Таби?атым — тал бесігім


Сабақтың тақырыбы :Табиғатым –тал бесігім
Сабақтың мақсаты: 1.Табиғатты қорғау , оқушыларды туған жер табиғатымен таныстыру .
2 .Табиғатқа деген қызығушылығын арттырып , ой –өрісін дамыту .
3.Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу , туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосуға тәрбиелеу .
Көрнекілігі : Плакатқа жазылған өсиет сөздер . Табиғат туралы суреттер , буклеттер .
Сабақтың барысы : І . Ұйымдастыру
ІІ .Негезгі бөлім
Табиғат –тіршілік атаулының құтты қоныс –мекені ,тіршіліктің өсіуіне қажетті нәрі , жер бетіне көрік берген сәні . Табиғаттсыз өмір жоқ . Бұл даусыз шындық . Ол – бар байлықтың көзі ,адам өмірінің неғізі .Айналадағы өзімізді қоршап тұрған дүние , жер , күн , су , аспан , өсімдік , жан –жануар , жәндік атаулының бәрі –табиғат .
Жылдың төрт мезгілі бар . Олар : көктем , жаз ,күз , қыс .
Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған киелі де күрделі міндеттердің бірі –табиғатты қорғау , оның байлықтарын ұқыптты пайдалану . Табиғат – адамға баға жетпес байлық .
1 – оқушы :
Табиғат әсемдіктің төркінісің ,
Ән саламын бір сенің көркің үшін .
Жан – жануар табынып бір өзіңе ,
Сеннен алып тұрғандай бар тынысын .
2 – оқушы :
Табиғатты қорғау ншін бәріміз ,
Күресейік , бір –бір ағаш егейік .
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз ,
Таза ауа үшін терімізді төгейік .
Өзендер мен көлдерді ластауға болмайды , өйткені оларда өмір сүретін барлық жаратылыс құрылады .
Кейбір адамдар әрқашан өзендерді , көлдерді , теңіздерді қалдықтармен және қоқыстармен ластап отырады . Не істеу керек ?
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды .Адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып , экологиялық ойсырауға ұшыратады . Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі , бұлақ көздері мен өзендердің ластануы , қоқыстардың көбеюі ,кейбір аңдар мен құстардың жойылуы –бұл экологиялық мәсәле .
Мен – Жермін ,
Мен –Ғаламшармын .
Мен қажыдым , шаршадым .
Осы менің жайымнан ,
Боласыңдар хабардар .
Мақал –мәтелдер .
1 . Орман –ел дәулеті ,жер сәулеті .
2 . Ағаш ексең аялап , басыңда болар саябақ.
3 .Ақыл дария алсаң да таусылмайды ,Жер қазына саусаң да таусылмайды .
3 –оқушы :
О , дариға алтын бесік туған жер ,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр .
Сүйсем сені туған ел –атамекен ,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең .
Қазақ халқы –табиғатты аялаған халық ,
Ата –бабаларымыз арттарында табиғатты қорғау туралы әр түрлі өсиет сөздер қалдырып кеткен .
1 . Көкті жұлса , < көктей соласың > деп жамандыққа жориды .
2 .Суға түкірмейді , өйткені бұл суды қайта ішуге тура келеді .
3 .Құстардың ұясын бұзуға болмайды . Қарғаса ,үй –ішіне кесапаты тиеді .
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз ,
Жер бетінің ажары –ол сәніміз .
Туған өлке табиғатты аялап ,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз .
Қастерлейік оның байлық –ырысын ,
Ей ,адамдар ,арың қалай шыдайды ,
Табиғат анаң ,ал сен оның ұлысың .
Сұлу табиғатымызды аялай білейік ,табиғатты сүю –парыз , сүю үшін қорғау –парыз .