Физика п?нін о?ытуда жа?а ?діс т?сілдерді ?олдану.docx


4558665-12509500Абуов Ербол Абдигаухарұлы
Физика пәнінің мұғалімі
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Физика пәнін оқытуда интернет ресурстарын қолдану.
XXI ғасыр мұғалімі бұл – өз ұстанымына ие, көп оқитын, оқығанын іске асыра білетін, ізденімпаз, шығармашыл, өз оқушыларын өз бетінше білім алуға бағыттай алатын, интернет технологияларын жақсы меңгерген, білімі әлемдік стандарттарға сай, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыдан-ақ XXI ғасыр ұстаздарына қойылатын талаптың қаншалықты жоғары екенін көреміз.
Назарбаев зияткерлік мектептерінде ДББҰ кіріктірілген бағдарлама бойынша– физика пәнін информатика пәнінмен кіріктіру ерекше көңіл бөлінентін мәселелердің бірі болып табылады. Физика сабақтарында оқушылардың алған теориялық білімдерін өмірмен, практикамен ұштастырып, физикалық құбылыстарды терең меңгерулері үшін физика кабинеттері соңғы үлгідегі шетелдік зертханалық «PHYWE», «PASCO» құралдарымен толық жабдықталған. Соңғы үлгідегі құралдармен қатар интернет ресурстарын пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сыный тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге мүмкіндік туғызады.
Күнделікті сабақта кеңінен қолданатын интернет ресурстарының бірнешеуімен таныстырып кетуді жөн көріп отырмын. Олар: «class-fizika.narod.ru», «learningapps.org», «socrative.com», сайттары.
381190561658500061658500 «Сlass-fizika.narod.ru» сайтында мәліметтер орыс тілінде берілген. 7 – 11 сыныптарға физика пәнінің «Механика» бөлімінен «Кванттық физика»,
050863500«Астрономия» бөлімдеріне дейін кең көлемді мәлімет қамтылған. Сонымен қатар суреттердегідей тақырыпқа байланысты түрлі физикалық моделдер, анмимациялар, суреттер, оқулықтар, виктариналық сұрақтар, есептердің шығару жолдары, қарапайым тәжірибелер, ғылыми мақалалар, презентациялардың көп қоры орналастырылған. Бұл ресурстарды жаңа сабақ түсіндіргенде, физикалық құбылыстардың мазмұнын кеңінен ашуда, оқушылардың өз беттерінше білім алулары кезінде жақсы пайдасын тигізеді.
«Learningapps.org» сайтында ақпараттар орыс, қазақ, ағылшын және т.б. тілдерде берілген. Бұл сайтта негізінен тақырыптарды қайталау, бекіту кезінде қолданған ыңғайлы. Себебі, мұғалім викториналық тапсырмалар құрастырып, өзінің жеке кабинетіне енгізізген соң, оқушылар мұғалімнің жеке кабиентіне кез-келген уақытта кіріп тапсырмаларды орындай алады. Тапсырмалардың барлығы ойын түрінде, суреттегідей тарау-тарауға бөлініп берілген. Тапсырмалар тек физика пәнінен ғана емес, мектепте өтілетін барлық пәндерден түрлі ойын тапсырмалар бар.

Тапсырмаларға өту үшін learningapps.org → все упражнения → пән таңдаймыз → тарау таңдаймыз. Жоғарыдағы мекен-жай арқылы кіріп оқушыларға ноутбуктер арқылы дайын тапсырмаларды орындатқызуға немесе мұғалім өзі тапсырмалар құрастырып, сайтқа енгізіп, енгізген тапсырмаларын оқушылардан алуына болады. Ол үшін алдын ала сайтқа тіркелу керек болады.
«Socrative.com» сайтын тарау соңында бүкіл тарау бойынша қайталау сабақтарында, сабақтан тыс сайыстарда қолдауға қолайлы. Себебі, мұғалім викториналық сұрақтар құрастырып, өзінің жеке кабинетіне енгізізген соң, барлық оқушылар бір уақытта кіріп тапсырмаларды орындай алады. Оқушылардың берген жауабы мұғалімнің компьютерінде бірден қабылданып, қай оқушының алда келе жатқандығы бәйге түрінде көрсетіледі. Бұл өз кезегінде оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Барлық оқушылар тапсырмаларды орындап біткен соң жұмыстардың нәтижесін Ехсеl форматта алып, оқушылардың өз беттерінше қатемен жұмыс жасауларына болады. Бұл біріншіден оқушылар өз қателерін түзететін болса, екіншіден мұғалімнің уақытын үнемдеуге, өткен сабақ материалдарын қысқа уақыт аралығында қайталап шығуға көмектеді. Сайтқа тіркелу үшін socrative.com →teacher login→get a free account сілтемелерін теріп, өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді енгізу керек болады. Тіркеліп болған соң мұғалімге жеке ROOM номер беріледі. Оқушылар socrative.com → teacher login сілемесі арқылы сайтқа кіріп мұғалімнің ROOM номерін теріп, өзінің аты-жөнін жазып тапсырмаларға өте алады.
3653790495935001986915507365571549784000 Өз тәжірибемде оқушылардың білім деңгейлерін анықтауда, тарау бойынша қайталау, жаңа сабақты бекіту сабақтарында кеңінен қолданамын.
Ақпараттық технологияларды қолданып жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылық белсенділігі артып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Математика және физика» ғылыми әдістемелік журналы. №5 2010 жыл.
«Математика және физика» ғылыми әдістемелік журналы. №2 2011 жыл.
«Физиканы оқыту теориясы және әдістемесі». Б.Е.Акитай Алматы 2006 жыл
http://learningapps.org/http://class-fizika.narod.ru/
http://www.socrative.com/