Саба? жоспары PAINT ?арапайым графикалы? редакторы. Суретті ашу, са?тау. (5 сынып)


Пәні: Информатика Мерзімі: 12.12.2015 жыл Сыныбы: 5«Ә»
Сабақтың тақырыбы: PAINT  қарапайым графикалық  редакторы.
Суретті ашу, сақтау.
Сабақтың реті: 14-сабақ
Жалпы сабақтың мақсаты: Оқушыларға графикалық редактор жайлы түсінік беру 
Күтілетін оқу нәтижелері:
Графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады, редакторды іске қоса алады, сурет салу кезеңдерін білетін болады, графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
Түйінді идеялар: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін» Конфуций сөзі
Сабақты ұйымдастыру түрі: Тренинг-тәжірибе
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық әдістер, ДК, сыни ойлау, түрткі болу, сынақтан өткізу техникалары
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Интерактивті тақта, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер
І. Қызығушылығын ояту кезеңі:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1-әрекет. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құру. Оқушылар бір-біріне өз аттарының бірінші әріпінен басталатын жақсы тілектер айтады.
2-әрекет. «Геометриялық фигура» арқылы топқа бөлу. Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады
3-әрекет. «Шар ішіндегі сұрақ» әдісімен үй тапсырмасын тексеру. Әр топқа шар үрленіп соның ішіне 2 сұрақтан жазылып салынады. Оқушылар топта талқылап сұрақтарға жауап береді
4-әрекет. Жауаптар «Бағдаршам» арқылы бағаланады Топтар бір – бірінің жауабын түрлі-түсті қағаздарды пайдалану арқылы бағалайды
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі
5-әрекет. Топтық жұмыс: Суреттің қиындысын жинау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау
Әр топ өзіне берілген суреттің қиындысын жинақтап, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
6-әрекет. Интербелсенді тақтадан жаңа сабаққа байланысты, PAINT бағдарламасы туралы слайд көрсетеді Жаңа сабақ туралы мәлімет алады
7- әрекет. Жеке жұмыс. «Түртіп ал» әдісі бойынша дәптерге мәлімет жаздыру Интербелсенді тақтада көрсетілген мәліметтерді оқушылар дәптерлеріне жазады.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
8-әрекет. Жеке жұмыс: Компьютермен және қолмен шығармашылық жұмыс жасату
Жарты топ компьютерде, қалған топ қолмен берілген тақырыпта суреттер салады.
9-әрекет. Жұптық жұмыс: «Салыстыру» әдісі бойынша компьютерде салған суретпен қолмен салған суретті салыстырып, артықшылығын анықтайды. «Т кестесімен» жұмыс жасату «Т кестесі» бойынша екі жұмысты салыстырып, талқылайды, артықшылығын анықтайды.
10-әрекет. Бағалау
Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды
11-әрекет. Топтық жұмыс: «Сөзсызба» әдісі бойынша жаңа тақырыпқа арналған сөздерді табу
Әр топ берілген тапсырма бойынша, сөзсызбадағы сөздерді табады, жариялайды, бағалайды
12-әрекет. Үй тапсырмасы
Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу.
13-әрекет. Жеке жұмыс:
«Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату
Оқушылар «Алма ағашына» өздерінің бүгінгі сабақта алған әсерлерін алма жемісі арқылы жазып іледі
Мұғалім Нұрақынова Алмагүл Нұрбосынқызы
left545782500