Paint графикалы? редакторы. Суретті салу, са?тау ж?не ашу


Бекітемін
мерзіміКласс: 5
Сабақтың  тақырыбы:  IV тарау. Paint графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу және командалары орындай алу қызметін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, жазбаша жұмыс, әңгіме.
Көрнекілігі: Компьютерлер, тапсырмалар, жұмбақтар. Бағалау парақтары
Сабақ  барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу түгелдеу.2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй жұмысын тексеру. (Өзіңді тексер)
Жаңа сабақ түсіндіру.
Сергіту сәті
Практикалық жұмыс
Тапсырмалар орындау.
Қорытындылау. (Техникалық диктант)
Үй тапсырмасын беру
Бағалау
Үй жұмысын тексеру: Оқулықпен жұмыс
Өзіңді тексер!
1.Бумадағы  «Құжат» файлын  тез іздеу үшін не істеу керек?
а) Буманың  терезесінде Д әрпі бар пернені  басу. +
в) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу
с) Іздеуге кіріп, Д  әрпі бар пернені басу
d) Іздеуге кіріп, Shift және Д пернелерін басу
2. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өтуүшін:
а) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз.
в) Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз +
с) Tabпернесін  басамыз
d) Бос орын пернесін басамыз
3. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
а) Қалай сақтау
в) Қайтадан сақтау
с) Сақтау +
d) Құру
 4. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
а) Қалай сақтау +
в) Қайтадан сақтау
с) Сақтау
d) Құру
5. Ctrl+O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
а) Қалай сақтау
в) Ашу +
с) Сақтау
d) Құру
6. Ctrl+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
а) Қалай сақтау
в) Ашу
с) Сақтау +
d) Құру
7. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімін қолдануға болады?
       а)Ctrl+S
 в) Ctrl+О
с) Alt+F4 +
d) Alt+Tab
Жаңа сабақты Paint графикалық редакторына байланысты  «Ертегі әлеміне саяхат» жасау.
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде әр түрлі түстер өмірсүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т.б. Бір күні оларды қарандаш жинап алып сурет салмақшы болыпты.Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарандаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым:
Windows ауылы
Программалар көшесі
Сәлеммен: Қарандаш»
Осыдан  кейін Microsoft  ағай ойланып-толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.
Paint графикалық редакторы дегеніміз не екен оқушылар?
Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.Редактор:1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;5. Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.Редакторды іске қосу үшін:a. Іске қосу (пуск) батырмасын шертеміз.b. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз.c. Ашылған бағынқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз.d. Келесі бағыныңқы менюден Рaint графикалық редакторын таңдаймыз.Енді бұл тізбекті мына түрде жазамыз: Іске қосу-Барлық программалар-Стандартты- Рaint (Пуск-Программы-Стандартные-Рaint)Командалар орындалғаннан кейін, экранда Рaint бағдарламасының терезесі пайда болады.Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік-сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы-құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар. Түстер палитрасыТүстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі-біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон беретін түс. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі-қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.Сурет салу кезендері1. Құралды таңдап алу керек.Рaint бағдарламасында 16 құрал сайман бар. 1. Қажет аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.2. белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.3. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;4. Құю құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;5. Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді;6. Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.7. Қарандаш, бұл кез келген сыщықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған;8. Қылқалам, қалаған сызықтарды салуға арналған. 9. Бүріккіш, пульверизатор эффектісін береді;10. Жазу, сурет ішіне мәтін орналастырады.11. Сызық, түзу сызықтар салуға арналған;12. Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді;13. Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған;14. Көпбұрыш, кез келген пішінді тұйық көпбұрыштар салады;15. Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған;16. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.2. Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.3. Кескіннің түсін таңдау.Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батрмасын шертеміз.4. Фонның түсін таңдау.Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істеген қажет. Сергіту сәті
Практикалық жұмыс
Ертегілер әлеміне қайта оралайық бізге енді Microsoft ағай қоннақа келіпті оның әкелген жұмбағын шешейік. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз
Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.     (шырша)
Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап-қурап түсемін   (жапырақ)
Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі-сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын   (қолшатыр)
Бір көзіңмен «кідір» дейді,Бір көзім «жүгір» дейді.Бір көзім «абайла» дейді«Қарап ал маңайға» дейді(бағдаршам)
Ұзынды-қысқа қос тіл,Он екі цифрмен дос бұл.(сағат) Қорытындылау:Техникалық диктантPaint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында негізгі екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Раіnt графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
Раіnt графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз
Түстер палитрасының қызметі қандай?

Бағалау.
Үйге тапсырма беру

Сабақтың тақырыбы
IV тарау. Paint графикалық редакторы
Суретті салу, сақтау және ашу
Өткізген
Информатика пәніні мұғалімі: Ази Арайлым
2015 – 2016 оқу жылы