Білім беру мекемелерінде бейнелеу ?нері,сызу,технология п?ндерін о?ытуда инновациялы? технологияларды ?олдану


Білім беру мекемелерінде бейнелеу өнері,сызу,технология пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдануБейнелеу өнері, сызу, технология пәндері мұғалімі Көкеев А.С. “Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек. Біз баға жетпес білім қорын арттырып, оны жаңаша түрлендіре біліуіміз керек.” Н.Ә.Назарбаев “Білім” бағдарламасында:”Балалар мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде,оқушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу,білім берудің тиімді жүйесін жасап,өмірге ендіру”қажеттілігі атап көрсетілген. Біздің қазақ жерінде тұңғыш ағартушы Ы.Алтынсарин 1887-1888 жылдары алғаш орыс-қазақ мектебін ашқанда сабақты еңбекке баулудан бастаған. Қазіргі кезде технология пәні заман талабына сай жаңа технологиялармен, ақпарат көздерімен,оқытудың техникалық құралдарымен, технология пәні оқулықтарымен және “Мектептегі технология.Технология в школе”республикалық төл журналымызбен қамтамасыз етілген. Технология пәнін оқытуда интерактивтік тақтаны қолдану-білім сапасын арттыру құралы.Интерактивті тақтаны қолдану-мұғалімге жаңа материалды өте қызықты,қарқынды,көзге көрінетін визуалды ресурс,жаңа ойларын тартымды етіп көрсету үшін таптырмас құрал.Бұл тақтада жұмыс жасау материалдарды қарапайым,бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады. Сабақта интерактивті тақтамен оқытудың тиімді тәсілдеріа) модельдерді жасау және үлгілеу ә) оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру б) сабақтың қарқыны мен барысын жақсарту Инновациялық технологиялардың бірі-шығармашылық жобаның нәтижесінде оқушы бір бұйым жасап шығарады.Содан соң шығармашылық жоба бойынша жасалған бұйымды қорғап болған оқушы-ізденуші,шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасады. 9 сынып оқушысы Тұрсынов Нұрболдың қолынан шыққан өнер туындысы Өнерді ұрпаққа жалғастырған Қасымханнан кейінгі хан болған Есімхан, өнердің қасиетін жоғары бағалап, қосымша заң қабылдаған. Ол Қасымханның “Қасқа жолы” атты өзгертпей, тек сол заңға екі заңды қосқан. Ол- елдің тәуелсіздігін қорғау мақсатындағы “Әскери заң” мен “Өнер” Өнер заңында: “Егер қасақана ер адамды өлтірсе, өлген адамның бойында әр түрлі өнер болса, ер құнымен қоса, өнерге де құн төленсін”, - деген. Яғни адамның өмір сүру кәсібінде өнердің бағасы жоғары екенін дәлелдеген. Сонымен,ұл-қыз тәрбиесіне ықпалы зор технология пәнінің сапалы білім бере отырып,қолөнерімізді,салт-дәстүрімізді меңгертуде қосар үлесі мол деп сенемін.