Баяндама Жа?а жетістіктерге жету м?мкіндіктері


Жаңа жетістіктерге жету мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін үш айлық курстары орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізе алатын анағұрлым танымал оқыту әдістемелері болып табылады.
Ұстаздардың біліктілігі жоғары, кәсіби дайындалған, құзіретті маман болуы бүгінгі күннің басты талабы деп түсінемін. Жаңа ғасырда жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Ұстаздық ету- тынымсыз еңбек таусылмас төзім мен шынайы сезім бірлігі. Қазіргі таңда орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында оқытудағы Кембридж тәсілі ұстаздардың кәсіби шеберлігін зерделеу мақсатында жүргізілуде. Біз жоғары деңгейге жету үшін кәсіби қызметіміз туралы оқу бағдарламасындағы «Бетпе-бет» кезеңінен толық ақпарат алып, қажетті тапсырмаларды орындауға, сыни тұрғыдан ойлай отырып, пікір алмасу мен қажетті тапсырмаларды орындауға, сыни тұрғыдан ойлай отырып, пікір алмасу мен талқылауға көмектесетінін зерделедік. Оқыту нәтижелігін арттыруда оқушыларымыздың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, оларды танып білуге баса назар аудару керектігін түсіндік. Біліктілікті жетілдіру курсынан кейін жаңа форматта оқытудың біздің оқыту деңгейімізден үлкен айырмашылық бар екенін сезіндік. Бағдарламаның негізгі міндеттері- жеті модуль тақырыптары ықпалдастырылған сабақтар топтамасын жоспарлау және оны ойдағыдай жүзеге асыру қажеттілігін сезіндік. Тренеріміз Кенжегүл Зарлыханқызы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері жайлы жан-жақты бағыт-бағдар бергеннен кейін оны практикада сабақты түрлендіріп өткізуді бірлесе жоспарладық. Жаңашылдыққа ұмтылу - ұстаз бойындағы асыл қасиет, ендеше бүгінгі күні осы үйренген жаңа форматта сабақ беруді күнделікті тәжірибеге енгізу үстіндеміз. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп айтқандай кейінгі ұрпақтың білім деңгейі ұстаздардың қолында, яғни халқымыз бізге бір жағынан сенім артып отырса, екінші жағынан жастарымыздың болашағының кілтін ұстатып отыр деп ойлаймын. Ал оны жүзеге асыру үшін ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді.
Тың идеялар негізінде өзіміздегі бар фундаментке өзгеріс жасауға мүмкіндіктер бар екенін сабақ барысында аңғардым. Олай болса, жаңаша оқыту Кембридж әдіс-тәсілін қайталау емес өз ұстанымымызды, ұлттық құндылықтарымызды негіздеу арқылы жаңаша білім беруге көшу деп білемін. 3 айлық курсты аяқтағаннан кейін оқыту барысында оқушыларға не үйреттім, қандай өзгеріс енгіздім деп ойландым. Оқу үдерісін жаңа бағдарламаға сәйкес 7 модуль негізінде ықпалдастырып, талдаулар жүргізіп топ мүшелерінің орындарын күнделікті ауыстырған сайын бір-біріне жақындаса түсетінін бақыладым. Осыдан деңгейі төмен оқушылар бір топта жұмыс жасағанда ізденетінін, басқа топтың талдауларына ерекше мән беретінін байқадым.
Күнделікті сабақтағы материалдарды талдауда оқушылар бір-бірінің жауаптарын толықтырып, бірін-бірі тыңдап нәтижелі жұмыс жасауға ұмтылды. Әрине бастапқы кезде жаңа әдіс-тәсілдерді сабаққа енгізу оңай болған жоқ. Кездескен қиындықтарды ұжымдағы әріптестеріммен бірлесе жұмыс жасау арқылы жеңе білдім. Нәтижесінде еркін, өз ойын нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, болашаққа сеніммен қарайтын саналы жеке тұлға тәрбиелей алатыныма сенімдімін.
Сөз соңында Жүсіпбек Аймауытовтың ойымен пікірімді білдіргім келеді: «Мұғалімнің айналысатыны- үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті шеберлік емес, ол- үнемі жаңаны табатын өнер".