Есептер шы?ару та?ырыбы бойынша ?тілген материалды бекіту. (3 сынып)


Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару тақырыбы бойынша өтілген материалды бекіту
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар, интербелсенді тақта, асықтар
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың есептерді әртүрлі тәсілмен шығару бойынша алған білім, дағдыларын бекіту, шапшаң ойлау қабілеттерін жетілдіру.
2. Тез ойлауға, өзіндік ізденіске баулу.3. Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, ұлттық ойындардың ерекшеліктерін біліп, қастерлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап есеп шығару, топтық жұмыс ,ой қозғау, ой қорытуСабақтың көрнекілігі: схемалар, ережелер, шығармашылық жұмыс, тірек сызба, кесте, карточкалар, интерактивті тақта
І. Ұйымдастыру Оқушыларға бағалау парақтары беріледі, бағалау шарттары түсіндіріледі. 2 мин
Үй тапсырмасын сұрау№4,6 тапсырмалар берілген. Тақтада слайдта үй тапсырмасының жауаптары дайын берілген. Оқушылар жұппен тексереді. Жауаптарын сәйкестендіреді. Бағалау парақтарын толтырады.3мин
Қызығушылықты ояту
Сабағымыздың басында менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдерші
1.Қазақтың қандай салт дәстүрлерін білесіңдер?
2. Қандай ұлттық ойын түрлерін білеміз? Олар қалай ойналады деп ойлайсыңдар?
Олай болса сабағымызды бастамас бұрын экранға назар аударайық.
Ұлттық ойындар туралы видео көрсетіледі. 4 мин
Ендеше балалар, біз бүгінгі сабағымызда қазақ халқының бірнеше ұлттық ойындарын ойнау арқылы біршама тапсырмалар орындаймыз. Асық арқылы ойналатын "Шеңбер " ойыны (шартын қысқаша айтып өту) Менің қолымдағы асықтарды аласыңдар , кімге қандай нөмірлі асық түссе, сол санда жазылған сұрақтарға жауап беретін боламыз.
№1. Қосындыны санға көбейтудің 1 тәсілі қалай орындалады, мысал келтіріңдер
№2. Қосындыны санға көбейтудің екінші тәсілі қалай орындалады, мысалдар келтіріңдер
№3. Көбейтудің қандай қасиеттерін білеміз?
№4. Тіктөртбұрыштың периметрін қандай тәсілдер арқылы табуға болады? 3 мин
Сұрақтарға жауап бердік. Біз қосындыны санға көбейтудің әртүрлі тәсілдерін қалай орындауды білеміз. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Осы тақырып бойынша өтілген материалдарды бекітеміз, шапшаңдыққа үйренеміз, және ұлттық ойындарымыздың ерекшелігін білеміз, оны қастерлеуге үйренеміз.
Ұлттық ойындарымызды әрі қарай жалғастырып ойнаймыз. Келесі ойын "Теңге ілу" деп аталады. (шартымен қысқаша таныстыру)
Оқулықпен жұмыс жасаймыз. 6 мин Мұндағы берілген
№2 тапсырманы қарайық. Топпен талқылаймыз. Әр өрнектің тиімді тәсілін тап. Берілген есепті әртүрлі тәсілмен шешеміз. Қай тәсіл тиімді деп ойлайсыңдар? Қай топ тез шешсе сол топ теңгені бірінші ілген болып саналады.
№3 а) 1,2 топ б) 3,4 топ
"Қаражорға " биі 3 минут
Сергіту сәті
Балалар біз тағы бір ұлттық ойынға жеттік. 5 минут Бұл ойын 3
"Қыз қуу"
ойыны (қысқаша шартын түсіндіру) Топтарға жеке тапсырмалар Топтар тапсырмаларды шапшаң орындау керек, себебі қыз қууда қыз жігітке жеткізбеу керек. Сондықтан біз бір-бірімізге жеткізбей сайысқа түсеміз.
І топ
Берілген есептің шартымен таныса отырып, шешуін табу
1 дорбада- 25 қызыл моншақ
15 жасыл моншақ
Осындай 10 дорбада - ? моншақ
ІІтоп
Берілген фигураның периметрін әртүрлі тәсілмен шығару
Ұзындығы 4см, ауданы 12см2 тіктөртбұрыштың периметрін тап
ІІІ топ
Берілген есептің шартымен таныса отырып, шешуін табу
1 сыныпта -15 қыз, 13 ер бала бар.
10 сыныпта -? оқушы
ІҮ топ
Берілген фигураның периметрін әртүрлі тәсілмен шығару
Ені 5 см, ауданы 30см2 тіктөртбұрыштың периметрін тап.
Бағалау парақтарын толтыру
Жылдам аяқтаған топтарға қошеметтер көрсетіліп, қыз қууда жеткізбегені айтылады.
2 мин
Кері байланыс Не ұнады? Не білдім?
Нені толықтырғым келеді? Бірнеше оқушы жазғандарын оқиды
Бағалау Бағалау парақтарын оқиды, берілген фишкалар арқылы мұғалім бағалайды
Үй тапсырмасы № 6,7,8