Открытый урок казахского языка в 8 кл. на тему «?оры?тар неге керек?»


№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қорықтар неге керек?»
Мемлекеттік тіл пәні мұғалімі: Габитова Ж. Г.
Құлсары қаласы
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8 « Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қорықтар неге керек?»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: қорықтар туралы жан-жақты мәліметтер бере отырып, оқушыларды ауызекі сөйлеуге дағдыландыру
ә) дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық ізденістерін дамыту
б) тәрбиелік: оқушыларды табиғат байлықтарын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, аударма, іздену
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, бейнебаян, карта
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, география, биология
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Қызыл кітапқа» енген аңдар мен құстар (қабылан, барыс, арқар, аққу) туралы мәліметтер іздеу
Қорықтар туралы шығармашылық ізденіс
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қазақстан-бай өлке
2. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі
3. Қазақстан қорықтары
4. Марқакөл қорығы
ІV. Бекіту:
Мәтінмен жұмыс
а) Мәтінді оқу
ә) Сөздік жұмысы
б) Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар орындау
V. Қорытынды
Нені міндетті түрде білуіміз керек?
VI. Үйге тапсырма:
«Қорықтар неге керек?» мәтіні. «Табиғат және адамзат» тақырыбына шығарма жазу.
VIII. Бағалау
Пән мұғалімі: Габитова Ж.Г.