О?ушыларды ?зара ж?не ?зін-?зі ба?алау?а ?йрету


Жанымханова Ә.Б Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ
САБАҚТА СЫНЫПТАСТАРЫН ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЙЕЛІ БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫ МЕН САНА-СЕЗІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.Қазіргі білімді бағалау жүйесінде мұғалім көптеген қиындықтарға кезігіп жатады:*«Баға қою» мектеп пен мұғалім тарапынан сыртқы бағалау функциясын атқарады: мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды.*Оқушының өздігінен оқуын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді;*Оқытуды даралауға қиындық келтіреді. Бұрынғы алған білімімен салыстырғанда әр баланың қаншалықты деңгейге нәтижеге жеткенін айқындау қиын;*Көбіне «зақым» келтіреді. «Баға қою» мұғалім қолында ғана болғандықтан балаға да, ата-анаға да психологиялық қысым жасалады. Оқушылар білім үшін емес баға үшін оқиды.*Мұғалімдер тәжірибесінде оқушының жеткен нәтижесі емес жұмыстың көлемі мен формасын бағалау әдетке айналған;*Бағалауда оқушыларды бір-бірімен салыстыруға екпін жасалатындықтан оқушылардың оқуға ынтасы , белсенділігі жойылады, орта деңгейде оқитын оқушылардың ынтасы мүлдем жойылып, жақсы оқитын оқушылардың жетістікке жетуіне жағдай жасалмайды. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы- оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді. Сол себептен, оқытуға деген көзқарас өзгергендіктен, оқыту нәтижесін бағалау да жаңа бағытқа ие болуда.Оқушылардың білім нәтижелерін бағалауға байланысты Кембридждік Бағдарлама Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін ұсынады. Бұл модуль бағалауды екі түрде қарастырады: суммативті (жиынтық) бағалау және және формативті (қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқытуды бағалауды пайдаланғанда , бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Сонымен қатар білім беру үрдісінде мұғалімдер мен оқушылар үшін қандай мақсатқа жету керектігін білу маңызды, ол мақсатқа жету критерийлерін түсінуді талап етеді. Оқыту нәтижесін бағалау-Бағдарламаның басты идеясы болып табылады. Сондықтан баланың тұлғасын емес, орындаған жұмысын бағалау керек. (С.Т.Щацкий) Бағалаудың түрлері мен әдістерін ұтымды пайдалану мұғалімге оқытуды даралауға, яғни әр оқушының мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін-өзі бағалаудың және сыныптастарын бағалаудың маңызы зор. Әрбір оқушының сабақта қалай жұмыс жасағанын анықтауда өзі-өзі бағалауға үйретемін. Өзім сабақ беріп жүрген 1-сыныпта өзін-өзі бағалауға жас ерекшеліктеріне сай қолданамын.Бастауыш сынып оқушылары үшін қарапайым және тиімді әдіс- «Бағдаршам» әдісі. Бағдаршам түстерін пайдаланып, (жақсы, орташа, шамалы түсіндім) оқушылар өздеріне берген бағасын хабарлайды. Мұғалім «жасыл» немесе «сары» түстер бірлесіп бір-біріне проблеманы шешуге көмектесуі үшін оларды жұпқа біріктіре алады. Ал «қызылдар» тобы өздерінің түсінбеушіліктерін жою үшін мұғаліммен топтасады. «Басбармақ» әдісі. Тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың қаншалықты түсінген, түсінбегенін білу үшін мұғалім қол белгілерін қолданады.Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім және айтып бере аламын.Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін, бірақ сенімсізбін.Басбармақ төмен қарай = Мен әлі түсінбедім.Мұғалім түсінбеген оқушыларға нақтылау сұрағын қояды. «Нені түсінбедің?». Түсінген оқушылардың бірнеше жауабын тыңдатады, оқушы жауаптарының негізінде қайта өзі түсіндіріп жіберуіне болады, содан кейін осы әдіспен қайталап тексеру керек.БаспалдақОқушылар баспалдақтың баспаларына оқу материалын қаншалықты меңгергенін белгілейді: төменгі саты-түсінбедім, ортаңғы саты- кішкене көмек пен түзету қажет, жоғарғы саты- жақсы меңгердім, өздігімнен орындай аламын.«Ғажайып сызғыш», «Блоб ағашы», «Температураны өлшеу», «Смайликтер» т.б. әдістер арқылы да оқушы өзін-өзі бағалай алады.Бағалау барысында баланы мақтап, мадақтап, көтермелеп отырудың маңызы зор. Өйткені бала қашанда мақтағанды қалап , сол мақтағанға лайық болуға тырысады. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл күйін тудырап, өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды үнемі назарда ұстаймын. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау.Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады».Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн. Яғни әр оқушы өзіне сын көзбен қарай бастайды.Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді. Оқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауға үйретемін:-Бұны білемін, ол қолымнан келеді.-Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет.-Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын қояды. Бұл-оқушы және мұғалімнің қойған бағалау көрсеткіші. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, өзара, топтық өзара бағалау әдістерін жүйелі қолдануды мақсат етемін. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Ал сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады. Себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді. Оқушыларға өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік береді. Сынды қабылдауға ықпал етеді. Өзімен және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады. Оқытудың жаңа стратегиялары басқалардың жұмыстарын мұқият зерделеу арқылы әзірленуі мүмкін, себебі бұл оқушыларға өздерінің мүмкіншіліктеріне айтарлықтай жан-жақты көзқарас қалыптастырады. Өзгелердің жұмыстарын зерделеу оқушыларға бір тапсырманы шешудің түрлі жолдарын көрсетеді және өздерінің мүмкіншілігін кеңейтуге ықпал етеді. Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың (және өзін-өзі бағалаудың) маңызы зор. Ондағы мақсат- оқушыларға өз жұмыстарының сапасын көрсетуге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушыларға оқу үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін сездіреді. Өзара бағалау оқушыларға бір-бірімен өзара оқуға және бір-бірін өзара қолдайтындай, қажетті кері байланысты орнатуға көмектеседі, ол оқушыларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру, және бір-бірін сыни бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тиімді жасалған өзара бағаалу алдағы уақытта оқушыладың одан әрі алға ұмтылуға деген жауапкершліктерін дамытуға көмектеседі. Бағалау шынайы және барлығына көрінетіндей болуы үшін сабаққа негізделген бағалау критерийлерін құра бастадым. Ол критерий сабақты жақсы меңгергендігі, берілген тапсырмаларды орындауы сияқты меңгеру қажеттіліктеріне негізделеді. Оқушылар критериилерге сүйене отырып өздерін де өзгені де шынайы бағалауға тырысып жатады. Бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі. /«Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012ж, ІІІ басылым, бет 60/Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты-білім сапасын арттыру болып табылады.Өазара бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білімге деген ынтасының артуына, білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Бағалауға деген көзқарасымызды өзгертіп, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп біз оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттай аламыз. Менің аз уақыт тәжірибемде сыныптағы білім сапасының өткен тоқсанға қарағанда аз да болса көтерілгендігі. Белгілі ғалым А. Байтұрсынұлы айтқандай «Шеберліктің белгісі- әртүрлі әдісті біліп, сабақта орынды қолдана білу». Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Сөз соңында, қорыта айтарым, «Еңбексіз талант -тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімізді қосуға ат салысайық дегім келеді.
Пaйдaлaнғaн әдeбиeттep:
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Оқыту ізденіс ретінде, ізденіс оқыту ретінде. С.Мирсеитова.
Оқыту тәрбиелеу технологиялары