Урок ?оры?тар неге керек


Сабақ тақырыбы: Қорықтар неге керек?
Сабақ мақсаты:Топта жұмыс істеу арқылы оқушыларды зерттеушілік әңгімеге қатыстырып, сыни ойлау қабілетін, өз ойын дәлелді жеткізу, топта талқылау дағдысын дамытуМіндеттері:1.«Қорықтар неге керек?» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін жинақтау2.Тақырып аясында ізденісте болып, өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу, сұрақтарға нақты жауап беруге жаттықтыру3.Еліміздегі қорықтардың керектігін түсінуге бағыттауСабақтыңәдіс-тәсілдері:жеке, топпен жұмыс,түсіндіру,диалогті коқыту,сыни тұрғысынан ойлауСабақтың ресурстары:оқулық, үлестірмелі материалдар,слайдтар, ватман, түрлі түсті қағаз, маркер, стикерлер, А4 парақтарыКүтілетіннәтиже:оқушылартақырыпаясындаізденістеболып, қорықтаркеректігінтүсінеді, сөздікқорынпайдаланаалады,берілгенсұрақтарғаеркінжауапберіп,өзойларындәлелдейаладыСабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуалды жасау. Тапсырма: А4 парағына сол қолдың суретін салып, өзің туралы 5 сын есімді жазу, тақтаға ілу. Өз-өзін бағалау
2.Үй жұмысын тексеру: Сөзжұмбақ құру. Мұғалім бағалауы
3. Жаңа  сабақ.  Ой толғау.   Қорықтар  неге  керек?  Қорық-  дегеніміз  не?
Оқушылардың  жауабы(Кейбір жан - жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесін алғашқы табиғи  тіршілігін  сақтап  қалу үшін  қорықтар  қажет.)
Мұғалім сөзі: Қорық – ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы, Алакөл, Батыс-Алтай қорықтары бар. Қазақстан Қызыл кітабы біздің елде 1978 жылы ұйымдастырылған осының негізінде 9 қорық.
Топтарға бөліну. (жануарлар мен құстар)
1 деңгей – Білу. Миға шабуыл әдісі. Синквейн жасау «Қорық» топтық жұмыс. Критерий бойынша бағалау.
2-деңгей - Түсіну. «Қорықтар неге керек?» мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.Топтар бір-бірін бағалайды.
3-деңгей - Қолдану. Оқулықта 3-тапсырма, 118 бет. Сөйлемдерді ретімен жазып, мәтін құрап, әңгімелеңдер. (Слайд пайдаланып, дұрыс құрылған сөйлемдерді әр оқушы өз жұмысын тексереді) өзін-өзі бағалау
4-деңгей – Талдау. 5-минуттық эссе. Берілген сұраққа жауап береді. Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай үлестерін арнайсыңдар. «Бас бармақ» бағалауы
5-деңгей – Синтездеу 1. Тестпен жұмыс:1. Қазақстанда ... қорық бар.
А) 8     Б) 9     С) 10
2. Қорғалжын қорығы ... құрылған.
А) Ақмола облысының су-батпақты аймағында     Б) Алматының қасында     С) Арал теңізінің қасында3. Барсакелмес қорығы ... жылы құрылды.
А) 1930     Б) 1968     С) 1939
4. Алматы қорығы ... құрылған.
А) ІлеАлатауында     Б) Ақмола облысында     С) Маңғыстауда5. 1926 жылы ... қорығы  ұйымдастырылды.
А) Алматы     Б) Барсакелмес     
С) Ақсу - Жабағылы6. Наурызым қорығы ... жылы құрылды.
А) 1934     Б) 1930     С) 2004
7. 1992 жылы қай қорық құрылды?
А) Алматы     Б) Ақсу – Жабағылы     С) Батыс Алтай
8. Қорықтар ... мақсатымен құрылды.
А) Сирек кездесетін жануарларды сақтау      Б) Табиғаттағы флора мен фаунаны азайтуС) Жұмыс орындарын ашу9. Қоқиқаз ... мемлекеттікқорығыныңқұсы. 
А) Алакөл     Б) Марқакөл    С) Қорғалжын10. Аралда ... қорығы орналасқан.
А) Барсакелмес      Б) Наурызым    С) ҚаратауКритерий бойынша бағалау «5» - 0-1 қате, «4» – 2-3 қате, «3» - 4-5 қате, «2» - 5-ден астам
6- деңгей – Бағалау. Әр оқушы өзінің бағалау парағынан баға қойылады. Түрлі түсті қағаздан ұшақ макетін жасап, ұшақтың екі қанатына өз тілектеріңді мен алған әсерлеріңдіжазыңдар. Топтар ұшақ макеті арқылы  тілектер мен әсерлерін жазады. Жазғанын айтып «ұшақтарды» ұшқызады
Үй жұмысы: «Қорықта адам өзін-өзі қалай ұстау керек?» тақырыбына жадынама құрастыру