Жолдау жар?ын жол ашады


"Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ".
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ".
Мақсаты: Студенттерді Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі :
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт - дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу. Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.«Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды.
Мәншүк:Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.Еліміздің 22 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. 1997 жылы жолданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының 16 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды. Ендігі біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз.(Әр бағытқа қысқаша тоқталып, таныстырып кетеді)Айнұр:Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейту. Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуы тиіс. Тиісті заңнаманы жетілдіре отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру болуға тиіс. Бірінші бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі жолға қойылды. Екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот технологиясы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн.Мөлдір:Екінші. Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық жолға көшуін қамтамасыз ету. Болашақ аграрлық секторда,әсіресе шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзгеде инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет.Алқагүл:Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша веньчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай ақ ғылыми әзірлемелерді коммерциялау жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн. Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансфеттеу үшін пайдалану керек. Ірі қалалық агломерациялардағы, әсіресе Астана мен Алматыдағы технологиялық парктердің жұмысын жандандыру керек. Алғашқы зияткерлік инновациялық кластер қазір қазір Астанадағы Назарбаев университетінің арқауында табысты жұмыс істеуде.Меруерт:Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуы. Агломерациялар Қазақстанның ғылыми қамтымды экономикасының ұстыны. Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар Астана мен Алматы одан соң Шымкент пен Ақтөбе болады. Астанадағы дүниежүзілік ЭКСПО- 2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек. Сонымен қатар,ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек. Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан уран өңдіруде әлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз.Али:Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар,онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,5 млрд. теңгені құрап отыр.Нұргүл:Алтыншы. Болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер. ХХI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек;
1. ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту;
2. денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамыту.
3. жалпықазақстандық мәдениетті дамыту.
4. білім беру,денсаулық сақтау,әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастыру;
5. мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу.
Айдана:Жетінші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіруӘлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілк, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс қимылының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдында теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.Асем:«Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады - ау кісілік! Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз Болашақтың қасиетті көзіміз Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз
Қорытынды:
-Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
Мен 21-ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры боларына сенемін.
Бұл бейбітшілік тің,тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын.
Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымызды аяқтаймын.Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет.