Тарих п?нінен саба? жоспары Англияда?ы капитализмні? же?ісі ж?не орны?уы


Сабақтың тақырыбы: Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға революция қарсаңында болған өзгерістерді әңгімелеу.
2. Оқушыларды азаматтыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Ағылшын революциясының себептерін аша отырып, елдегі әлеуметтік, саяси, діни мәселелердің шиеленісуін айту.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:карта, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Кіріспе
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жоспар:
1. Революция қарсаңындағы Англия
2. Ағылшын революциясының себептері
1. Революция-қоғам өміріндегі түпкілікті бетбұрыс, түбегейлі өзгеріс. Революция әртүрлі салада: қоғамдық қатынастарда, техникада, ғылымда, мәдениетте, санада орын алады. Қоғамдық қатынастар саласындағы революциялар әлеуметтік деп аталады.
Өнеркәсіп саласындағы даму:
- Мануфактура өндірісінің өсуі: шыны дайындау, жібек өндіру, қант шығару, ас тұзын өндіру. Мануфактура-қол еңбегіне негізделінген және жұмысшылардың арасында еңбек бөлінісі болған кәсіпорын.
- Металлургия өнеркәсібінде: қорғасын мен мыс өндіру.
- 1534-1660жж. Лонданда қала тұрғындарының саны 8 есеге өсті.
Ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістер:
- ХҮІІғ. бірінші жартысында Англия аграрлы елге айналды. 4,5 млн халық ауылдық жерде тұрды.
- Кедей шаруалар өмір сүрудің негізгі көздерінен айырылды.
- Шаруалар екіжақты қыспаққа ұшырады.
- ХҮІғ. бастап қауымдық алқаптар қоршауға алынды.
- ХҮІІғ. соңында шаруалар қолында егістіктің жартысы болды.
Капиталистік қатынастардың қалыптасуы:
- Қала буржуажиясы мен жаңа жер иелері арасында одақ қалыптасты. Буржуазия-мануфактура, капиталистік кәсіпорындар иелері. Капиталистік кәсіпорын-қосымша пайда табу мақсатымен құрылған, жұмысшы еңбегін пайдаланатын кәсіпорын.
- Стюарт абсолютизмі (билік, басқару) мен феодалдық ескі тәртіптер күшейді.
- Буржуазияның еркін саудаға талпынысы өсті.
- Арзан жұмысшы күші рыногы, жалдамалы еңбек дамыды.
- Ұсақ шаруа, орта, ірі фермерлер, жаңа дворяндар, жер иелері, ауыл қожайындары, өнеркәсіп иелері, саудагерлер қалыптасты.
Ағылшын революциясының жетілуіне діни мәселелердің шиеленісуі де әсер етті. Пуритан шіркеуі (дінге сенетіндер) – пресвитер (ақсақалдар) пуритан шіркеуіне мінажат етушілерді басқарды-пресвитерлер (саудагерлер, қаржы иеоері, ірі жер иеленушілер, ерікті шаруалар). Пуританизм: қарсы-көңіл көтеруге; жақтады-қауымшылдықты, еңбексүйгіштікті.
2. Парле (француз. Parler)-сөйлеу. Себептері: 1) жаңа өндірістік күштердің дамуы; 2) ескі феодалдық өндірістік қатынастар арасындағы қарама-қайшылықтар. Заңсыз салықтардың көбеюі, халықтың тұрмыс-жағдайының ауырлауы, бағаның өсуі, еңбекшілердің мұқтаждығы, кедейленуі.
Парламент: 1. Жоғарғы палата-корол және ұрпақтары
2. Төменгі палата-қауым
І Карл парламент шақырады. 1640ж. 13 сәуір-5 мамыр, «Қысқа парламент». 1640ж. 3 қараша «Ұзақ парламент» шақырылады. Осы парламенттің шақырылуы-ағылшын революциясының басы.
Буржуазиялық-дворяндық оппозицияның бағдарламалары 2 құжатта сипатталды. 1) 1640ж. желтоқсан «Түп және тармақтар жөніндегі петиция; 2) 1641ж. желтоқсан «Ұлы ремонстрация». Жұлдықды палата мен Жоғарғы комиссия соттары өз қызметін тоқтатты, «кемелік қаржы (салық) жойылды. Парламент халыққа сүйенді. 1642ж. 10 қаңтар король солтүстікке шегініп, тамызда парламентке қарсы азамат соғысын жариялады.
ІҮ. Бекіту сұрақтары
1. Өнеркәсіп саласындағы даму.
2. Ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістер.
Ү. Үйге тапсырма
§ 1 (1,2), тарихи терминдер.
ҮІ. Қорытындылау
1. Революция қарсаңындағы Англияның жағдайы.
2. Пресвитерліктер деген кімдер?
3. Революцияның басталу себептерін атаңдар.
ҮІІ. Бағалау