Презентация по биология на темуБиология саба?ында жобалау технологиясын ?олдану тиімділігі


Мұрынова Ақмарал Исақызы 1963.03.12.Жаңашаруа орта мектебіБиология пәні мұғаліміЖоғары біліктілік санат Баяндама тақырыбы:БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІМұрынова Ақмарал Исақызы биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі Мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетін қалыптастыру, жаңа педагогикалық технологияларды оқу – тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушылардың биологиядан білім сапасын арттыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Бұл баяндамада жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қазіргі оқыту технологиялардың бірі жобалап оқыту технологиясының тиімділігі қарастырылған. Жобалау технологиясы оқушылардың дербестігін, ынталылығын, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді. Осы технология ХХ ғасырдың 20 жылдарында АҚШ – та жарық көрді және оның негізгіидеяларын Дж.Дьюи мен У.Килпатрик жасады. Негізгі идеяларбала өзі таңдаған іс - әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды;іс - әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену;шынайы оқыту ешқашанда бір жақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.Карл Фрей жобалау әдісінің 17 айырықша белгілерін атап көрсетті. Олардың бірнешеуін келтірейік:жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді;жобаға қатысушылардың оқыту түрі туралы бір – бірімен келіседі;жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді;жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады;жобаға қатысушылар бір – біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп отырады;жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады. Жобалап оқыту мақсаты:· жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуі;· танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалану;· әр түрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеру,· зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) дамыту;Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:· басты назар – оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді;· оқыту процесі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс - әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын артырады;· жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді;· оқу жобасын комплексті жасау оқушының негізгі физиологиялық және психологиялық қызметінің тепе – тең дамуына септігін тигізеді;· базалық білімнің терең де саналы меңгерілуі оның әртүрлі жағдайларда жан – жақты қолданылуы есебінен қамтамасыз етіледі. Зерттеушілік жобалар ғылыми проблеманы шешуге бағытталған. Мұнда тақырыптың көкейтестігін, мақсатын, міндеттерін, зертеу нысандарын, нәтижелерді талқылау мен қорытындылау өте маңызды. Бұл жобаларды сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта жасауға болады. Мысал ретінде аймақтағы экологиялық проблемаларды шешуге, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалануға, өсімдіктерден қажетті дәрілік заттарды алуға және т.б. жобаларды келтіруге болады. Кез – келген зерттеушілік жоба дайындауда оқушылардың шығармашылық қабілеті оянады. Жобалау технологиясы биологияны оқытуда екі бағытта болуы керек:1.Жоба оқу тақырыбымен байланыста болады, яғни сабақта қарастырылады.2.Жоба іс - әрекетін сыныптан тыс уақытта қолдану (сабақтан тыс іс - әрекет) ЖОБАЛАУ ТИПТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІУақыт мерзіміне қарайҚысқа мерзімдіОрташамерзімдіҰзақмерзімдіДидактикалық құралдардықолдануынақарайІс-әрекеттің басымдылығынақарайДәстүрліАқпараттық жәнекоммуникациялықЗерт-теушіліктанымдылық Шығар- машылық Ойын практикаға бағдарлыЖобаға қатысушыларсанына қарайИнтеграциялау деңгейінеқарайжекеұжымдыққосарлытоптықПәндікПәнаралық1 – сурет. Оқытуда қолданылатын жобалардың жіктелуі Жобалармен жұмыс істеу кезеңдеріҚазіргі кезде жобаны мынадай кезеңдерден құру кеңінен орын алған: жобалық тапсырманы дайындау; жобаның өзін құру; нәтижелерді алу; көпшілікке таныстыру (презентация); рефлексия. Жобалау іс - әрекетін ұйымдастыру үшін мұғалімнің белгілі – бір дайындығы болуы керек. Жоба жасаудағы ең маңыздысы – проблеманы анықтау, соның нәтижесінде жоба жасалынады. Мұнда проблема оқушыларға дайын күйінде ұсынылады, олар проблемалық жағдайларды негізге ала отырып өздері проблеманы тұжырымдайды. Мысал ретінде биология пәнінің 11 – сынып оқушысы аудандық ғылыми жарыстардан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Жаңашаруа қазақ орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Қосщиева Гүлзаттың жобасын келтірейік. Тақырыбы: Жергілікті жерде кездесетін өсімдіктердің емдік қасиеттері Зерттеудің мақсаты: Халық медицинасында пайдаланып жүрген өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктердің түрлерімен таныса отырып, оларды бір – бірінен ажырата білуге, емдік қасиеттерін айыра білуге баулу болып табылады.Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы (гипотезасы):Егер, дәрілік өсімдіктерді іріктей біліп, пайдалану мүмкіндіктерін айқындай отырып, әдістемелік ұсыныстар жасаса, онда мектеп қабырғасында – ақ өсімдіктерді бағалай білетін, елін, жерін, табиғатын қорғай білетін санасы жоғары тұлға қалыптасады.Зерттеудің теориялық мәнділігі:Өсімдіктердің түрлерін ажырата білетін, негізгі ерекшеліктерін анықтай алатын, ғылыми жобаны жаза білетін тұлға қалыптастыру.Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі:Ғылыми жұмыстың кіріспе, теориялық зерттеу бөлімдерін өз бетімше орындадым, ал тәжірибені жетекшім Мұрынова Ақмаралмен бірлесе отырып орындадым.Зерттеудің практикалық мәнділігі:Өсімдік медициналық препараттардың сарқылмас көзі екенін, улы деген өсімдіктердің өзі пайдалы екенін анықтады.Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі:Дәрілік өсімдіктердің негізгі ерекшеліктеріне, түрлеріне талдау жасалынды.Дәрілік өсімдіктердің морфологиялық сипаты айқындалды.Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері, емдеу тәсілдерінің тиімді жолдары мен қолдану әдістері анықталды. Жұмыстың орындалу әдістері:Өсімдіктердің түрлерімен танысу, өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді жинақтау, дер кезінде кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындау жанға шипа, дертке дауа екенін анықтады.ҚорытындыТабиғатпен жан – тәніміз бірге болғандықтан биология әлеміне деген қамқорлықта көп болғаны орынды. Қазіргі заманда өсімдіктер дүниесін қорғау бүкіл жас ұрпақтың қасиетті парызы.Бүгінгі білім беру процесінде оқушының бақылау жұмысында танымдық дербестікті дамыту құралы ретінде қызығуды қалыптастыру проблемасының мәні барған сайын ұлғайып келеді. Өйткені,бүгінгі өмір оқушыдан ұдайы құбылып отыратын қоршаған әлем бағдарын таба білуді талап етеді. Туған өлкенің өсімдіктер тіршілігін зерттеп, бақылаудың нәтижесінде оқушы өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімделуін, ерекшеліктерін анықтап көрді, бақылады.Өсімдіктердің дәрілік құрамын және оны ата – бабаларымыз бұрын қалай пайдаланда және казір қалай пайдаланатыны жөнінде ізденіс жұмысы жүргізіліп анықталды. Дана қазақ халқы «Бірінші байлық - денсаулық»,- деген екен. Денсаулығымыз мықты болуы үшін «Мысқылдап кірген ауруды» дәрілік өсімдіктермен емдеп шығаруға болады. Дертке дауа болатын дәрілік өсімдіктер денсаулығымызды сақтауға көмектеседі.Иә, табиғат сырына қаныға түскен сайын адамзат оның құпиясын барынша ашып, оны қорғай отырып, қажетіне жарата білуі тиіс екенін әрбір ұрпақ есінде сақтауы тиіс.Ұсыныс:Зерттеу нәтижесінде біз дәрілік өсімдіктердің (тамырын, сабағын, жапырағын және тұқымын) мүшелерінен дәрілік қайнатпа жасау арқылы дәрі алуға болады.Тәжірибе көрсеткендей ақшаға сатып алатын дәрінің орнына үй жағдайында дайындалған дәрілік қайнатпаларды пайдалануға болады. Дәрілік өсімдіктерді дәрі ретінде пайдалануға болатынын ұсынамыз. Биология сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын артыру үшін сабақта түрлендіріп, өмірімен байланыстырып отырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын. Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмас үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып, күнделікті жоспарға өзгерістер ендіріп, сайыс, дебат, ХХІ ғасыр көшбасшысы түрінде сабақтар өткіземін. Және сабақта оқытудың интерактивті әдістері мен СТО бағдарламасының кейбір элементтерін көп қолданып жүрмін. Сонымен бірге биология сабақтарында оқушыларға мынандай талаптар қоямын:үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу;оқыған материалды биологиялық тілде айтып шығу;тақырыпқа байланысты кесте жасау, тірек - сызбасын сызу, негізгі терминдерді жатқа айту;тақырыпқа сай өз пікірін айта білу,қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен тақырыпты толықтыра білу.Осы талаптарды өз деңгейінде орындаған оқушыны қабілетті деп танып, ол оқушымен мынадай жұмыстар жүргіземін.Оқу материалын толық игеру: Жарыстарға қатыстыру:- салыстыру; - ғылыми жоба жарысы;- кесте, тірек – сызба; - білім сайысы;- биосуреттермен жұмыс, - ХХІ ғасыр көшбасшысы.Тұлғаны тану Дарынды баламен Тестпен жұмыс жұмысАнықтамалармен жұмыс Қосымша материалмен жұмысжаздырту,есте сақтау; Жобалау технологиясын қолдану оқушыны зерттеу, іздену қабілетін шыңдайды. Оны жобалау технологиясының мынандай тиімділігінен көруге болады:оқушы пікірін ашық, іркілмей айтуға үйренеді;өз ойын дәлелді түрде жеткізе біледі;оқушының шығармашылық белсенділігі артады;ізденеді;өзіндік көзқарас қалыптасады;сөйлеу мәдениеті қалыптасады;материал жинақтап үйренеді;зертеу жұмысын жүргізеді.Нәтижесінде оқушы оқулық материалымен шектеліп қана қалмай, қосымша материалдармен өз білімін толықтырады, кез – келген биологиялық заңдылықтарға талдау жасай біледі, өзіндік пікір қалыптастырып, шешендік өнерді игерген тұлғаға айналады. Сонымен бірге оқу, сөйлеу, жазу белсенділігі артады. Өз тәжірибемде осындай тәсілдерді пайдалана отырып шығармашылық жұмыс жасайтын балалардың мынадай ерекшеліктерін анықтадым:Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр өзін тануға құштар келеді.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады.Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады.Ақыл – ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды. Осыны ескере отырып, зерттеу жұмыстарын жасату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдадым және тест әдістерін түрлендіре отырып, жылдан – жылға оқушыларымның есте сақтау қабілеттерінің артқандығын байқадым. 2006-2007оқу жылынан бастап оқушыларым ғылыми жұмыстармен айналысуға бел буды, ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы оянды. Сол кезеңнен бастап өзім жүргізетін биология пән үйірмесін «Жас зерттеуші» деп алып, оқушыларды түрлі зерттеу жұмыстарына баули бастадым. Оқушылардың ой – пікірлерін тыңдап, олардың ойларын жетілдіре түсіп, қосымша тапсырмалар беру арқылы, оқушылардың ғылыми ізденіске баулу мақсатында жұмыстар жүргізе бастадым. Оқушыларға жыл басында тапсырмаларды бөліп бердім, олар жыл бойы ізденіп жұмыс жасады. Нәтижесінде жыл аяғында мына әдіспен бағаладым:Сонымен бірге оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуға деген құлшынысын одан ары арттыру мақсатында «Зерттеу шеберлігі үшін», жасына қарай «Ең жас зерттеуші» бағамдарымен марапаттап отырдым.№Аты– жөніТақырыбыТ-ңөзек-тілігіТаным-дық құнды-лығыЭкс-пери-мент Ой қоры-туЗерт -теушебер-лігіЖұмысқұры-лымыБаян -даутіліҚоры -тынды Нәтижесінде бірнеше оқушыларым екі жыл бойы ізденіп түрлі тақырыптарда ғылыми зерттеу жұмыстарын жазып, облыстық ғылыми конференцияларда өз еңбектерін қорғап шықты. Атап айтқанда, 2007 – 2008 оқу жылында 11 – сынып оқушысы Мұқанова Нұрбану облыстық « Алғыс хатпен» марапатталды. Осы жылы 11 сынып оқушысы Қосщиева Гүлзат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2010 – 2011 жылғы Республикалық ғылыми – танымдық педагогикалық журналда ұйымдастырылған «Жас биолог» сайысына шығармашылық топ «Бәйшешек» тобы қатысып, нәтижесінде топ мүшелері – Амангелді Тоғжан, Болат Гүлбану, Тәттібай Ақжол, Мұхтарова Фаризат, Аманжол Қайдар, Қасымғали Гүлмарал, Орынбасарова Эльмира «Жас биолог - 2011» сайысының алғыс хатына ие болды. Жетекшімен оқушының ғылыми жұмысындағы әзірлік Оқушыларды бөлме өсімдіктерін күтіп баптауға үйрету тәжірибемнен Бөлмеде өсірілген қарбыз ҰБТ-ға дайындалу кездері «Жас биолог - 2011» сайысының алғыс хатына ие болған «Бәйшешек» тобы НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!