География саба?ында о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын арттыру.


География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Кәзір таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.
Қазіргі таңда ұстаздар қауымының басты мақсаттарының бірі бұл-оқушыны ашып , оның көзқарастарын өзгертіп , болашаққа деген сенімділігін оятып , Қазақстан Республикасының патриоты ел сенімін ақтайтын азамат қылып қалыптастыру . Осы орайда оқу үдерісі кезінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесі тұр. Халық ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы «Білімдіден не пайда, білгенін жұртқа айтпаса.Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» дейді. Оқушы оқу үдерісі кезінде алған білімін өмірде пайдалана білсе, өз білгенін әрі қарай дамытып басқа адамды да білім нәрімен сусындандырса оқушының функционалдық сауаттылығы артып, сабаққа деген қызығушылығы оянады. Ол үшін мұғалім әрбір сабағына үлкен жауапкершілікпен қарап, оқушы құзыреттілігін арттыра білуге тырысуы керек. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды, сұрақтарды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет. Мысалы, география сабағында оқулықпен ғана шектеліп қалмай, әртүрлі қызықты тапсырмалар, сұрақтар берілу керек. Сабақты қызықты етіп өткізу үшін мұғалім өзі даярлану керек, яғни мынадай нәрселерді біліп – ескеруі қажет деп ойлаймын:
- география сабағында оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек;
- берілетін сұрақтарды, деңгейлік тапсырмаларды ұғыну керек;
- қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толтыру керек;
- таңқалдырар қызықты материалдар жинақтау керек;
- оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек. Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндетті деңгейі өтілген жаңа сабақты бекітуге және өткен сабақтарды пысықтауға арнап құрылады, бұл деңгейді сынып оқушылары толық орындайды, яғни үлгермеуші жоқ екенін осыдан анықтауға болады. Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау – шығармашылық жұмыс бастамасы. Келесі деңгейді орындайтын оқушылар бірте – бірте дараланып шыға бастайды. Басқа оқушылар да осы балаларға еліктеп, сабақтан тыс уақыттарда да жұмыс істеуге өз беттерімен ынталанып отырады. Сондықтан қазіргі таңда орта мектеп оқушысына энциклопедиялық білімді ұшан теңіз, тұңғиық терең меңгерткеннен бұрын, игерген білімдерін нақты іс - әрекеттерде туындайтын жағдаяттар мен проблемаларды шешу үшін қолдана алу сауаттылықтығын үйретудің маңызы зор. Топтық, жеке тапсырмаларды көбірек қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейінің жоғары дәрежеде қалыптасуына өзіндік көзқарасын іркілмей,ашық білдіруіне барынша жол ашуға тырысамын.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру негізінде өз сабағымды жоспарлау кезінде «оқытудың интербелсенді әдістерін», құзыреттілік тапсырмаларын тиімді пайдаланып келемін.
Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:
- терең ойлануға;
- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;
- ақпаратты жан-жақты талдауға;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
- басқа да балама пікірлерді ескеруге;
- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;
- жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне);
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,
- ситуативтік және рөлдік ойындар,
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.),
- шығармашылық жұмыстар, т.б.
Мысалы, 6 – сыныптағы «Гидросфера» тарауындағы «Көлдер» тақырыбы бойынша өткізілген сабағым туралы өз тәжірибеммен бөліспекпін.
І. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды стикер түстері арқылы 3 топқа бөлдім.
ІІ. Үй тапсырмасы «Өзендер» тақырыбын сұрау кезінде «Алгоритм» әдісін пайдаландым. Ол үшін мен мынадай «Терминологиялық диктант» алдым.
1 Бастау 2 Саға 3 Атырау 4 Аңғар 5 Жайылма Топтағы оқушы бірінші сұраққа жауап жазады да, дәптерді екінші оқушыға береді. Екінші сұраққа екінші оқушы жауап береді және өзінің атын жазады. Сағат тілі бойынша дәптерді алмастыра отырып, әрбір оқушының дәптері өздеріне айналып келеді. Осы әдіс арқылы оқушылар бір-бірімен тығыз байланыса алады, бір-бірінің білім деңгейін тексереді.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңінде «шағын топтағы жұмыстар» әдісін пайдаландым. Осы әдіс барысында оқушылар тақырып мазмұнымен танысты /жеке жұмыс/, талдап, талқылады /жұптық жұмыс/, ақпараттарды саралады, постер қорғап, көпшілікке ұсынды /топтық жұмыс/. «Шағын топтағы жұмыстар» әдісі арқылы оқушылар әлеуметтік әрекеттестік маңыздылығын түсінді, бір-бірін тыңдауға, өз ойларын ашық айтуға дағдылана бастады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға мынадай құзыреттілік тапсырмасын ұсындым.
Қазақстанда көптеген көлдер бар. Осы көлдердің бірінде мынадай ерекшелік бар. Батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы. Бұл көл қалай аталады? Өздеріңнің дұрыс деп қабылдаған жауап нұсқасының астын сызыңдар және дәлелдеңдер.
р/с Көл атауы Жауап нұсқасы
1. Арал Иә/жоқ
2. Балқаш Иә/жоқ
3. Каспий Иә/жоқ

1. Арал көлі--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2.Балқаш көлі------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3.Каспий көлі------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Осы тапсырма негізінде оқушылар жаңа сабақ бойынша алған білімдеріне сүйене отырып, бұл ерекшелік Балқаш көліне тән екендігін және оның себебі Балқаш көлінің бір жағынан ағысы қатты өзен ағып шығатындықтан, екінші жағынан ағыны әлсіз өзендер ағып шығатындықтан деп картаны пайдалана отырып дәлелдеп шықты. Осы жерде оқушылар сабақ үдерісі кезінде алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Ұлт болашағы – білімді ұрпақ дейтіндей болсақ, ұстаз жауапкершілігі арта түспек. Жауапкершілікті терең сезіне отырып, жас ұрпақ бойына білім-білік дағдысын дұрыс дарыту барша ұстаздар міндеті деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Елбасы Жолдауы
2.«Оқытудың интербелсенді әдістері» Асхат Әлімов
3.Ғаламтор мәліметтері