Ж?йке ж?йесіні? б?лімдері 8 сынып


Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері.Жұлынның құрылысы.
Сабақ мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларды жүйке жүйесі, жұлынның құрылысы мен бөліктерінің қызметімен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуын, кітапқа қызығуын арттырып, онымен жұмыс істей білу, тақырыптағы басты нәрсені тауып, мағынасына қарай бөліктерге бөліп, олардың байланысын тауып, логикалық сызбаны толтыруға үйрету.
Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу;
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекілігі:слайд
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасы тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ Топтарға тапсырма беру:
І топ. Сілтеме табушылар. «Жұлынның құрылысы мен қызметі» (мәтінді оқып, жаңа ұғымдарды табыңыздар) ІІ топ. Баяндаушы топ. «Жұлынның қызметі» (оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып ортаға қорғау) ІІІ топ. Ізденуші топ. «Жұлынның құрылысы» (оқулықтағы 27-26 суретті талдау, қосымша мәліметтермен жұмыс)
ІV.Бекіту . Әр топ тақырып бойынша сұрақ құрастырады. Құрастырылған сұрақтарын парақшаға жазып, қарсы топпен алмастырып орындайды
V.Үй тапсырмасы. §13 оқып-білу, сұрақтарға жауап беру
Терминдерге анықтама жазу, жаттау
Шығармашылық жұмыс «Жұлының зақымдануының адам өміріне қауіптілігі» тақырыбында презентация жасап келу немесе реферат дайындау
«Жұлынның адам ағзасы үшін маңызы» (эссе жазу)
VІ.Бағалау