?зін-?зі тану” рухани – адамгершілік білім берудегі м??алімні? р?лі /сынып жетекшілері семинарына


“Өзін-өзі тану” рухани – адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі/сынып жетекшілері семинарына/ Мұғалімнің жоғары рухы «Адамның адамшылығы – ақыл, ғалым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».                                    А. Құнанбаев “Мұғалім-баланың бойына руханилық білім нәрін себетін басты  тұлға”.     А.Байтұрсынұлы   «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». Әбу Насыр Әл-Фараби Ата-аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде Ей, перзентім, ата – ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл – ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата – ана ғой. Не үшін ата – анамды құрмет жасаймын деп, ойыңа алма. Олар сен үшін өзін өлімге қиятыны белгілі... Егер әрбір перзент ақылды және дана болса, ол ата – ананың міндеті – тәрбиелеу және жақсылық үйрету. Ей перзентім, ата – анаңды ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл күйіне қаяу салып қапаландырмағын. Сен ата – ананың қарызын ақтау ісіне дін деңгейінен қарамасаң да, адамгершілік, ақыл – ой, парасат биігінен қарағын. Сені жан – ділімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата – ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығында бағаламайды. Егер сен, өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата – анаңды құрметте, сен ата – анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Бушмагир ұлы Амир Қайқаус Педагогтің үш стилі Авторитарлық (өктем) мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал оқушы төменгі сатыда болады.  Либералдық педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны. Гуманистік  (ізгіліктік) бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді. Мұғалімнің басты қасиеттері Қарапайымдылық •      Кемелденуге ұмтылыс. өз кемшіліктерін ұғыну үшін. Өз кемшілігінен құтылу үшін ізденеді(Ертеде  мұғалім балалардың алдына бармас бұрын ойларын тазалап алған). Мұғалімнің үш типі ТТЬТЬЬООЛЛЛ Мұғалімге арналған ереже:1.Басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің орында2. №1-ші ережеге қара Сөйлеу – 10% Мета жолдау – 90%(мұғалімнің ниеті,мимикасы,жесті,қимыл-қозғалысы) Мұғалімнің жолдауды жеткізуі Мұғалімнің өміріндегі жағымды күйге келтірудің маңыздылығы туралы ТазалықТыныштық Қорытынды «Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» А.Құнанбаев «Маған ең керекті адамның бірі мұғалім, өйткені ол мектептің жүрегі» Ы.Алтынсарин