынан3 Сәлемдесудің тағы қандай түрін білесіңдер? ----------------- Амансыз ба? Мал - жан аман ба?4 Әдепті бала -(қандай бала?) ------------------------------- Арлы бала5 «Қызарақтап» деген сөздің мағынасын аш. ------------ Ұялу6 «Баппен» деген сөзді қалай түсінесің? --------- АсықпайСабақты Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерімен аяқтау1. Тексізден тезек артық2. Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамызVII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалауVIII. Үйге тапсырма беру: Мәтінді мазмұндау. «Біздің үйдің салт - дәстүрлері» тақырыбында шағын мәтін жазу.