Информатика ?лемінде 7 сынып


Күні: 09.02.2017
 «Информатика әлемінде»
Мақсаттары:
1.Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.
2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның тақырыбы, нақыл сөздер, сыйлықтар.
Ойынның барысы:  
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі  «Информатика әлемінде» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер. Келген қонақтарға берілген жеміс-жидектердің біреуін таңдап алуға ұсыныс жасалынады
Қарбыз Жүзім Құлпынай Шабдалы Алма Шие Қара өрік осы жемістерден өздеріңізге ұнағанын таңдаңыздар.Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау - дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез - келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз - қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.Алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз - өзіңізге риза адамсыз.Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік - өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп - оңай өкпелете салуға болады.Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым - қатынас орнату да қиын болады.
Көңілді тапқыштар, білгіштерБар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Психологиялық  тренинг. Оқушыларға түстер ұсынылады  Балалардың таңдауы бойынша   оларға мінездеме беріледі.
Оқушылар өздеріне  ұнаған   түсті  таңдап алады.
Қызыл-көтеріңкі  көңіл-күй
Көк тыныштықты   қанағаттанушылықты, сенімділікті  шыдамдылықты:
Жасыл-өзіндік  бағасы жоғары, еркіндікті,   мақсаттылықты, сенімділікті,   өздеріне көңіл  аударғанды  ұнатады.
Сары-көңілділікті. Ұстамдылықты  және жеңілділікті  білдіреді:
Қоңыр-психологиялық  қолайсыздықты  білдіреді.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1-    бөлім «Таныстыру».
2-    бөлім «Сиқырлы сандар».
3-    бөлім  «Сөзжұмбақ».
4-    бөлім  «Капитандар сайысы».
5-    бөлім  «Кім жылдам?».
6-    бөлім « Мақал –сөз мәйегі».
Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын айтып отырады.
Қол соғып қарсы алайық.
1- бөлім. «Таныстыру». Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
( әділ-қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады)
2- бөлімді бастайық  «Сиқырлы сандар» Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Бірінші болып шыққан «Компьютер» тобына кезек береміз.
Компьютер миі? (жүйелік блок)
Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)
Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
Графикалық редактор? (Paint)
Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)
Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт)
Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы)
Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта)
Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)
Банкрот (топтан 5 ұпай алынады)
Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
3 бөлімді бастайық « Венгр сөзжұмбағы»  топтарға жұмбақ жасырылады,
Көрсетілген сөзжұбақта жасырылған сөздерді тауып жазу.
М Т ПЛ О Т Т Н О М
И ЫПРРТ Е И Д Е
Қ ШН И Е Е РО М М
РҚ А Н Т РН Н И Т
О Н Т С Ә ЗЕ Т РО
ПА И Б А Й Т Т Е ЗРМ В ПИ К М Е РЕ
О Ә И А РС О Ұ А Ф
ЦТ РИ Х Е Д Я Й Л
Е І У В Ж Л И Я И ЦС Н С Д А Ь Ф И К А
С О РА Б О Н Е Н Т
Көрермендермен ойын  Көрермендер берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде  10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі. Ұпайларын ұнаған топтарына сыйлайдыү
Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)
Жойылған файлдардың қапшығы (себет, корзина ......................)Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)
Монитордың неше түрі бар? (үш, три, фри)
Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, маус)
Файлдардың жиналған жері (қапшық, папка, ...........................)4 – бөлімді бастайық  «Бәйге» бұл бөлімде  топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың  дұрыс  жауабына 10 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1.     Баспа құрылғысы (принтер)
2.     Компьютер теледидары (монитор)
3.     Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
4.      Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін)
5.     Зиянкес бағдарлама (вирус)
6.     Файлдар жиыны (бума)
7.     Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8.     Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9.     Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)
Қызыл  конверт сұрақтары:
1.     Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер  жүйе немесе интерфейс)
2.     Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
3.     Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
4.     Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
5.     Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
6.     Дыбыс естілетін қорап (колонка)
7.     Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)
8.     Компьютердің маманы (программист)
9.     Бүкіләлемдік желі (интернет)
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)
Жасыл конверт сұрақтары:
1.     Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)
2.     Паскаль қандай тіл (программалау тілі)
3.     Компьютер сымдары (кабель)
4.     Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)
5.     Презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)
6.     Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)
7.     Ең ұзын перне (пробел)
8.     Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)
9.     Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (7- сыныптан)
10.  Оқитын құрылғы (сканер)
 Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
5-бөлім. «Кім жылдам?»
Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. 1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,….) 2. БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…) 6-бөлімді бастайық  «Мақал –сөз мәйегі»  бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Осымен 6-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.-деп
Осымен 6-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Қорытынды
( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).
Қарбыз Шабдалы
Шие
Алма

Жүзім Қара өрік

Құлпынай Информатика пәнінен өтілген
«Информатика әлемі» сайысына қатысып
ІІІ орынды иеленген «_______________» тобы
марапатталады
Мектеп директоры: Исатаева Б.Г.
Өткізген мұғалім: Аманжол Сандуғаш
2016-2017 оқу жылы