Логикалы? есептер сайысы(5-7 сыныптар?а арнал?ан)


Логикалық есептер сайысыДайындаған: Математика пәні мұғалімі Әлиакбарова П.Д.№130 Абай атындағы орта мектебі
“...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” Н.Назарбаев
САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ:І- тур. Кім жылдам?ІІ- тур. Білім аукционыІІІ- тур. Математика ертегілер әлеміндеІV- тур. Ғажайып алаңV-тур. Мәтінді есептер аукционы
Кім жылдам? Әр топқа сұрақтары бар парақшалар таратылады.Жылдам әрі дұрыс жауап берілген әрбір сұраққа 10 ұпай беріледі.Жауап берілмеген сұраққа ұпай саны жазылмайды.Ендеше сәттілік!!!!! Білім аукционыstyle.colorfillColorfill.typefill.on Қазақ халқының ауызша есептері Теңдеу Әзіл есептерЕсептеусіз математикаҚосынды тізбек




Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?6 лақ
4х+5(3-2х)=5-11х Жауабы: -2
Алдаркөсе ауылға келе жатты. Жолда ол байды және оның үш нөкерін кездестірді. Осы ауылға қанша адам бара жатты? Алдардың өзі
Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды? Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар - 5
Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап? 5201540255307060?130
Математика ертегілер әлемінде Күлшеқызға көмектесҚаршақызға көмектес Алладинге көмектесТапсырманы орындаҚызыл телпектің тапсырмасыЕсептеңдер...


Күлшеқыз (Золушка) сағат 12-де үйіне қайтуға асықты. Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды. Ол туфлиының бір сыңарын жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта, ал төменнен санағанда 10 - шы баспалдақта түсіргені белгілі болды. Сонда баспалдақ саны нешеу?19
Өгей шешемнен қорықпас үшін үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік төртбұрыш формалы қоршаудың ұзындығы 68 метр, ал ені 52 метрге тең. Шарбақтың ұзындығын табыңдар? 68+52+68+52=240
“Егер ұшатын кілемнің жылдамдығы 55 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 12 км /сағ болса, онда мен желдің бағытымен қандай жылдамдықпен ұшамын? Ал желге қарсы ше?”Алладинге көмектесіңдер...Ұшатын кілемнің көмегімен қалаған жеріме тез жетуім қажет. Кей кезде желмен, кейде желге қарсы бағытта ұшамын. Бағытымен – 67 км/сағ,Қарама – қарсы – 43 км/сағ
Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңдар:8596287863598424?26
Сәске кез болатын. Анам бір кесе шайды стол үстіне толтырып қоя салды. Кенже інім байқамай қолындағы қантты кесеге түсіріп алды. Алайда қант құрғақ күйінде қалды. Неліктен?Себебі, бізге шайды демделген деп айтылмаған,сол себепті кеседегі шай демделмеген құрғақ күйінде.
Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз.53
Ғажайып алаңfill.on 202030302030404040




Ерланның торында бес торғай бар еді. Бес торғайын бес досына таратып бергеннен кейін торда тағы бір торғай қалды. Бұл қалай болғаны? Торымен қоса берген
Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг?6 кг
Натурал санның мағынасы Табиғи сан
Бес таңбалы сан берілген одан кейінгі сан алты таңбалы болады. Бұл қай сан? 99999
Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, ал көбейтіндісі 15-ке тең. Бұл қай сандар? 5 және 3
Сызғыштың 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?5 бұрыш
Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі, математика және тарих болды. Математика бірінші емес, тарих бірінші де, үшінші де емес. Қай пән нешінші болды?1. Қазақ тілі2. Тарих3. Математика

2 литрлік бөтелкені қолданып, 9 литрлік шелекті сумен толтыру үшін су көзіне қанша рет бару керек?5 рет
Бірінші баланың әкесі ұына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге береді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса 150 теңге ғана болады. Неліктен? Атасы, әкесі, немересі
ЕҢ қызықты логикалық есептераукционыrrrr 1-сыйлық 2-сыйлық3-сыйлық5-сыйлық4-сыйлық


Атасы мен немересі.Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Қанша жылдан кейін атасы немересінен екі есе жас үлкен болады? Атасы және немересі неше жасқа толады? Жауабы: 28 жылдан кейін,атасы 84-те, немересі 42-де Жыртқыштардың өлімі.Арыстан бір қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Ал барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітеді? Жауабы: 1 сағатта Отардың өсімі. Бір күні әкесі баласын санауға үйретпек болады. Ол айтыпты:Соңғы жеті жылда біздің түйелер 2 есе, жылқыларымыз 3 есе, сиырларымыз 4 есе, қойымыз 5 есе өсетін болады. Сөйтіп барлық малымыз сен нешеге келсең сонша болады,-дейді.Сонда баласы қызығып; - әке сол кезде біздің неше түйе,жылқы,қойымыз болады ?- деп сұрапты.Бұл өте қиын емес,өзің санап көр,- жеп жауап беріпті әкесі.Сонда баласы ұзақ ойланып өз сұрағының жауабын тапқан екен. Шынында сол кезде олардың малқорасы неше түйе,жылқы,сиыр мен қойға толы болады?  Жауабы:2 түйе, 3 ат, 4 сиыр, 5 қой Биші жігіттер. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен,Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі.Наурыз мерекесінде қанша биші жігіт болған? Жауабы:13 жігіт Ет сату.Қазақтар қысқа ет дайындау үшін соғым сояды. Олар мұндай кезде қой соя бермейді.Негізінен ірі мал сояды. Ал соғымның еті көп болса, артығын сатады. Жылқының етін 12 жілікке бөледі. Егер ет сатушы әр ет сатып алушыға бір жіліктен берсе, онда үш жілік ет артық қалады. Ал екі жіліктен сатса, онда үш ет сатып алушыға жілік ет жетпей қалады.Сонда қанша ет сатып алушы болғаны? Жауабы:19 12Фигурада неше үшбұрыш бар?
Қанша адам?.Мерекелік дастархан басында 1 ата, 2 әке, 2 бала отырды. Дастархан басында қанша адам отыр?3 адам: Атасы, баласы, немересі.
«Үй шатырында қандай сан» 139889
Жеңістеріңіз құтты болсын!
style.rotationppt_wppt_y
style.rotationppt_wppt_y


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030 жылы барсқа апаратын-бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар” деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. “ЕШҚАШАН ДА БӘРІН БІЛЕМІН, ЕНДІ МАҒАН БҰДАН АРТЫҚ ҮЙРЕНЕТІН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ ДЕП САНАУШЫ БОЛМА”- ДЕГЕН Н.Д.ЗЕЛИНСКИЙДІҢ СӨЗІМЕН САЙЫСТЫ АЯҚТАЙМЫЗ. БІЛІМ АЛУДАН КЕШ ҚАЛМАҢЫЗДАР! Сау болыңыздар!