«Информатиканы о?ытуда білім беру ресурстарын ?олдану»


Алматы облысы Іле ауданы Жана-арна ауылы
№ 35 орта мектепБаяндама тақырыбы:
«Информатиканы оқытуда білім беру ресурстарын қолдану»

Дайындаған: информатика мұғалімі
Адилханов О. К.
Алматы 2014 ж.
Информатиканы оқытуда білім беру ресурстарын қолдану
Цифрлық білімдік контент электрондық оқытудың ақпараттық
жүйесінің (бұдан әрі қарай ЭО АЖ) басты құрамдас бөліктерінің бірі болып
аталады, өйткені мазмұнсыз оқыту да жоқ.
Электрондық оқытудың ақпараттық жүйесінің электрондық
кітапханасында әртүрлі форматтағы оқу материалдары бар: цифрлық
білімдік ресурстар, электрондық кітаптар, әдістемелік құралдар,
таныстырылымдық материалдар, аудио және бейне клиптер және т.б.
Георафиялық орналасуына тәуелсіз әрбір оқушының ең жақсы цифрлық
білімдік ресурстарға қатынауы – бұл электрондық оқыту жүйесінің ең
маңызды артықшылықтарының бірі.
2012 жылы дайындалынған цифрлық білімдік ресурстар – «Информатика» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына ұсынылған дидактикалық материалдар.
ЦБР-дың мұндай құрылымы электрондық оқыту жүйесінде
оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз етеді, ал оқытушыға
әрбір сабақты ұйымдастыру мен өткізу кезінде осы ресурстарды пайдалануға
мүмкіндік береді.

1. Электрондық оқытудың ақпараттық жүйесіне кіру
Электрондық оқытудың ақпараттық жүйесіне кіру үшін браузердің
мекен-жайлық жолына https://e.edu.kz/ мекен-жайын теру керек. Егер де
ғаламтордың баптауы дұрыс болса, онда ЭО АЖ-ның Бас терезесі ашылады
(1-сурет). Порталға кіреміз.
1- сурет. Электрондық оқытудың ақпараттық жүйесінің Бас терезесі

Бас терезенің салымдары бар [1]:
 Портал.
 Оқыту.
 Басқару.
 Е-Кітапхана.
 Тестілеу.

Цифрлық білімдік ресурстармен жұмыс істеу үшін Е-Кітапхана [2] (2-
сурет) салымын таңдау қажет.


Е-Кітапхана беті тек авторландырылған пайдаланушылар үшін ғана қол
жетімді, сондықтан осы салымды басу кезінде авторландыру терезесі
ашылады (3-сурет).

2. Электрондық кітапханаға кіру және пайдаланушыны авторландыру
Авторландыру – белгілі бір тұлғаға немесе тұлғалар тобына көрсетілген
рөлге сәйкес белгілі бір әрекеттерді орындауға құқық беру, сондай-ақ осы
әрекеттерді орындауға талаптану кезінде осы құқықтарды тексеру (растау)
процесі.
Е-Кітапханаға кіру үшін Логин [1] мен құпия сөзді [2] енгізу және
«Кіру» [3] (4-сурет) батырмасын басу қажет.

4-сурет. ЭО АЖ-ны пайдаланушыларды авторландыру
Егер де енгізілген Логин мен құпия сөз дұрыс болса, онда Е-
Кітапхананың Бас терезесі ашылады және пайдаланушыға рөлге сәйкес басқа
беттерге қатынау ұсынылатын болады.
3. Е-Кітапхананың Бас беті

Е-Кітапхананың Бас бетінде (5-сурет) пайдаланушы өзінің есімін [1],
Іздеу терезесін [2], Кеңейтілген іздеу салымын [3], Рубрикатор
(Топтастырғыш) [4] көреді. Жеке ресурстар тура Бас беттен [4] қол жетімді
болады.

4. Цифрлық білімдік ресурстарды іздестіру

ЭО АЖ-дағы цифрлық білімдік ресурстарды іздестіру:
 материалдарды топтастырғыштың көмегі арқылы [4] (5-сурет)
 кеңейтілген іздестіру режімінде [3] (5-сурет) жүзеге асырылады.
4.1 Кеңейтілген іздестіру режімінде цифрлық білімдік ресурсты
іздестіру

Кеңейтілген іздестіру үшін:
1) «Кеңейтілген іздестіру» жазбасын [5] (6-суретті қараңыз) басу керек,
экранда кеңейтілген іздестірудің бөлімдері [4] пайда болады (7-сурет).
2) Келесі қадамдар пайдаланушының таңдауы бойынша орындалады
(іздестіру үшін әрекеттерден бірі мүмкін).
3) Материалдың (немесе тақырыптың) атауын енгізу [1], авторды [2],
іздестірудің түйінді сөздерін [3], материалдың дайындалу мерзімін [4]
көрсету керек.
4) «Іздестіру» батырмасын [5] (7-суретті қараңыз) басу керек, экранда
іздестіру шарттарына сәйкес келетін оқу материалдарының тізімі пайда
болады.



9-сурет. Оқу материалының кәртішкесі
«Оқу материалының кәртішкесі» терезесінде:
 материалды ашуға [5];
 «Таңдалынған» қапшыққа ресурсты үстемелеп қосуға [6];
 материалды шығарып алуға [7];
болады.

Материалды ашу. Бар цифрлық білімдік ресурс «Ашу» командасымен
[5] ашылады. Экранда Цифрлық білімдік ресурсқа сілтемесі бар терезе пайда
болады (10-сурет).
«Таңдалынған» қапшыққа материалды үстемелеп қосу.
Таңдалынған қапшық «Бас» бөлімде тұрады және таңдалынған оқу
материалына тез қатынау үшін қызмет етеді. «Таңдалынған» қапшыққа
материалды үстемелеп қосу үшін «Таңдалынғанға үстемелеп қосу» [6]
командасын таңдау керек.
Материалды шығарып алу. Шығарып алу – бұл өз компьютеріңде
құжаттың электрондық көшірмесін сақтау. Материалды жүктеу үшін
«Шығарып алу» командасын [7] таңдау керек.