С?Ж – САБА?ТЫ ?ЙЫМДАСТЫРУ Ж?НЕ ?ТКІЗУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ


СӨЖ – САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
Қоғамның экономикалық дамуының жоғарғы деңгейге шығуға талпынысы қоғамдық өндірісті ұйымдастыруға, нарықтық экономика жағдайындағы техникалық-технологиялық әрекеттерге байланысты жаңа талаптарды белгілейді. Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетінің дамуы материалдық өндірістің түбегейлі өзгеруімен, оларға кәсіптік құзырлығымен байланысты біліктілігі жоғары мамандарды даярлаумен, ғылым мен техниканың дамуымен, технология мен өндірісті басқаруымен тығыз байланысты.
Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары түлектерінің кәсіптік даярлық деңгейі жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің және кәсіптік мектептер мен колледждердің оқушыларының даярлығын да анықтайды. Бүгінгі жоғары оқу орнында студенттер кредиттік жүйе бойынша оқытылады, осы жүйеде студенттерге студенттердің өзіндік жұмысы қарастырылған.
Жоғарғы мектептің маңызды мәселелерінің бірі ол-мамандарды дайындау сапасын көтеру. Жоғары оқу орнының студенті мен түлегі білімді тек пәндік бағдарламалар бойынша алуды ғана емес, бұл білімдерді ала білуі керек.
Осыған байланысты студенттердің өзіндік жұмыстарының үлкен маңызы артуда. Білімді пәндік бағдарлама бойынша алып қана қоймай, сонымен қатар бұл біліктілік пен білімдерді зерттеу жұмыстарының тәсілдерін қолдана біліп, өздігінен жаңа ғылыми мәлімметтер жинақтай алуы керек.
Бұл мәселеде ерекше назар педагогикалық, психологиялық білім беру әдістері әдебиеттерді практикалық жұмыстың тәжірибиесі кеңіп, студенттердің уақыт бюджеті, әр түрлі ұйымдық тәсілдері, профильді пәндер оқытылады. Жоғары оқу орнында аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарды оқыту процесін ұйымдастыру [1].
Оқу еңбегін реттей білу жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім мен келешектегі тәжірбиесін арттыру негізі болып табылады. Осылайша, жоғарғы оқу орнында студенттер өздігінен белім алу дайындықтарын үйренулері қажет, ал бұл мақсатқа жету құралы ретінде өзіндік жұмыстар қолданылады.
Өзіндік жұмыс түсінгігі көп мағналы, сондықтан педагогикалық әдебиеттерде бір мағнада қолданылмауы заңдылық. Өзіндік жұмыс әдісі ретінд, ұйымдастыру формасы ретінде, оқыту құралы және оқыту жұмысы ретінде де қарастылады [2].
Неғұрлым сәтті, жан-жақты өзіндік жұмыстын аспектілерін көрсететін Л.Г. Вяткин ұсынған анықтама бойынша бұл іс-әректе оқушылардың тікелей жүйелік жағдайы аз мұғалім көмегі арқылы орындалатын оқу тапсырмалары, білімді меңгеру, өздігінен тану оқушынын тұлғалық бет бейнесін қалыптастырады.
Орта оқыту орындарындағы өзіндік оқыту мәселесіне арналған педогогикалық құбылысқа қатысты жоғары оқу орындарында өз мағынасын жоғалтпайтын келесі негізгілерге бөлуге болады. [3].
Олар:
Көптеген зерттеушілердің анықтауы бойынша өзіңдік жұмыс оқушылардың сабақта және үйде іс-әрекетті тану түрлері ретінде анықталады, оның орындалуы мұғалімнің тапсыруымен және тапсыруынсыз жүзеге асады.
Өзіндік жұмыс тұлғаның белсенділігін, өздігінен іздену, еңбекке деген көзқарасын қалыптастырады.
Тапсырманы орындау үшін оқушылар өз білімдеріне, пәндік білімге, берілген пәнді оқу тәжірибесіне және оқыту құралдарын қолдана білуге сүйенеді.
Өзіндік жұмыс оқушылардан білімділікті, әр-түрлі ұйымдастырушылықты, жұмысты жоспарлай білуді, тапсырманын нақты жүйесін қоюды, ішіндегі ең маңыздыларын бөліп алуды, берілген тапсырманы орындайтын бірнеше тәсілдердің ең тиімдісін таңдап алуды, тапсырманың орындалуын қадағалауды, қорытындыларды салыстыруды талап етеді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоғарғы оқу орны тұлғаны белсенділікке, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелейтін жүйе ретінде қарастырып, қортындылап, әр түрлі қажетті мәліметтерді алу. (В. Гарф, И.И. Ильясов, В.Я. Ляудис) [4].
Осылайша жоғарыда келтірілген анықтамалар бойынша өзіндік жұмыс былайша қарастырылады, бұл жағынан іс-әрекет түрү, белсенділік, өзіңдік таным қызығушылығы, бастапқы өзіңдік білімін арттыруға итермелеу, екінші жағынан педагогикалық талаптар және студенттерге өздігінен іс-әрекетті қамтамассыз ететін басшылықты қарастырады.
Пайдаланган әдебиеттер тізімі:
Л.Г. Вяткин. Самостоятельная работа учащихся на уроке. – Саратов: Издательство Саратовского университета, 1978.
Ю.К. Бабанский. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. – М.: Просвещение, 1985.
Самашева Г.Е. Жоғары оқу орын студенттерінде зерттеу білігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Моделирование профессиональной деятельности в условиях информационной инфраструктуры: Сб. науч. тр. – Караганды: Изд-во КарГУ; 2005. – С. 150-155.
Готтинг В.В. Самостоятелная работа студентов и ее методическое обеспечение в подготовке инженеров-педагогов. Формирование профессиональной подготовки инженерно-педогогических кадров: Сб.научных трудов.- Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – С. 185-190.