Разработка урока на тему Таби?атым –тал бесігім


Мақсаты: Балаларға табиғат туралы түсінік беруде бүкіл әлемдегі тіршіліктің төрт құдіреті күн,ауа,жер,су екенін түсіндіру,табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға қамқорлық жасауға, туған табиғатқа сүйіспеншілікпен, мақтаныш сезіммен қарауға баулу, мақал-мәтел, жұмбақ, нақыл сөздер өлеңдер айтқызу арқылы Отанға,туған жерге,елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: слайд
Барысы
Гимн орындалады.
Мұғалім: Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат меиірімен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.
Табиғат-әсемдіктіңтөркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын,- деп осыөлеңжолдарымен тәрбие сағатын бастайиыз.
1-жүргізуші: Ата-бабамыз Алыстан алты жасар бала келсе, Алпыс жастағы қария сәлем береді»-деген Ассалаумағалеикум!
2-жүргізуші:Туған жер - алтын бесік асыл анам,
Ауаңмен ақ сүтіңмен асыраған.
Мен дағы ұлың едім өзің тектес,
Алысқа нәсібішашыраған.
1-жүргізуші: Жаралған Жер - ана зыр айналып ғаламды,
Арқасына қондырып аялаған адамды.
Әсте ана баласын жаман болсын дерме екен?
Сол секілді адамды аялайдыЖер мекен.
2-жүргізуші :Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені.
1-жүргізуші: Адамдаржер сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстіндеашты сен тіршіліктің есігін
Онымен кіндіктес жаның да,қаның да
Жер жаһан аялаптұр алақанында
2-жүргізуші:Табиғат-адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
1-жүргізуші:Табиғат ананықұрметтеу- Қазақстанның әрбір азаматының борышы себебі бәрімізде Табиғат ананың перзентіміз,адамның бүкіл өмір сүруінің діңгегі саналатын,табиғатты қастерлеу,өсіпкеле жатқан ұрпаққа үирету,барды жоғалтып алмау-біздіңмақтанышымыз.
2-жүргізуші:Елбасының Қазақстан-2030» жолдамасында туғанжер айтылған табиғатын қорғайотырып,салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз екенін, сондықтан осы ауылымыздыгүлдендіруге, көркейтуге,табиғатты қорғауға қатысу керектігі айтылған. Ол үшін не істейміз?.
Ағаш егеміз,көкті жұлмаймыз,туған ауылымыздың табиғатынқорғаймыз.
1-жүргізуші:Табиғат сөзі-кең ұғым. Табиғат-өзіміз тіршілік ететін орта.
Табиғат-адам үшін қажет тауа,су,топырақ,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Жердің бетіне шыққан бау-бақша мен дәнді-дақылдар,адам баласына жейтін ас. Орман тоғайы мен тау-тасы,шалғыны мен шабындығы.Осының бәрі аспаннан қар,жаңбыр жауып,су келсе ғана көктеп көгереді. Ал сол көкті жеп тойынған мал-адамның ішер асы,киер киімі.Осы себепті ата-бабаларымыз «Жер-қазына,су-алтын,мал-байлық»-деген. Ал енді, балалар сіздердің ой-пікірлеріңізді ортаға салайық.
Келесі кезекті оқушыларымыздың ой – пікірлеріне берейік.
Алия: Су-тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Сулы жер-нұлы жер»деген мақал бекер айтылмаған. Су адам жүрегіне жыр,көңіліне нұр,сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ,ол-ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
Жәнібек: Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады
Еңбегіңді есесінен беретін
Жақсылықта топырақтан шығады.
Бәйімбет: Табиғат-ол өсімдік. Өсімдік-бұлжасылжелек,көкмайса құрақ,қызыл-жасыл гүлдер.Өсімдік ашыққанда тамақ,шөлдегенде сусын,ыстыққа көлеңке,сая,суықтапана,ауырғанда дәрі. Өсімдік-таза ауа,еліміздің дәулеті жасыл желек орман.
Куанышбек: Табиғат- ол Жануарларәлемі. Жүгірген аң,ұшқан құс, дала ажары ақбөкен,әні мен сәні бұлбұл,су аруы Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
Хор:
Қазақстан қойнауы құт,
Жасыл мекен.
Еліне бақ орнаған
Атамекен
Тәуелсіздік төрінде
Нұр құяды көңілге
О,жас ұлан,еліңнің
Ертеңі үшін ерінбе
Ел ертеңі өз қолымызда
2-жүргізуші:Келесі кезекті әнге берейік: «Атамекен» әні
Орындайтын:Османов Қуаныш, УркенбаевЖанкелді
1-жүргізуші: Кезектіақын,ғалымдарымыздың өнегелі өсиеттеріне берелік.
«Отансыз бақыт жоқ кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы-туған жері». И.С.Тургенов
«Ақ сүтін беріп аялап өсірген ананы қалай сүйсең,еліңді де солай сүю-қасиетті борышың». М.А.Шолохов
О,дариға алтын бесік,туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Сүйем сені туған ел-ата мекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең. Қасым Аманжолов
Қанат: Жер… Қасиетті де қастерлі жер.Сен ыстықсың бәрінен де.Cенің бойыңда өзекті жанды өзіңе тартып тұратын керемет күш бар.Жер,қандай қасиетті сөз осы бір сөзде бүкіл тіршілік тынысы тұрғандай.Бұл сөздің терең мағынасын адам тілімен айтып жеткізі алар ма, сірә.
Бауыржан: Мен рахметті алдымен жерге айтар едім,өзімді дүниеге келтірген,маған бақыт әперен,жомарт төсінде дән дариясын тасытқан,о,қасиетті Жер Ана,сенсің менің ардақтым
Ерболат: Табиғаттың арайлансын ажары
Болмаса екен тартар оның азабы
Табиғатқа тазалықты тарту ет,
Тарқамасын аңмен құстың базары
Жүрекпен аялайық Жер-ананы
Байқйамысың жаны оныңжаралы
Табиғатқаазаматтықтанытар
Санын көбейт адамдардыңсаналы
Ақмарал: Табиғат арқау болсын ән мен жырға
Бөленсін атамекен шуақ нұрға
Ұлылыққа ұмтылғаннамысы бар
Көбейсін елімізде дара тұлға
Мән береиік ақыл-ойасқарына
Аққу ұшып самғасын аспанымда
Аялы алақанын аямайтын
Салиқалы сана бер жастарыма
Асия: Мұңлы неге пәк табиғат-Анамыз
Қазір біздің уланған ба санамыз
Балаңа арнап бақ өсір дегенсөзді
Қалай ғана тауып айтқан бабамыз
Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа
Жайқалсын өлкемізде жасыләлем
Бөленіп алақанның шуағына
Қуаныш: Жасыл әлем басты байлық, ырысым
Ол тұрғанда тарылмайды тынысым
Туған жерде өсіп тұрған әр ағаш
Ақындардың жүрегінің жырысың
Сол ағашты халқым да аялаған
Малын бағып,бауырын саялаған
Тамылжыған тамаша табиғаттан
Қамқорлығын ешқашан аямаған
Мирас: Қадір тұтып табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдына басиетін
Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын»деп
Бабам айтқан орынды өсиетін
Жел соқса әнге басыптербетіле
Жарасып тұр табиғат келбеті де
Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде
Сән түзеп,көрік берсінжер бетіне
Мөлдір: Табиғат қызығамын сенің суретіңе
Бас иемін сенің құдіретіңе
Тұрасың күллі әлемгенұр таратып
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде
Бағбан баба бау өсіріп жеріне,
Жасыл бақыт тарту еткен еліне
Бабалардан тағылымалғанұрпақтар
Тартып туар арғы ата-тегіңе
Жанар: Қазақстан туған жерім киелім
Қастерлеймін басымды да иемін
Табиғаттың таптырмас жан байлығын
Бәрін бәрін аялаймын сүйемін
Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған
Сен күнсің көтерілген күлімдеп
Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлбұлсың
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
Олжас: Атамекен-жанға жайлы сая бау
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау
Қанымызғасіңген екенсүтімен ананың
Туғанжердің табиғатын аялау
Сұлу дала менің сүйген өлкемсің
Жаны жайсаң жаратылғанеркемсің
Қандай жақсы қазақ болыптуғаным
О,туған жер тамашасың көркемсің
Мөлдір: Туған жерімөзіңе не жетеді
Далам менімәпелеп тербетеді
Құшағыңда өзіңнің перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді
Ыстық сезім мен де бар саған деген
Бақыттымын шынында,бақыттымын
Өзен-көлім,қасиетті даламенен
Ашық болса менің байтақ аспаным
Туғанжерім-бітпейтін бір дастаным
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не,керегі не басқаның
Жаңылхан: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман,жасыл жайлаукөлімменің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің
Ғажап қой сұлу көктем жаздың әні
Тыңдарсың ой жүректің сазын әлі
Шіркін-ай жер жетпейді бір өзіңе
Қойнауың тұнған байлық қазыналы.
Альнура: Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып
Құшақтап бір өзіңді туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып
Ұлмекен: Оу, қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау бабаңның
Емес пе еді басты ұраны!
Диннура: Орманы, тауы, сулары Қандай әсем нұр таңы
Алуан түрлі аңдары Табиғат толы аңғары Айдана: Әй, табиғат!
Шеберсің - ау, шеберсің
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің
Ұлан - ғайыр байлығыңдымісе етпей
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!
Кезекті мың бұралған биші қыздарымызға береміз:
Мақал- мәтелдер:
1.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
2.Ел іші алтын бесік
3.Ел елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы
2-Жүргізуші: Ерте, ерте ертеде « Жыл » есімді адам болыпты.Төрт баласынан он екі немересі азаматқатарына қосылғанда,ол кісі қартайып,көне көз қария атаныпты.Оның балалары мен немерелері бір-біріне ұқсамаған, мінез құлықтары әр-түрлі болыпты.
Жыл қарияның қызыкөктем келеді.
Көктем: -Мен келгенде күн жылына бастайды. Табиғат қысқы ұйқыдан,оянады. Түн қысқарып,күн ұзарады. Мен өзіммен бірге Жыл қарияның үш немересін еріте келдім.
Олар:Наурыз,Сәуір,Мамыр
Сарқыраған өзен күрілдеп
Алтын күн көктен күрілдеп
Табиғат қажан біткен,
Оянып бәрі дүрілдеп
Жаз кіріп келеді
Жаз: Мен жер бетін гүлге орап,табиғат сұлулығына рахаттандырамын. Үлкен кішіні шаттыққа бөлеймін. Мен де Жыл қарияның үш немересін еріте келдім. Олар:Маусым,Шілде,Тамыз
Құйқылжып құс сайрауда,
Қозы лақ ойнап жайлауда
Еркіндіктің күндері
Нәрін төккен маңайға
Күз де келіп жетеді.
Күз: -Менімен бірге еңбектеріңіздің жемісін көрсеңіздер. Қамбаларыңыз астыққа толады. Жыл қарияның немерелері Қыркүйек,Қазан,Қараша да келді.
Сарғыш тартып ағаштар жапырағы
Көңіліме көп сағыныш шақырады
Сары алтын сары дәнқырмандағы
Ән болып кең далада жатырәні
Енді қатал қыста келіп жетті.
Қыс: -Менсендердің төзімділіктеріңді, шыдамдылықтарыңдытексеремін. Мен де Жыл қарияның Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан атты немерелерін еріте келдім.
Ағаштар кеудесінде шатыр тігіп
Табиғат ұйықтағандайқалғып-мүлгіп
Құттықтап күннің көзікөк жүзінен
Ашылып жатыр кейдеаспан түңлік
2-жүргізуші: -Міне балалар Жыл қарияның төрт баласымен,он екі немересімен таныстыңдар. Жылдың әр мезгілінің өз қызығы,қуанышы бар. Бұлбізге табиғаттың сыйы Табиғатты сүйейік, бағалайық!
1-жүргізуші: Осымен «Табиғатым –тал бесігім» атты тәрби сағатымыз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рақмет.
Бүгінгі кешімізді «Туған жер» әнімен аяқтаймыз. Орындайтындар: Бекжигитова Молдір, Калбаева Ақбөпе.