Д?ниетану п?ні Та?ырыбы: Ж?йке ж?йесіні? гигиенасы


Дүниетану
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің гигиенасы.
Мақсаты: Оқушыларға жүйке жүйесінің гигиенасы мен таныстыру.
Білімін, тілін дамыту. Байланыстыра сөйлеу сөздігін
қалыптастыру.
Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Жүйке жүйесінің қызметі қандай?
2.Жүйке жүйесі неден тұрады?
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:
1.Сұрақтарға жауап алу.
2. Үй тапсырмасын қорытындылау
IV. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау . Жүйке жүйесінің гигиенасы
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мақал-мәтелдердің мағынасын оқып түсіндіріңдер.
а) Шомылған бойын сергітеді, Оқыған ойын сергітеді
ә) Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
2.Жүйке жүйесінің гигиенасы. Түсіндіру.
3. Сергіту сәті
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Оқушыларға 38-40 беттерді оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей.
2. Тест:
1. Адам денесінің сүйектері ненің бұйрығымен қимылдайды?
а) сіңірдің; б) бұлшық еттің;
ә) мидың; в) омыртқаның
2. Қан тамырлары адам ағзасын немен қоректендіреді?
а) қоректік зат, оттегі, сумен, дәрумендермен;
ә) газбен, оттегімен, тамақпен, қанмен;
б) сумен, көмірқышқыл газбен, қоректік затпен, оттегімен;
в) оттегімен, дәрумендермен, көмірқышқыл газбен, сумен.
3. Терінің ең негізгі қызметі:
а) қорғану; б) безендіру;
ә) сұлулық; в) қоректендіру.
4. Жүрек ... мүшесі.
а) қан айналымы жүйесінің; б) тыныс алу жүйесінің;
ә) бұлшық ет жүйесінің; в) ас қорту жүйесінің.
5. Жүйке жүйесінің қызметін:
а) сезім мүшесі, жүйке, ми; б) жүйке, жұлын, жүрек;
ә) жүйке, жүрек, ми; в) сезім мүшесі, ми, жүрек.
VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: оқу, мазмұндау.
2.Бағалау.