Баяндама: жобалау технологиясын математика саба?ында ?олдану


«Жобалау технологиясын математика пәнінде пайдалану»
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған селосы Ғ. Сланов атындағы орта мектептің ІІ санатты математика пәнінің мүғалімі Махметова Гүлмира Зейноллақызы
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының бағыттарына сәйкес ,халықаралық білім кеңістігіне кіру және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартарын модернизациялаужалпы орта білімнің мазмұнды және процессуалды жақтарды ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық негізіне көшуі нәтижеге бағдарланған білім моделі арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.
Осыған орай,мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі – дарынды балаларды тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде психо – педагогикалық жағдайды шешу үшін түрлі іздену жұмыстары арқылы дарындылығын анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау жолға қойылған.
Қазақстан Республикасының Жалпыға Міндетті Мемлекеттік Стандарт талабына сәйкес адамға білім мен әлеуметтік жағдайлардың арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік беретін тәжірибе мен білімге негізделген жалпы қабілет әлеуметтік құзырлықтың білім беру нәтижесі нәтижесі ретінде қарастырылады.[1]
Білім берудің негізгі құнды байлықтары мыналар:
-Оқушылардың өздігінен білім алу және ұйымдастыру қабілетін дамыту(өз бетінше қиындықтарды шешу);
-Құқық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру, өз құқықтарын көруге үйрету;
-Серіктестікке дайындау, іскерлік қабілеттерін дамыту;
-Өзгенің ойын қабылдай алуға үйрету.
ІІ. Жобалап оқыту технологиясын математика пәнінде қолдану әдісі.
Жобалап оқыту технологиясының негізі – оқушылардың оқу – танымдық іскерлігінің практикалық және теориялық қиындықтарды шешу жолына бағытталған.Алғашқы көрсеткішті көруге,қабылдауға,шынайы өмір тәжірибесінде қолдануға болады.Кейінгі көрсеткішті оқушылардың баға жетпес құндылығы,тәжірибе іскерлігін өз білімімен байланыстырады.Жобалап оқыту технологиясымен жұмыс істеу-мұғалімнің іс-әрекетіне жоғары деңгейдегі қиындықты шешуге ерекше талап қояды:
-Әлеуметтік міндеттердің болуы (зерттеу, ақпараттық, практикалық);
-Жобалаудың орындалуы – қиындықты шешуге бағытталған іс – әрекетті жоспарлаудан басталады , көп жағдайда заттың түрін және презентация формасын анықтау , ақпаратты жинастыру;
-Жобамен жұмыс істеу нәтижесі – жобаны іске асыру , дайын жұмыс.Жобаға қатысушылардың негізгі міндеті – зерттелетін тақырыпты таңдау,математиканы оқытуда жобалау іс – әрекетінің көрсетілу түрлері:
-Баяндама; - Слайд – презентация;
-Ғылыми баяндама; - Көрме
-Макет; - Сабақ үлгілері
-Ғылыми конференция.
Жобалап оқыту технологиясының белгілері:
- өз бетінше ойланып, жұмыс істей білу;
- өз білімі мен біліктілігін практикада қолдану;
- керекті ақпаратты жинау ,іздеу іскерлігі;
- жан – жақты болу;
- оқушының табиғи қызығушылығы арқылы белсенділігінің артуы.
Жобалап оқыту технологиясының мінездемесі:
- жеке басының ерекшелігі;
- жеке басының іскерлігі;
- топпен жұмыс істей білу, топта өзін ұстай білу қабілеттілігі;
- өз ойын еркін жеткізе білуі ,өзін көрсете білуі;
- ойлану бағытында және практикалық жұмыс бағытында өзінің шешім қабылдауы;
-ұжымшылдыққа, жауапкершілікке,әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Бұл жобалап оқыту технологиясы математика сабақтарында оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде де қарастырылады.[2],[5]
Жобалап оқыту технологиясы.
Соңғы кездерде мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде «жоба» деген сөз жиі кездесуде. Жоба - латынша PROJECTUS – “алдын ала” (Д.Дьюи, У.Килпатрик, С.Шацкий) деген мағынаны береді.
Жоба - мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс- әрекеттер жүйесі.
Бүгінгі күні қоғам-жоғары оқу орнын бітірушілердің білімінің сапасына ғана емес,олардың өз бетінше жұмыс істеуіне,проблемаларға ғылыми көзқараспен қарауына,оны шешу жолдарын іздестіруді талап етіп отыр.
Жобалап оқытудың негізгі міндеті-пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.Жобада оқушылар әр пән мұғалімдерімен бірлесе отырып білім алады.Жетекші мұғалім жобаның әр кезеңін қатаң бағалауы керек. Себебі қадағалау дұрыс болмаса алға қойылған мақсат өзгеріп,басқа нәтиже көрсетілуі мүмкін. Жобада оқушылардың ізденіс,ғылыми бағыт,бір-бірінің еңбегін бағалау яғни,ұжымдық қызметі айқындалады.Жоба таңдау кезінде мұғалім өтілген тарауды бойынша оқушыларға тақырып таңдауды ұсынады.[3],[5]
Жобаның кезеңдері:
1-кезең.Жобаның тақырыбын ұсыну.
2-кезең. Жобаның белгілі бір тақырыбын таңдау.
3-кезең. Жобамен жұмыс жасаудың әдістері мен ресурстарын, қорытынды ұсынудың формасын таңдау.
4-кезең. Жобамен жұмыс.
5.кезең.Жобаны ұсыну.
Жобанының қорытындысы сабақ кезінде,сабақтан тыс яғни апталықтарда,лездемелерде, сынып сағаттарында ұсынылады.Осыған орай төменде 6-сыныпқа арнап құрылған « Өмірдегі симметрия» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: «Өмірдегі симметрия»[4]
Сабақтың құрылымы:
І бөлім: «Симметрия» тақырыбын қайталау
ІІ бөлім: «Симметрия өмірде» жобаны қорғау
ІІІ бөлім: Қорытындылау .Бағалау
Жобаның мақсаты мен міндеттері:
Симметриялы фигураларды салу әдістерін қолдана білуге бейімділігін қалыптастыру.
Оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.
Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жобаның жоспары:
1.Жан-жағымыздағы сұлулықты неден байқауға болады?
2.Симметрияның әр салада қолданылуын анықтау
3.Жоба бойынша материалдар даярлау
4.Жинақталған материалды өңдеу
5.Жобаны қорғау
Оқушыларды топқа бөлу:
1-топ: «Осьтік симметрия» 2-топ: «Центрлік симметрия»
Негізгі сұрақ:
Симметрия-бұл гармония ма, көріктілік пе әлде заңдылық па?
Барлық топқа мәселе сұрақ:
1. Өмірде кездесетін симметрияларға мысалдар келтіре аласың ба?
2. Симметриялы фигуралар жан-жағымызда нақты кездесе ме?
Оқу сұрағы:
Осьтік тобына сұрақ: Центрлік тобына сұрақ: 1. Өсімдіктердегі симметрия 1. Центрлік симметрия дегеніміз не?
2. Жануарлардағы симметрия 2. Мысал келтір?
3. Адам денесінің симметриясы 3. Центрлік симметриялы фигураларды ата?
4. Зерттеу жұмысын жүргізу 4.Зерттеу жұмысын жүргізу ?
5. Жұмыстың нәтижесі 5. Жұмыстың нәтижесі Топтың аты: Центрлік симметрия[5]

Топтың аты: Осьтік симметрия


Әр топ өзін-өзі бағалайды Оқушылардың білімін бағалау
1. Берілген сұрақтар толық жауап берілуі 1. Өзін өзі бағалауы
2. Уақытына байланысты 2. Қателіктері мен кемшіліктер
3. Жұмыстың нәтижесі 3. Топтың түгел қамтылуы
4. Презентацияның безендірілуі 4. Презентацияның безендірілуі
5. Сөйлеу мәдениеттілігі 5. Қорытынды
«Естігенімді ұмытамын, көргенімді -есте сақтаймын, өз істегенімді -меңгеремін»
Конфуций
ІІІ. Қорытынды.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалап оқыту технологиясын қолдану арқылы мұғалім оқушыларды болашақта өмірлік жол табуына жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті негізгі білім беру стандарты
«Математика және физика» журналдары 2013ж,№6
«Математика және физика» журналдары 2013ж,№3
4.Математика 6- сынып «Атамұра» 2011ж
5.Интернет материалдары