А?паратты есептеуіш желілер мен байланыс ж?йелеріні? аппаратты? ж?не ба?дарламалы? ?амтамасыздандырылуы

Сабақтың жоспары №4
План занятия
Бөлім күндізгі курс III топ АЖ-31 Уақыты
Отделение Группа Дата
Пән/предмет (дисциплина)«Ақпарттық ресурстар мен есептеуіш желілер»
Оқытушының аты-жөні / Ф.И.О. преподавателя Аманбек Өнергүл Аманбековна
1.Сабақтың тақырыбы / тема занятия Желінің жіктелуі
2.Сабақтың түрі және типі / Тип и вид занятия теориялық
3.Сабақтың мақсаты / Цель занятия; Компьютерлік жүйенің негізін, компьютерлік желіні құру қағидалары мен концепцияларының негізін студенттерге түсіндіру, ақпараттарды іздеуді, Интернеттен қажетті құжаттарды жүктеуді және электрондық поштаны құруды үйрету
4. Міндеттері:
4.1 Оқушыларға компьютерлік желінің түрлер түсіндіру
4.2 Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
4.3 Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
5. Күтілетін нәтиже:
5.1Оқушылар түсінуі тиіс: аумақтық және жергілікті желілер
5.2.Оқушылардың құндылық бағдары болуы: қазіргі желілік технологияларды айырады
5.3.Оқушылар жасай біледі: желі классификациясын
Сабақтың барысы
Ход урока
1.Ұйымдастыру кезеңі / Организационный момент (2-3мин) Сәлемдесу. Студенттерді түгендеу. Дәптерге күні мен сабақ тақырыбын жазғызу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.Қайталау(повторение) (10 мин) глоссарий тексеру, өткен материал бойынша сұрап шығуАқпараттық ресурстар: анықтамасы, мәні, оқу үрдісінің дамуына ықпалы? Желілік ақпараттық ресурстар категориялары
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (Изучение нового материала ) (40мин)
Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Компьютерлік желілер жергілікті (LAN), аймақтық (MAN) және дүниежүзілік (WAN) болып бөлінеді.
Компьютерлік желілер классификациясы:
I) Байланысатын түйіндер арасындағы қашықтыққа қарай келесі 3 классқа бөлуге болады: Жергілікті (локальные, LAN), аймақтық (региональные, MAN), аймақтық-таратылған (глобальные, WAN).
Жергілікті есептеуіш желілер (ЖЕЖ)– бір ғимарат немесе бір мекемеде орналасқан және бір-бірімен байланысқан компьютерлердің шағын тобы.
Аймақтық желілер – бір аудан, қала немесе аймақтағы бірнеше жергілікті желілерді біріктіретін желі.
Аймақтық-тартылған желілер – түрлі қалалар, аудандар және мемлекеттердегі компьютерлерді біріктіретін желі.
Аймақтық-таратылған желілер, аймақтық және жергілікті есептеуіш желілердің бірігуі көпдеңгейлі иерархияны (тармақты) құруға мүмкіндік береді және ол үлкен көлемдегі мәліметтер ағымын өңдеуге жеңілдік береді.
4. Пысықтау (закрепление) (20мин)
5.Үйге тапсырма (задание на дом) (4мин) Желі классификациясы
6. Қорытынды. Бағалау. (Оценка знаний, подведение итогов) (3 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысу деңгейлері бойынша бағалау
Оқытушы / преподаватель Ө. Аманбековна
Күні / Дата
Күні/ Дата
Директордың ОІЖО / Зам. директора по УР Н.Исеева
Сабақтың жоспары №5
План занятия
Бөлім күндізгі курс III топ АЖ-31 Уақыты
Отделение Группа Дата
Пән/предмет (дисциплина)«Ақпарттық ресурстар мен есептеуіш желілер»
Оқытушының аты-жөні / Ф.И.О. преподавателя Аманбек Өнергүл Аманбековна
1.Сабақтың тақырыбы / тема занятия Ақпаратты есептеуіш желілер мен байланыс жүйелерінің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы
2.Сабақтың түрі және типі / Тип и вид занятия теориялық
3.Сабақтың мақсаты / Цель занятия; Компьютерлік жүйенің негізін, компьютерлік желіні құру қағидалары мен концепцияларының негізін студенттерге түсіндіру, ақпараттарды іздеуді,
4. Міндеттері:
4.1 Оқушыларға компьютерлік желінің түрлер түсіндіру
4.2 Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
4.3 Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
5. Күтілетін нәтиже:
5.1Оқушылар түсінуі тиіс: Шина, сақина, жұлдызша топологиясын.
5.2.Оқушылардың құндылық бағдары болуы: қазіргі желілік технологияларды айырады
5.3.Оқушылар жасай біледі: компьютерлердің өз ара байланысын
Сабақтың барысы
Ход урока
1.Ұйымдастыру кезеңі / Организационный момент (2-3мин) Сәлемдесу. Студенттерді түгендеу. Дәптерге күні мен сабақ тақырыбын жазғызу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.Қайталау(повторение) (10 мин) глоссарий тексеру, өткен материал бойынша сұрап шығуЖелінің жіктелуі
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (Изучение нового материала ) (40мин)
«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелейқосылу болмайды. 
«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны;деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған
«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалдыкабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға»тікелей қосылады. 
4. Пысықтау (закрепление) (20мин)
Желі компоненттері: көпірлер, қайталауыштар, коммутатор, шлюз. Кабель түрлері.
5.Үйге тапсырма (задание на дом) (4мин)
Топологиялардың байланысы