MS Excel электронды? кестесіндегі формулалар, функциялар


М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗККА АҚТАУ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ

«БЕКІТЕМІН»
Оқу ісі бойынша директор орынбасары
___________________ А.Н.Жамурова
« _____ » _________________201__ ж.
Ашық сабақ
Тақырыбы: MS Excel электрондық кестесіндегі формулалар, функциялар
Пәні: информатика
Ақтау – 2017 ж
Алиева Гүлзипа Габдуллаевна –
М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік
колледжінің информатика пәні оқытушысы
“...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу игеру және жетілдіру - бүгінгі, жастар, сіздердің еншілеріңіз”
Елбасы
Мамандығы: 1108000 - Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету
Тобы: 1 курс, ЭиР -9/16-01
Пәні: информатика
Мерзімі: 06. 02. 2017ж.
Сабақтың тақырыбы: MS Excel электрондық кестесіндегі формулалар, функциялар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: студенттерді Microsoft Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін таныстыру, программаны іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері туралы түсінік беруТәрбиелігі: жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, студенттерді шапшаңдыққа, ептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге баулу. Дамытушылығы: студенттердің білімділік, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, олардың ой - өрісін дамыту. Есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикумСабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, көрме, таратпа материалдар, бағдарламалық қамтамасыздандыру, қалпақ, фишка.
Пәнаралық байланыс: математика, экономика.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру: RAdmin, MS Power Point, MS Excel, Elite PanaBoard
Педагогикалық технология: сыни тұрғыдан ойлау технологиясы – Де Бононың алты қалпақ әдісі, жеке жұмыс, ыстық алақан, венн диаграммасы. Деңгейлеп оқыту технологиясы элементтері.
Сабақтың жүру барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин
ІІ Жаңа сабақ- 34 мин
Теориялық бөлім - 12 мин
Практикалық бөлім - 22 мин
III Зертханалық жұмыс бойынша есеп жазу. Сабақты бекіту. Қорытындылау – 6 мин
IV Бағалау - 1 мин
V Рефлексия – 1 мин
VI Үйге тапсырма – 1 мин
І ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ – 2 МИН
1. Студенттермен амандасу; 2. Студенттермен түгендеу;
3. Психологиялық дайындық.
Топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізу, яғни студенттер отырғаннан кейін бір - бірлерінің қолынан ұстап, бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді, сәттілік тілейді.
Психологиялық дайындықтан кейін, студенттерге смайлик түріндегі сары карточка (айыппұл) таратылады. Егер де студентке топтасы (группаласы) дөрекілік танытатын болса, студент ол топтасына сары карточка беруі мүмкін, сәйкесінде алғыс та білдіруі мүмкін.
Сабақтың соңында студенттер бағалануы кезінде қатты дөрекілік танытқан, тәртіп бұзған студенттің бағасы кемітілуі де, артылуы да мүмкін, бірақ міндетті емес.
ІІ ЖАҢА САБАҚ - 12 МИН
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
ӨТКЕНДІ ЕСКЕ ТҮСІРУ
Бүгін бізде практикалық жұмыс. Бірақ, біз практикалық жұмысқа кіріспес бұрын біз өткен сабақта қандай тақырып өткенімізді еске түсірейік, теориялық мәліметті қайталайық.
1 Өткен сабақта біз қандай тақырып өтіп едік ?
2 Электронды кесте дегенімізді қалай түсінесіңіздер? Соның ішінде қандай есептер ?
Электронды кесте – есептеулер жүргізуге, яғни есеп шығаруға арналған бағдарлама. Электрондық кестелер көмегімен әр түрлі экономикалық, бухгалтерлік және инженерлік есептеулерді орындауға болады.
3 Электрондық кестенің қандай түрлерін білесіздер ? Неліктен MS Excel бағдарламасын таңдадық ?
4 MS Excel электрондық кестесінің қандай негізгі түсініктерін білесіздер ?
Сөзжұмбақтан теріңіз.

5 MS Excel – дегі есептер ненің көмегімен шығарылады? Формула дегеніміз - ...?
Функция дегенімз - … ?
Формула, функция. MS Excel – де есеп шығарган кезде формулалар пайдаланылады. Кез келген формула «=» белгісінен басталады. Функция – формуланын автоматтандырылған түрі.
6 Енді тақтаға қарай қояйық, біздің алдымызда екі суреттің фрагменттері шатасып тұр, сол фрагменттерді кім орнына қойып көмектеседі екен?

Сурет 1 MS Excel электрондық кестесінің интерфейсі
Сурет 2 MS Word мәтіндік редакторының интерфейсі
7 Осы пайда болған MS Excel бағдарламасы мен MS Word бағдарламаларының арасында қандай байланыс бар, ортақ қасиеттерін, қандай ұқсастық пен айырмашылықтары бар екен, соны ким Венн диаграммасы бойынша кім анықтап береді?

Соынмен, MS Excel электрондық кестесі есептеулер жүргізуге арналған бағдарлама болса және сол есептер формула, функциялар көмегімен шығарылатын болса, бүгінгі біздің практикалық сабағымыздың тақырыбы қандай екен?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: MS Excel электрондық кестесіндегі формулалар, функциялар
Сабағымыздың мақсаты: MS Excel электрондық кестесінде формула, функцияларды қолданып, MS Excel электрондық кестесімен жұмыс дағдысын нығайту.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ – 22 МИН
 1 деңгейдегі тапсырма - Студенттің аттестациядан өткенін «Если» логикалық функциясының көмегімен тексеріңіз - 5 мин

Тапсырманы орындауға методикалық нұсқау:
Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:
С3 ұяшығын белгілеңіз.
Формулы – Вставить функцию командасын орындаңыз. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдаңыз.
ЕСЛИ функциясы терезесіндегі Логическое выражение тұсына В3 ұяшығындағы мәнді, 45% салыстыратын шартты жазамыз В3>=45%
Шартқа сәйкес:
Значение если_истина тұсына: «өтті» жазыңыз;
Значение если_ложь тұсына: «өтпеді» жазыңыз;
ОК батырмасын басыңыз;
2. Қалған ұяшықтар автотолтыру функциясы арқылы толтырылады.
X -3 -2 -1 0 1 2 3
Y 2 деңгейдегі тапсырма 2 деңгейдегі тапсырма Y= X2+4Х+Х2 функцияның [-3; 3] аралықтағы мәндерін есептеңіз – 7 мин
Тапсырманы орындауға методикалық нұсқау:
B4 ұяшығына Степень матемакалық функциясын қолданып, формула жолағындағы формуланы « = » белгісі арқылы енгіземіз. B4 ұяшығының мәнін формула, функция арқылы есептеп болғаннан кейін, қалған ұяшық мәндерін C4:H4 автотолтыру арқылы толтырамыз.

Жауабы:

3 деңгейдегі тапсырма Формулаларды қолданып, теміржолшылардың жалақысын есептеңіз. «Если» Логикалық функциясы көмегімен 200000 – нан жоғары жалақы алғандарды көрсетіңіз – 10 мин

Тапсырманы орындауға методикалық нұсқау:
С4 ұяшығына =В4*0,1 формуласын жазамыз да, С5:С6 диапозонын автотолтыру функциясымен толтырамыз;
Е4 ұяшығының мәнін =(B4-C4-D4)*0,1 формуласы арқылы есептейміз;
F4 ұяшығының мәнін =B4-C4-E4 формуласы арқылы есептейміз;
G4 ұяшығының мәнін логикалық функция Если арқылы есептейміз, яғни G4 ұяшығын белгілеңіз.
Формулы – Вставить функцию командасын орындаңыз. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдаңыз.
ЕСЛИ функциясы терезесіндегі Логическое выражение тұсына F4 ұяшығындағы мәнді, 200000 салыстыратын шартты жазамыз F4>=200000
Шартқа сәйкес:
Значение если_истина тұсына: «+» жазыңыз;
Значение если_ложь тұсына: «-» жазыңыз;
ОК батырмасын басыңыз;
Қалған ұяшықтар автотолтыру функциясы арқылы толтырылады.
Жауабы:

III «де Бононың» Алты қалпақ әдісін қолданып, САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ, практикалық жұмыс бойынша есеп жазу, сабақты бекіту, кері байланыс алу – 5 мин
Осы қалпақтарды таңдап сөйлеу, сендердің ойлау қабілеттеріңді дамытатын әдістердің бірі. Бұл әдістің авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Ендеше сіздердің пікірлеріңізді тыңдайық.
Ақ қалпақ сұрағы Электронды кестеге анықтама беріңіз
Қызыл қалпақ сұрағы MS Excel электронды кестесінің қандай қызықты, керекті элементтері бар
Сары қалпақ сұрағы
Автотолтыру функциясының мүмкіндіктері қандай
Қара қалпақ сұрағы Электронды кестеде формула мен функцияны енгізгенде қандай ереже сақтау керек
Жасыл қалпақ сұрағы MS Excel бағдарламасын қолданатын салаларды атаңыз
Көк қалпақ сұрағы MS Excel электронды кестесінің барлық мүмкіндіктері қолданылды ма
IV БАҒАЛАУ - 1 МИН
Бағалау парақшасы
№ Студенттің аты -жөні Теориялық мәлімет
(фишка саны) Практикалық жұмыс
(фишка саны) «Алты қалпақ»
Қорытындысы
(фишка саны) Like/
DisLike Қорытынды балл/баға
1 2 3 4 V РЕФЛЕКСИЯ – 1 МИН

Тақырыпты жақсы түсініп, меңгерген студенттер стикерлерді ЭСПО – 2017 логотипінің көк түсіне жапсырады, орташа деңгейде меңгерген студенттер жасыл түске жапсырады, тақырыпты «бүгінгі тақырыпты меңгере алмадым» деген студенттер болса, стикерді логотиптің қызыл түсіне жапсырады.
VI ҮЙГЕ ТАПСЫРМА – 1 МИН
Офистік бағдарламалар, кестелік редакторлар дамуының тенденциясы.
Google.com, mail.ru.
Информатика: Н. Б. Королева, И. Н. Кайдаш, Алматы, «Бастау» баспасы, 2012ж, 504ж. – 191 бет. «Microsoft Excel кестелік процессоры» тақырыбын оқу.